Араб философиясының кезеңдері



Халықаралық гуманитарлық техникалық университет
Тақырыбы: Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
1
Орындаған: Жақсылық Назерке
Тобы: Хб-91
Тексерген: Орынбаев Мұхан

2
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ БАТЫС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.

3
Дәріс жоспары:
Ортағасырлық Батыс философиясы.
Ортағасырлық Шығыс философиясы.

1. Батысеуропалық ортағасырлық философияның негізгі идеялары мен сипаты:
Монотеизм;
Теоцентризм;
Креационизм - Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;
Провиденциализм - Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;
Ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;
Жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды және тб.
4

Философиялық мектептер:
Апологетика - (грек. Апологемай - қорғаймын, ақтаймын) - ІІ-ІІІғғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім.
Патристика -(лат. Patres -әке) - ІІ-ҮІІІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін
салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі. Философия Платон мен неоплатонизм идеяларының негізінде дамыды.
5

- Ерте схоластика (ІХ-ХІІІ ғ. ғ. ) ; - кемелденген схоластика (ХҮІІІ ғ. ) ; - соңғы схоластика (ХІҮ-ХҮ ғ. ғ. )
Схоластиканың үш кезеңі болды:
6
.
Схоластика (лат. - схолиа - мектеп философиясы) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Аристотель идеяларының ықпалымен дамыды, христиан дінімен келіспейтін көп идеялар пайда болды.

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:
құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;
білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;
креацианизм, провиденциализм
жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе “универсалийлер”, яғни жалпылық ұғым мәселесі.
7

8
СХОЛАСТИКА (IX - XV вв. )
Универсалийлер ізденісі
РЕАЛИСТЕР
Реализм ( лат. realis - шынайы) - ңағыз болмысқа заттар емес, олардың жалпы ұғымы ие дейтін ағым.
НОМИНАЛИСТЕР
Номинализм (лат. nomen - атау, есім) -
Шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар олардың атауы.
КОНЦЕПТУАЛИЗМ
Реализм мен номинализм ілімдерінің маңыздылығын мойындайтын ілім.

9
АПОЛОГЕТИКА (I - VI ғғ. )
Квинт Септимий Тертуллиан
(шамамен 160 - 230 жж. )
Философия мен діни сенімнің бірікпейтіндігі жөніндегі тезисті қолдады.
Сенім мен ақыл арасында ешбір жақындық жоқ.
« Сенемін, өйткені абсурдты» (сенім ақиқаттылығы ақыл ақиқаттылығынан ерекше) .
Інжіл - құдайды танудың жалғыз қайнар көзі, сол себепті кез келген білімнің де.

ПАТРИСТИКА (ІІ - ҮІІІ ғғ. )
Аврелий Августин «әулие»
(«Рим шіркеуінің әкесі»)
(354 - 430 жж. )
- “Түсіну үшін сенім керек”;
- Құдайды ақылмен танып, оның жіберген аяның оқып, соған сүйену керек;
- Адам еркін болуы мүмкін, бірақ оның іс-қимылы Құдайдың бұйрығымен болады;
Еңбектері «Тәубе», «Құдай патшалығы туралы», «Тәртіп туралы», «Академиктерге қарсы» тб.

Августин философиясының маңызы:
Құдай бар, онда ешқандай күмән жоқ;
Әлеуметтік конформизм идеясын (кедейшілік пен өзгенің билігіне көну) қолдады, бұл Шіркеуге де, мемлекетке де тиімді;
Шіркеу билігінің мемлекеттен, Рим Папасының монархтардан үстемдігін дәріптеп, католиктік Шіркеудің беделін көтерді.
Адамның сұлулуғын, жігерін, кемелденуін, құдаилығын атап көрсетті (бұл ол кезде жаңалық еді) .
11

12
Иоанн Скот Эриуген
(«схоластиканың бірінші әкесі»)
( шамамен 810 - 877 жж. )
Философиялық жүйесі неоплатонизм идеясымен дамыды.
Шынайы дін шынайы философия болып табылады және керісінше; дінге қатысты туындайтын күмәндану философияны да теріске шығарады;
Теологияны рационализациялаудың алғашқы қорғаушылардың бірі болды.

13
Фома Аквинский (1225 немесе 1226 - 1274 жж. )
- “Өзіндік мәнділікке ие адами парасатты жан тәнмен бірге өлмейді. ”
- Философия мен теология әр-түрлі мақсатты ілімдер;
- Философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады;
- Өзгенің бәрін (құдаи аян) тек теология ұғындыра алады.
Негізгі еңбектері: «Теология суммасы», «Философия суммасы», Інжілге, Аристотель шығармаларына түсіндірмелер жазды.

14
2. Ортағасырлық Шығыс философиясы.
Араб мемлекетінің қалыптасуында исламның маңызды рөлі.
Үлкен полиэтникалық және теократиялық Халифаттың құрылуы.
Мұсылмандық философия теология мен ғылым арасында дамыды.

15
Араб философиясының кезеңдері:
ҮІІ-ІХ ғ. ғ. - араб философиясының қалыптасу кезеңі;
ІХ-Хғ. ғ. - мұсылман Ренессансы кезеңі;
ХІ-ХҮ ғ. ғ -шығыстық перипатетизм, арабтың грек философиясын толық игеріп, өзіндік даму кезеңі.

16
Араб философиясындағы негізгі бағыттар:
1) Тазалық ағайындары»
2) Шығыстық перипатетизм
3) Қалам
4) Суфизм

17
1- ші бағыт- Х ғ. пайда болған құпия ғылыми қоғам Баср қаласында. Ілімінің негізі - синкретизм, яғни барлық діндер мен философиялық жүйелерді біріктіру болды. Діни мүдделерге қарағанда, ғылыми, философиялық ілім басым келді.
2 - ші бағыт - IX-XI ғғ. Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұстас келеді. Өкілдері: Әл-Кинди (арабтардың философы), Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд.

18
3-ші бағыт: қалам - мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика.
4-ші бағыт: суфизм - жекелік мистикалық-діни аскеттік адамды жан-жақты жетілдіру ілімі. Көрнекті өкілдері: Әл-Ғазали, Ибн Әл-Араби және тб.

Суфизмде адам “жанының азат болуы рухани, мистикалық өзіндік жетілу тариқат жолымен жүзеге асады; оның үш кезеңі болады:
Шариғат, мұсылмандық өмір сүру қағидасы, оның нақты көрінісі фикх - мұсылмандық құқық;
Тариқат (“жол”, ”бағыт”) - адамның моральдік-психологиялық өзіндік жетілуі.
Хақиқат - ақиқи Құдаи болмыс, суфизм философиясы мен психологиясының ең жоғары мақсаты.
19

20
Әбу Жүсіп ибн Ысқақ Әл-Кинди (800-879 ж. ж. ) - алғашқы перипатетик, араб философиясын еуропашыландыруға алғашқы қадам жасады. Арабтарды грек философиясымен, әсіресе Аристотельмен таныстырды.

21
Негізгі шығармасы «Даналық маржандары».
Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат Түрки (870-950 ж. ж. ) . «Екінші ұстаз», әмбебап, энциклопедист ғалым. Перипапетик, Аристотельдің «Жан туралы» кітабын 200 рет оқып, жатқа білген. 74 тілді меңгерген деген мәлімет бар. 100-ден артық трактат жазған.

“Екінші ұстаздың” негізгі философиялық идеялары:
Дүниенің мәңгілік екенін мойындау;
Детерминизмді зерттеу принципі деп қарастыру;
Парасат (ақыл, интеллект) туралы ілім.
Құдай - ең жоғары сатыда, ол барлығының алғашқы бастамасы, көптүрліктің себебі. Әлем мәні бойынша Құдайға ұқсас, формасы бойынша - алуан түрлі.
22

23
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz