Бүгінде Астана - болашақтың каласы




Презентация қосу
«Жаса – жайна, ару Астана!»
Кіріспе:
Бүгінде Астана – болашақтың каласы.
Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің
ордасы болып табылатын жас қала,
баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің
көгілдір туы желбіреген тэуелсіздігіміздің
ордасы. Астана қаласы Еуразияның дәл
ортасында орналасқан: бір жағынан –
еуропалық жетістік, екінші жағынан –
шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан.
Асқақ Астана!
Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан
Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің
жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр
ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының
картасынан Астана атауы да өз орнын алды.
Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі
дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің
жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі
биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем
жұртын көркімен тамсандырды.
Сән берген Сарыарқадай гүл
өңipгe,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам – бақ ошағым, түп
қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
Астанам – бағы биiк асқарымсың.
Астанам – мәңгі жарық
аспанымсың.
Астанам – пейіш кала, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем
мақтанышым.
Астана шаһары сан тармақты, алуан сипатты ұлт мәдениеті мен
өркениетінің алтын құндағына. Тарихи мәдени дәстүрлерге кенен орда.
Астана қазақ елінің алтын тәжі, рух пен иманның күретамыры,
жаңалықты құбылыстар мен жақсылықтың ұясы. Астана – тәуелсіздік
перзенті, Астана – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Астана
арқылы Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті. Оның болмысына бүкіл
қазақ елінің рухы сыйып тұр. Мұны каланың әрбір көшесінен, әpбip
бұрышынан көруге болады. Астана әлемдік сәулет өнерінің соны
туындыларының бiрi. Кең даланың қақ ортасында сағымдай болған Хан
шатыры, Астана-Бәйтерек, Пирамида көгілдір түске боянған сарайлары,
музыка әуеніне билеген су бұрқақтары және соңғы үлгідегі салынған
кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер – сәулет өнеріндегі
үздік туындылардың бірігейі. Осының барлығы санаулы жылдар ішінде
бой көтеріп, әлемді аузына қаратты. Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік
қаласы» сыйлығын да иеленді. Тарихы мен табиғаты, сәулеті мен бүкіл
тіршілігі дара, ғажап үлгілі, күйіміздің күмбірі, тарихымыздың түндігі,
көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астананың күн сайын еңсесі биіктеген
калаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен
тамсандыруда.
Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына
тамсанып, болашақтың қаласы деп
көз тігіп отыр. Жас, гүлденген
астанамыздың әсем де көрікті
жерлерімен танысыңыздар. Олардың
қатарында Қазақстанның бетке
ұстары – Тәуелсіздік сарайының
алдындағы алаңдағы ұшар басында
аңыздағы «Самұрық» құсының қол
мүсіні бейнеленген «Қазақ Елi»
монументі, Астананың сәулет
жарасымдылығында жаңа көрнекті
орын – Тәуелсіздік Сарайы, «Астана-
Бәйтерек» монументі – Астананың
нышаны, оның келбеті, Қазақстан
үшін сейіл құру өндірісінің тағы бір
жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық
орталығы бар.
Елбасы мен Елорда
Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің
алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған
Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ,
сонымен қатар, қаланы жасыл желекке көмкерген бас
бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де
Мемлекет басшысы болды.
Сондықтан да Елбасы мен Елорда – егіз ұғым. Уақыттан
оза шапкан бүгінгі Астана – еліміздің ертеңге деген үкілі
үміті мен сенімнің көpiнici, арманы мен тілегінің кепілі.
«ЭКСПО-2017» халықаралық
мамандандырылған көрмесін
елдіктің ерен жеңісі деуге
болады. «ЭКСПО-2017»
көрмесінің негізгі тақырыбы –
«Болашақ энергиясы» болды,
бұл дегеніміз «жасыл
экономиканы» дамытуға
тікелей септігін тигізетін жаңа
технология мен
инновацияларды қолдау деп
білеміз. Бұл ауқымды тақырып
ең үздік әлемдік энергия сақтау
технологиясын, бүгінде бар
баламалы энергия көздерін
пайдалануда жаңа әзірлемелер
мен технологияны пайдалануға
Әлемде аждаһаданда айбарлы,
ғаламдық жаһанданудан аман
өткен Астана бүгінде ұшқыр да
қалыпты дамып, жаңаша
бағытта көркейіп, гүлденуде. Бұл
да болса халықтың айрандай
ұйыған ауызбіршілігі,
тұрақтылығы және ең бастысы
шаттығы шалқыған бір
шаңырақтың астында бейбіт
өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді,
кең пейілді, ешкімді
жатсынбайтын, арамдықтан
ары, қиянаттан шет, жомарт
мінезді, кез келген адамзатты
бауырына баса білген бауырмал
ешкіммен теңдесі жоқ қара
Қорытынды:
Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда
жасампаздықпен қалыптасып жатқан
жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз
тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап,
қол жеткізген жетістігің молайып,
жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала
– Астана!

Ұқсас жұмыстар
Астана – болашақтың қаласы
Президентінің 1998 жылғы
Ескерткіш астанасы Алтын адам
ЭКСПО-2017
Астана –тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы!
Жарасқан Әбдірашев - қазақ ақыны
Қазақстанның халық статистикасы
Астанаға көшіру
1534 мини - орталық
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
Пәндер