Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы


Slide 1

Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері

Slide 2

Жоспар: 1-Кіріспе 2-Негізгі бөлім: Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы 3-Қорытынды

Slide 3

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері

Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Slide 4 Slide 5

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері(Бастауыш мектеп жасында )

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Slide 6

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері

(жасөспірімдік кезде) Бірқатар шартты -рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс- қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер ашуланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүргізу керек.

Slide 7

Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы.

Балалардың 1-ші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Баланың мінез-қүлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке өрекетінің типтері ықпал етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінін типтері балалардың темпераменті мен мінез-күлықтарының физиологиялық негізі екені дәлелденді.

Slide 8 Slide 9

Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады.

Slide 10

Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.

Slide 11

Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке -жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз.

Slide 12

Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павловта: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бірінші және екінші сигналдық жүйелерге түсініктеме беру
Шартты рефлекс түрлері
Шартты рефлекстің шартсыздан айырмашылығы
Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері
Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп - дамуы барысында қалыптасуы
Шартты рефлекстердің тежелуі
Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліндегі қателіктерді жою жолдары
Нерв жүйесінің онто - және филогенезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz