Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін




Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: «Медициналық тағайындалған
құралдарды өңдеу кезеңдері. Қалдықтар классы»

Дайындаған: Абай Ж. М.
Тобы: В-МІҚ-01-19
Қабылдаған: Алибекова Ж. Р.
Шымкент 2020
Жоспар
I Кіріспе
Қалдықтар классы туралы түсінік.
II Негізгі бөлім
А) Қалдықтар классы: А Б В Г Д.
Б) Қалдықтар классының медициналық қалдықтарды
тасымалдау, жинау, жою және сақтау ережесі.
В) Қалдықтар классының жалпы ережелері.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе: Қалдықтар классы
туралы түсінік.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы 357
бұйрығында медициналық қалдықтар
туралы мәлімет берілген.
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға
және кәдеге жаратуға арналған контейнер
( ҚЖКЖК)- өткір және үшкір медициналық
қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге
жаратуға арналған су өткізбейтін және
тесілмейтін, бір рет қолданылатын
сыйымдылықтар.
Қалдықтар.
Негізгі бөлім: Қалдықтар классы:
А Б В Г Д.
Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін
қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі
әртүрлі болып келеді:

А сыныбы – қара
Б сыныбы – сары
В сыныбы – қызыл
Г сыныбы – ақ
Д сыныбы - түссіз
А сыныбы
А сыныбының медициналық
қалдықтарын жинау сыйымдылықтарда
немесе бір реттік қолданылатын
пакеттерде жүзеге асырылады. Бір
реттік қолданылатын пакеттер арнайы
арбаларда немесе сыйымдылықтың
ішінде орналасуы тиіс. Толтырылған
сыйымдылықтар немесе бір реттік
қолданылатын пакеттер контейнерлер
орнатылған жерге жеткізіледі және
аталған кластың қалдықтарын жинауға
арналған контейнерлерге тиеледі яғни
қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар
болып табылады.
Б сыныбы
Б сыныбындағы медициналық қалдықтар –
эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар.
Қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен
ластанған материалдар және аспаптар, заттар.
Мысалы: инфекциялық бөлімшелердің тамақ
қалдықтары жатады.
Б класына жататын медициналық қалдықтармен бір
реттік қолданылатын пакеттің үштен екі бөлігі
толтырылғаннан кейін, осы медициналық
бөлімшедегі медициналық қалдықтарды жинауға
жауапты қызметкер оларды байлайды. Пакетпен
жүргізілетін барлық жұмыстар дәкелік бетперде және
резеңке қолғап киіп жүргізіледі.
В сыныбы

В сыныбындағы медициналық
қалдықтар – төтенше
эпидемиялогиялық қауіпті
медициналық қалдықтар. Аса
қауіпті және каратиндік
инфекциялық
аурулармен ауыратын
науқастармен
жанасқан қалдықтар. Мысалы :
Туберкулезбен ауыратын
науқастардың қалдықтары
Г сыныбы

Г сыныбындағы медициналық
қалдықтар – токсикологиялық
қауіптіі медициналық қалдықтар.
Құрамаында сынап бар заттар ,
аспаптар мен жабдықтар.
Д сыныбы (түссіз)

Д сыныбындағы медициналық қалдықтар
– Радиоактивті медициналық қалдықтар.
Құрамында рдиоактивті заттар бар.
Д класына, мынадай нысандарда:
1) диагностикалық зертханаларда
(бөлімшелерде);
2) радиоизотоптық зертханаларда;
3) рентген кабинеттерінде түзілетін
медициналық қалдықтар жатады.
Медициналық мекемелердегі
медициналық
қалдықтарды жинауға,
уақытша сақтауға,
тасымалдауға
және қойылатын санитарлық –
эпидемиялогиялық талаптар
Медициналық қалдықтарды жинау,
залалсыздандыру, сақтау және денсаулық сақтау
обьектілерінен шығару денсаулық сақтау
обьектісінің басшысы бекіткен қалдықтармен
жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады,
ол:
• Сыныптарды бойынша пайда болатын қалдықтардың
құрамын
• Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
• Қалдықтардың зарарсыздандырудың және жоюдың
қолданылатын тәсілдерін
• Қалдықтармен жұмыс істеу схемасын
• Персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде
эпидемиялық
қауіпсіздік қағидаларына оқытуды көздейді;
А сыныбы медициналық қалдықтарын жинауға мынадай
талаптар қойылады:
Жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір
рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады.
Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы – арбаларда
немесе көп рет қолданылатын сыйымдылықтардың ішінде
орналасады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен
арбаларда “Медициналық қалдықтар А – сыныбы ” деген
тиісті жазумен таңбаланады.
Б және В сыныбы медициналық қалдықтарын
жинауға мынадай талаптар қойылады:
Түсі сары немесе сары түсті таңбалануы бар бір рет
қолданылатын жұмсақ және қатты тесілмейтін
қаптамаға жиналады. Қаптаманы қалдықтардың
морфологиялық құрамына байланысты болады.
Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала
бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін
және суға төзімді ЖҚКЖҚ – ға жиналады.
Б сыныбындағы органикалық, сұйық медициналық
қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын
қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді
контейнерлер пайдаланылады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен
арбаларда “Медициналық қалдықтар Б, В – сыныбы ”
деген тиісті жазумен таңбаланады
Жалпы ережелер
1) медициналық қалдықтарды жинауға,
зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге
қойылатын сан-эпид талаптар, сан-эпид ережелер мен
нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды
тұлғалардың орындауы міндетті.
2) медициналық қалдықтарды көмуәрі қарай қолдануға
жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін
болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып
қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, зарарсыздандырылған
медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру.
3) медициналық қалдықтар - медициналық көмек көрсету
және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында
түзілетін қалдықтар.
4) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру-
механикалық, физикалық, химиялық немесе
биологиялық өңдеу арқылы медициналық
қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе
жою.
5) медициналық қалдықтарды сақтау-тасымалдау
және жою мақсатында алып кеткенге дейін арналған
жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде
медициналық қалдықтарды ұстамау.
6) нысананың жауапты адамдары осы санитарлық
ережедегі үлгі бойынша журналда медициналық
қалдықтардың санын және сапасын күнделікті
есепке алуды жүргізеді.
7) медициналық қалдықтарды көлік құралдарына
тиген сәттен бастап белгіленген жерде оларды
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Морозова, Г. И. Медбикелік іс негіздері М. : ГЭОТАР –
Медиа, 2014.
2. Мухина, С. А. Практическое руководство к предмету
«Основы сестринского дела». – М. : ГЭОТАР – Медиа, 2014.
3. «BooksMed» электронды кітапханасы
http://www.booksmed.com
4. «Web of science» (Thomson Reuters)
http://apps.webofknowledge.com
5. Электрондық мәлімет: wikipedia.kz
Назарларыңызға
рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Медициналық қалдықтар
Медициналық қалдықтардың жіктелуі
Медициналық қалдық кластары
РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУДЫ ҚАЛПЫНА
Жүк көтергіш крандарды металлдық конструкциялар
Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері
Қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы
Түсті металлургия
Экологиялық кодекста қаралған мәліметтер
Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарам сыз шығарылымдар
Пәндер