Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
Презентация қосу
«Елі сүйген Елбасы»
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
тұғырының беріктігі мен елдігіміздің
тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
сарабдал саясатының арқасы. Қазақстан –
біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас
болашақ десек, мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында
Қазақстан халқының бақытты өмірі,
баянды болашағы үшін бар қажыр-
қайратымен еңбек етіп келеді.
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі
тұтқасы.
(Ж. Аймауытов)
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң
халықтың басын біріктіріп, өз
алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға
Әбішұлы Назарбаев қазақ
халқының тұңғыш Елбасы
болды. Ол кісінің бастауымен
менің Отаным әлемге танылды.
Елім елдігін көрсетті, ерлігін
танытты.
Елінің тарихы мен елім, жерім деген
азаматтардың аттарын, ерліктерін келер
ұрпаққа жеткізу, насихаттау мына біздің алға
қойған мақсатымыз. Сондықтан бүлдіршіндерді
балабақша кезінен ұлтына, еліне, жеріне деген
сүйіспеншілік сезімін қазірден бойларына
дарыту керек.
Қандай жағдай болса да Қазақстанның ісімен жүрген,
жастарға сенім артып отырған Елбасымды жақсы
көремін. Қай уақытта да менен келіп сенің жанына
жақын, қазіргі уақытта елің үшін жанын пида етіп
жүрген адам кім десе мен ойланбастан Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев деп үн қатушы едім. Шын
мәнінде біздің еліміз бұрынғы кезден бір шама өзгерген,
даму үстіндеміз! Көп ұлт жете алмаған қасиетке біз жету
үстіндеміз. Қазіргі уақытта бізде бас қала – Астана.
Мыңдаған студенттерді арманы. Қоғамның дамып бара
жатқанын біз Астананың өзгергенінен ақ білеміз.
Сынған нəрсені орнына келтіру қиын секілді, отанын
нық тұрғызу Елбасыға да қиын болды деп ойлаймын.
Қанша уақыт, қанша шыдамдылық кетті десеңізші!
Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін
амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
Қазақты дəлелдеді. Кішкене кезінен əкесі мен анасы,
əжесі санасына құйып өсіргеннің нəтижесін қазіргі
уақытта бізге елбасы үйретумен келеді.
Иә, бүгінгі екі ғасыр аралығында тұрған сәтте өткенді
талдап, саралап, болашаққа сөз саламыз. Нұрсұлтан
назарбаевтың бірнеше кітаптарының атынла “ғасыр”
деген сөздің болуы, жолдау-бағдарламасының “2030”
деп аталуы Елбасының болашаққа көз тігетінін, елі
үшін үлкен жақсылық күтетінін білдіреді. Сол үміт, сол
арман – әрқайсымыздың да арманымыз. Өміріміздің
мәңгі заңы – үнемі үздіксіз өзгеру, жаңару, жақсару,
дүние тегершігі алға қарай айналады, көлеңкеден
сәулеге, аласадан биікке ұмтылады. Бүгінде Қазақстан
дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын
болашақты, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет.
Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі
ойын-сауық кешендері бар, инфрақұрылымы дамыған
тамаша қала. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар
келіп, әсем қаланы тамашалауда. Сонымен қатар
елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірлерінің дамуына
жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір
сүру – үлкен бақыт, қуаныш.
Елбасымыз әманда ел
қамын ойлап, халқы үшін
аянбай тер төгуде. Қазақ
елінің жағдайын жақсартып,
ел ішіндегі бейбітшілік пен
татулықты сақтап,
аспанымыздың ашық болуы
үшін тырысып бағуда. Ел
үшін жасап жатқан
еңбегінен жүрегінде жатқан
халқына деген зор
махаббатты аңғаруға
болады. Елін сүйген
елбасымыз аман болсын!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы
бүгінгі күннен басталады «Қазақстанның
болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген
сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен
жауапкершілік артады. Ұрпағы өз тілінде,
мемелкеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік.
Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ
қолыңмен тарта аларсың, сен тілім! – деп Мағжан
атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін
танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне
енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі
барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік
меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп
елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ
тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.
Болашағым Қазақстанның
алдағы,
Орындалсын қазағымның
арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған
таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік,
береке,
Қазақстан Республикасының
қалауы.
Еліміздің тыныштығын
Қорытынды:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Мен өз
халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен
сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш
тұтамын. Қанша қиындық көрсе де,
абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа
халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай
білген халықты, қазіргідей қиыр – шиыр тарихи
сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып
отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр
табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір
сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды
қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас
имеспін.»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz