Абайдың қара сөздеріне мультипликация


Slide 1

Абайдың қара сөздеріне мультипликация

Орындаған: 4 «Б»сынып оқушысы Сарсенова Руфаида

Ғылыми жетекшісі: Амангелдиева Гүлзина Амангелдіқызы

Информатика пәні мұғалімі, магистр

Атырау қаласы Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп

Slide 2

Жұмыстың өзектілігі: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH бағдарламасында мультипликация құрастырып, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) ұлы жазушының шығармаларын дәріптеу.

Жұмыстың мақсаты

Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеу;

Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне шолу және импровизация жасау;

SCRATCH бағдарламасын зерттеу;

Анимация құру және бағдарламада орындау

Жұмыстың міндеттері

Күтілетін нәтиже

Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама жүргізу;

Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқу;

SCRATCH бағдарламасымен танысу және спрайт, командалармен жұмыс жүргізу;

Спрайт үшін керек суреттерді жинақтау;

Анимацияға керекті әуендерді іздеу және жазу;

SCRATCH бағдарламасында программа құру.

Абай атамыздың тәлім-тәрбиесі мол қара сөздеріне мультипликация құрастыру арқылы, балалардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.

Slide 3

Абай атамыздың көркемдік, әлеуметтік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның әдебиет әлеміндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық сауатын ерекшелеп көрсететін шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері мазмұны жағынан бір бағытта жазылмаған, әр түрлі. Оның алты-жетеуі қысқа болса, кейбіреуі мазмұн, тақырып жағынан ауқымды болып келеді. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде шығарманың көркемдігіне ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Бұл зерттеуде біз Абай шығармаларындағы тәрбие, ізгілік, баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін қазақ халқының мінез-ерекшелігін, қазақ ұлтының әдет-ғұрып, салт - дәстүр, жастардың адал еңбек етуі жөніндегі жазылған қара сөздеріне талдау жасап, айшықтап, мультипликация, яғни анимация арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) анықтап көрсетеміз.

Бұл зерттеу неге қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Дана Абай өз ұлтының болашағын ойлап, кейінгі ұрпақтың саналы болуын өз шығармаларына арқау еткен адам. Абай атамыз қазақ халқының тағдырында өзінен кейін де өзі секілді көкірегі ояу жастардың дүниеге келетініне сенді. Міне, сол жастарға өзі бітіре алмаған ісін жалғастыруы үшін және оларға тағы да көмек ретінде осы қара сөздерін жазып кеткен еді. Абайдың қара сөздерінің тақырыптық ерекшеліктерін дәріптеу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Абайдың қара сөздеріне мультипликация» деп атадық.

Мультипликация жасау үшін Scratch ойын бағдарламалау ортасы қолданылды. Себебі, Scratch - өте қарапайым, түсінікті және балаларға қызықты бағдарламалау тілі болып табылады. Scratch тілінде күрделі кодтар жоқ. Ең керегі - оқи алу және санауды білу. Scratch онлайн платформасымен танысу және онда жұмыс жасап, бағдарлама құру логикалық және креативті қабілеттерді дамытады. Ал бағдарламалау барысында: жобаны әзірлеу, мәселелерді шешу стратегияларын қалай қолдану керектігін біле аламыз.

Slide 4

Зерттеу жұмысын бастау кезінде ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) сауалнама жүргізу арқылы зерттеу тақырыбы аясында қызығушылық деңгейлерін айқындап алдық. Өйткені, жобаның алдағы уақытта қолданысқа енгізілу мүмкіндігін анықтағымыз келді.

3 сұрақтан тұратын сауалнама Google Forms платформасында құрылды.

Төмендегі сілтеме оқушылар мен балабақша тәрбиешілеріне ұсынылды.

https://docs. google. com/forms/d/-XnbwvHghTp8b5NA/edit?usp=sharing

Сауалнама қорытындысы бойынша үшінші негізгі сұраққа («Тәрбиелік мәні бар мультфильмдер сізді қызықтыра ма?») барлық қатысушылар 100% «Иә» деп жауап берген

Бұдан шығатын қорытынды, Абайдың қара сөздеріне негізделген тәрбиелік мәні бар мультипликация құрастыру өзекті және маңызды екені көрінеді.

Slide 5

Өз жұмысымда мен, ең алғашқы басты бетті мынадай түрде көркемдедім

Басты беттегі спрайттарға тышқанды шерту арқылы қолданушы Абайдың қара сөздерін таңдап, соған сәйкес ұсынылған мультипликацияны көре алады. Мысалы, жетінші қара сөзін таңдаған кезде, келесідей бейнекөрініске өтеді

«Абайдың жетінші қара сөзі» спрайтының анимациялық қозғалысы үшін келесідей бағдарлама коды енгізілді.

Домбыра үнімен көркемделген бейнекөріністер керемет ерекше әсер қалдырады

Төмендегі бағыттауышты басқаннан соң, төмендегі бейнекөрініс ашылады(10-сурет) . Ең маңызды бағдарламалау коды мен анимациялар осы бейнекөріністі жасау үшін қолданылды. Себебі, мұнда атасы мен немересінің, әкесі мен анасының диалогы өрбиді.

Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз. «Бағдарламалаудың» не екенін түсінуге оңай әртүрлі операторлар бар. Солардың көмегімен интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазып бастадық. Бағдарлама оны басып, жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі идеяларын сізге үйретеді.

Slide 6

4

Шығармашылық ойлай білу

1

2

3

5

Логикалық ой-өрісін кеңейту

Жүйелі сараптау; Жобалау

Технологияны жылдам пайдалану білу

Тиімді өзінше әрекет ету

Scratch бағдарламалау ортасында жоба жасау арқылы оқушылар төмендегідей дағдыларды меңгереді

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
АБАЙДЫҢ ОТЫЗ БІРІНШІ ҚАРА
Абай мен Ыбырайдың педагогикалық - теориялық негіздері
Қазақ данасы Ұлы Абайдың қарасөздері
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай жолы роман
Абай поэмалары
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Қара сөздері
Абай ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz