Жүрек аймағындағы ауру сезімі


Slide 1

Тақырыбы:Ревматизм кезіндегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру

Slide 2

Ревматизм-дәнекер тіннің қабынулы сипаттағы зақымдалуымен жүретін және жүрек-қантамыр жүйесі мен басқа жүйелерді қоса зақымдайтын ағзаның жүйелі ауруы.

Slide 3

Ревматизм клиникасы

Стрептококкты инфекциядан кейін 2-3 аптадан кейін дамиды

-жүректің зақымдалуы

-жүректен тыс зақымдалулар:

полиартрит, кіші хорея, тері және ішкі ағзалардың зақымдалуы

Slide 4

Жүректің зақымдалуы

Миокардит

Перикардит

Эндокардит

Панкардит

Slide 5

Миокардит

Тез шаршағыштық, бас ауруы, бозғылттық

Жүрек аймағындағы ауру сезімі

Ентігу

Субфебрилитет

Күшейген тахикардия

АҚ төмендеуі

Жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек ұшында-систолалық шуыл

Slide 6

Эндокардит

Қақпақшалар аймағы жиі зақымдалады (митралдық, аорталдық)

Фебрилитет (38 с жоғары)

Бозғылттық, тершеңдік

Жүректегі ауру сезімі

Қатал систолалық шуыл қолтық астына берілетін

Slide 7

Перикардит, панкардит

Жағдайы ауыр

Бозғылттық, еріннің цианозы, ентігу

Ортопноэ

Пульс жиі, әлсіз

Жүрек шекарасы кеңиген

Жүрек тондары тұйықталған, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі дамиды

Slide 8

Терінің зақымдалуы

Сақина тәрізді эритема

Ревматикалдық ілмектер

Slide 9 Slide 10

Медбикелік үрдіс кезеңдері

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;

Медбикелік диагноз (диагностика) ;

Күтімді жоспарлау;

Жоспарлауды жүзеге асыру;

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

Slide 11

Науқас туралы ақпарат көзі

1. Емделушіден сұрастыру

2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

3. Дәрігермен сұхбаттасу

4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Slide 12

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті - дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Медбикенің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз

ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

Slide 13

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;

2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.

2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

- Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Slide 14

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз - берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс -әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

Slide 15

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс - әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

·тәуелді

·тәуелсіз

·өзара тәуелді

Slide 16

Тәуелді - дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.

Slide 17

Тәуелсіз - дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

·емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

·емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

·емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

·емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Slide 18

Өзара тәуелді қатысу - дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа

маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т. б.

Slide 19

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс - медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Slide 20

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

1. Медбикенің жауапкершілігі артады;

2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға

мүмкіндік береді;

3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;

4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді;

5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Slide 21 Slide 22

Медбике асфиксияны емдеудің қатаң жүйелілікте үш негізгі ережені орындаудан тұратынын білуі тиіс:

1. Тыныс алу жолдарын босату. Нәресте басы туысымен тыныс алу жолдарын вакуум-аппаратқа жалғанған резеңке катетер көмегімен шырыш, қан, қағанақ суларынан босату керек;

2. Тыныс алуды қалыпқа келтіру. Нәресте дем алмаған жағдайда тез арада дем алдыру шараларын орындау керек. Бұны өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар көмегімен орындауға болады. Жасалған шаралар жеткіліксіз болған жағдайда нәрстені барокамераға жатқызады. Өкпені жасанды желдетумен қатар нәрестенің кіндік тамырына түрлі ерітінділер енгізеді: глюкоза, аскорбин қышқылы, натрий гидрокарбонаты, т. б.

3. Қан айналымын қалыпқа келтіру. Жүрегі тоқтағанда жүрек сыртынан кеуде торын басу арқылы (минутына 100 қозғалыс) массаж жасайды. Бұдан нәтиже болмаса, адреналин енгізеді.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық жағдай
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Миокард инфарктісі себептері
Наркозға ену
Ішкі аурулар негіздері
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ
Жедел холецистит
Эпидемиялық процестің сипаттамасы
Гипотиреоз кезінде мейірбикелік күтім
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz