Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері


Slide 1

қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы:Рефераттық жұмыстар жазу жолдары (баяндама)

Қабылдаған: Сабира Алимбекова

Орындаған: Халмуратова Муниса

Тобы: ППП-911

Slide 2

Жоспар:

1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

2. Рефераттың құрылымы

3. Рефератты ресімдеудегі талаптар

4. Рефератты қорғау

Slide 3

1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

- тақырыпты таңдап онымен танысу;

- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу

- әдебиттерді зерттеу

- жиналған материалдың жүйелілігі

- рефератты жазу

Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.

Slide 4

Әдебиеттерді зерттеуді тақырып атауынан бастау керек. Әдебиетті зерттеген кезде оларға кейін көңіл аудару үшін негізгі ойлар мен ережелерді, дәлелдерді, дәлелдемелерді, тұжырымдамаларды белгілеп алу керек. Келтірілген деректер мен маңызды тұжырымдамаларға көңіл бөліңіз, ыңғайлы болу үшін оларды карточкаларға жазып қойыңыз. Толық библиографиялық басылымды карточкада көрсетуді ұмытпаңыз. Әдебиет көздерін зерттеп біткеннен кейін жиналған материалды жүйелеу мен талдау жұмысы басталады. Карточкалар мен конспекттерді қарап шығу нәтижесінде қажетті мәлімет рефераттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Осы кезеңде жұмыстың соңғы жоспары анықталып, материалдың ой салуымен жаңа сюжеттер пайда болады. Егжей-тегжейлы жоспар жасау қажет. Сол уақытта рефераттың негізгі бөлігінің жалпы құрылымы анықталады.

Slide 5

Материалды топтастыру - техникалық жұмыс емес. Деректерді іріктеудің өзі жұмыс болжамдарын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте барлық тарау толығымен материалмен қаматамасыз етілмеуі мүмкін. Ол карточкаларды тараулар бойынша жіктеген кезде анықталады. Мұндай жағдайда дереккөздерді қайтадан қараған немесе рефераттың жалпы құрылымын не жеке бөліктерін қарап шыққан дұрыс. Материалды жүйелеудің соңғы нәтижесі бір мағыналы қатаң тексерілген тұжырымдама жасау болып табылады.

Рефератты жазу - соңғы кезең болып табылады. Әрбір тармағы материалмен қамтамасыз етілген, жақсы ойластырылған жоспар болса, реферат жазу қиындық әкелмейді. Рефератты кіріспеден емес, негізгі бөлімнен бастап жазған дұрыс. Негізгі бөліммен жұмыс жасау барысында ғана әдебиеттер мен дереккөздерді түсінуге болады. Шығармашылық үдерісі нәзік әрі дара болып келеді. Барлық авторларға ортақ мынадай ережелер бар:

- жұмыстың жүйелілігі

- тиянақтылық

- асығыстықтың болмауы

Slide 6

2. Рефераттың құрылымы

Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.

- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек)

- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)

- негізгі бөлім

- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.

Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу) . Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.

Кіріспе құрылымды келесі сөздермен "Реферат кіріспеден, . . . тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау . . . арналады, 2-ші тарауда . . . сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі" сипаттаумен аяқталады.

Slide 7

Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөлімінде түрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс.

Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді

Slide 8

3. Рефератты ресімдеудегі талаптар

Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1, 0.

Титулдық бетте рефераттың тақырыбы мен кітапхана көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны астыңғы жақта ортасында, жеке бетте конкурсқа қатысудың сұранымы болады. Сұраным формасы:

Қатысушының аты-жөні, тегі:

Жасы

Қысқаша биографиясы (эссе)

Кітапхана

Тақырыбы

Мекен-жайы, байланыс телефоны, e-mail


Ұқсас жұмыстар
Рефераттық жұмыстың басқа жазба жұмыстарынан ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері
ЕББҚ Бар балаларды ППҚ
Географиялық білімділік
Бұлтты технологиялар
Объектілердің инспекторы терезесі
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ
Стандартты микробиологиялық зертхана
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz