Көп нәрестелі жүктілік диагностикасы, жүктілік пен босануды жүргізу
Презентация қосу
Тақырыбы: Көп нәрестелі жүктілік диагностикасы,
жүктілік пен босануды жүргізу
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі
Этиологиясы
Даму механизмі
Классификация
Зерттеу әдістері
Қорытынды
Әйел организмінде екі немесе одан да көп ұрықтың
дамуын көп ұрықты жүктілік деп атайды. Ұрықтың
санына байланысты көп ұрықты жүктілікті егіз,
үшем, төртем т.с.с. атайды. Екі немесе одан да көп
ұрыұпен босануды көп ұрықты босану деп атайды.
Көп нәрестелі жүктілік әйелдерде 0,5-2% жиілікте
кездеседі және көп жағдайда егіздермен сирек
жағдайда үшемдер босануымен аяқталады. Оданда
көп туылуы мүмкін.
Этиологиясы
Көп нәрестелі жүкті болу жалпықабылданған
себептерге байланысты : тұқымқуалаушылық әсерінен
анасы жағынан-7,5% , ал әке жағынан- 1,7% кездеседі.
Соңғы уақытқа дейін көп жүктілік жасы 35-тен асқан
әйелдерде болады. Қазіргі кезде жасы 26-28 жастағы
әйелдердің ұрықтарының салмағы 3 есе жоғарылаған ,
бұған себеп бедеулікті емдеудің арқасында. Көп
жүктілік бірнеше жұмыртқа жасушасының
ұрықтануының нәтижесі, немесе бір жұмытқа
жасушасынан екі немесе бірнеше ұрықтың дамуынан
болады.
Екі жұмыртқалы (көп жұмыртқалы) егіздердің даму механизмі:
бір жұмыртқада бірмезгілде екі немесе одан да көп фолликулдардың жетілуі
(овуляция) (ovulatio uniovarialis). Екі жұмыртқада екі немесе көп
фолликулдардың жетілуі және овуляция болуы мүмкін (ovul. biovarialis). Екі
жұмыртқалы егіздердің 3-ші механизмі болуы мүмкін- бір фолликулда
жетілген екі және одан көп жұмыртқа жасушасын ұрықтандыру (ovul.
unifollicularis).
Бір жұмыртқалы егіздердің дамуы:
-көбінесе бір жұмыртқалы егіздердің дамуы екі немесе одан көп ядроны
құрайтын жұмыртқа жасушасын ұрықтандыруымен байланысты.
-біріккен эмбриональды ұрық бөліну кезеңінде екі бөлімге бөлінеді, әр
бөлімнен ұрық пайда болады.
И.Ф Жорданияның мәліметтері бойынша, екі жұмыртқалы егіздік бір
жұмыртқалы егіздікпен салыстырғанда 10 есе жиі кездеседі. Г.Г Гентер
бойынша, 100 жүктіліктің ішінде екі жұмыртқалы егіздер 85%, ал бір
жұмыртқалы егіздер – 15% жағдайда кездеседі.
Біржұмыртқалы егіздердебір ана без ұрықтанады. Бұл жердегі
қалыптасатын плацента ана безінің бөліну уақытына байланысты.
Егер бөліну ұрықтанғаннан кейін алғашқы 3 күнде,яғни морула
сатысында болса,онда екі эмбрион, екі амнион, екі хорион
қалыптасады. Ұрықаралық перде, екіжұмыртқалы егіздердікіндей
4 қабаттан тұрады. Осындай біржұмыртқалы егіздерді де
бихориальды биамниотикалық егіздер деп атайды.
Егер бөліну 3-8 тәулікте, бластоциста сатысында болса, онда екі
эмбрион ,екі амнион, бір плацента қалыптасады. Ұрықаралық
перде екі амнион қабатынан тұрады. Осындай біржұмыртқалы
егіздерді монохориальды биамниотикалық егіздер деп атайды.
Ал егер ана безінің бөлінуі 8-13 қүнде болса,онда бір
амниотикалық қабатпен қоршалған бір плацента және 2 эмбрион
болады. Яғни ұрықаралық перде жоқ.
Рис.— амнион
Рис. 80. Двуяйцевая (а) и однояйцевая (б) двойня: 1 —плацента; 2 —
хорион; 3 — амнион
Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде (2-3 триместрінде) нақты
диагностика тек екі бөлек орналасқан плацентадан анықтауға
келеді.
Сонымен қатар ерте мерзімдерден бастап ультрадыбыстық
фетометрия жүргізулуі қажет. Ол ұрықтың жетілуінің артта қалды
ма жоқ па анықтайды. Ультрадыбыстық фетометрияда әр ұрықтың
дамуын көрсетеді. Диссоциирленген (дискординантты) дамуы
(салмақ айырмашылығы 20 пайыз), әр ұрықтың бойының өспеуі.
Ұрықтың жағдайына баға беру үшін үйренген функциональды
диагностика жүргізу қажет. Олар КТГ, допплерометрия. Қөп
нәрестелі жүктіліктің диагностикалаудың негізі –УДЗ. Көп
нәрестелі жүктілікті ультрадыбыстық диагностика арқылы
ерте мерзімде 4-5 аптада анықтауға мүмкіндік береді. Ол
жатырда бірнеше ұрықтық жұмыртқалар мен эмбрионды
көрінуіне негізделген .
Кей жағдайда оттегі мен қоректік заттардың жеткіліксіздігінен
егіздердің біреуі өлі тууы да мүмкін. Бұл жиі бір жұмыртқалы егіздікте
кездеседі. Өлген ұрық екінші, қалыпты өсіп келе жатқан ұрықпен
қысылады, ұрық аралық су сіңіріліп, плацента регресске ұшырайды.
Мумифицирленген ұрық (“бумажный плод") жатырдан тірі егіз
шыққаннан кейін артынша шығарылады. Айқын қағанақ суы қалыптан
тыс болған жағдайда ұрықтың даму ақаулары байқалады.
Егіздіктің дамуы, уақытында босанған, көп жағдайда қалыпты болады.
Бірақ дене салмағы әдетте бір нәрестеліге қарағанда аз. Егіздердің дене
салмағының айырмашылығы 200-300г болуы мүмкін, кейде одан да көп.
Егіз жүктілікті анықтау
1. Жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді.
2. Жүкті әйел нәресте қимылын ерте сезінеді.
3. Жүкті әйелдің дене салмағы 14-16 апталық жүктіліктен бастап
артық өсе бастайды.
4. Жатырдың жиырылуы жоғары болады.
5. 20-24 апталық жүктіліктен бастап анемия белгілері пайда
болады.
6. Жатырдың әр жерінен нәрестенің екі жүрек соғуы естіледі.
7. Нәрестенің жатырда үш ірі бөлігі анықталады (екі бас және бір
жамбасы)
8. УДЗ зерттеу арқылы егіз жүктілікті 6 аптадан бастап анықтайды.
9. Жүктіліктің 20-22 апталығынан бастап
фоноэлектрокардиографияны қолдана отырып, егіздердің жүрек
соғуын анықтауға болады.
Босану ағымы
Босану ағымы қалыпты жағдайда өтуі мүмкін. Жатыр мойны
жайылып,толық ашылып, қағанақ қуығы жарылып бірінші
нәресте туылады. Бірінші нәресте туылғаннан кейін толғақ 5 -10
минутқа бәсеңдейді.Содан жатры бұлшықеттері жиырылып,содан
кейін толғақ қайта басталады. Екінші нәресте қағанақ қуығын
жарғаннан ейін шығады.Содан кейін бала жолдасы жатыр
қабырғасынан бөлініп, босану жолдарынан шығады. Көп
нәрестелі жүктілікте босану кезінде : қағанақ суының мезгілінен
бұрын кетуі, босану әрекеттерінің ауытқуы, патологиялық қан
шығыны,егіздердің ілінісуі, қалыпты орналасқан плацентаның
мезгілсіз бөлініуі көп жағдайда кездеседі.
Босандыру ерекшеліктері
Әйелді босандырғанда дәрігер ұқыпты, ұстамды болуы керек.
1. Әйелдің, нәрестенің күй-жағдайын, босану ағымын бақылау.
2. Нәресте асфиксиясының алдын алу (кешенді емді қолдану).
3. Бірінші нәресте туылғаннан кейін кіндік баудың аналық жағын мықтап байлау.
Бұл маңызды болып табылады, себебі бірінші нәресте туылғаннан кейін анықтау
мүмкін емес, бұл қандай егіз екені: бір жұмыртқалы немесе әртүрлі жұмыртқалы.
Бір жұмыртқалы егіздікте екінші нәресте қан жоғалтудан өліп кетуі мүмкін
(бірінші нәрестенің кіндік бауы арқылы егер ол байланбаса).
4. Бірінші нәресте туылғаннан кейін, екіншісінің нәрестенің жатырдағы орналасу
бағытын және жүрек соғуын анықтап, 10-15 минуттан кейін қағанақ қуығын
жарып, егер екінші нәресте жатырда көлденең орналасса, классикалық сыртқы-
ішкі бұру операциясын қолданып, нәрестені тудырып алады.
5. Егер нәресте жатыр қуысында жамбаспен орналасса, шаптан тартып тудырады.
6. Патологиялық қан шығынының алдын алу үшін, III кезеңнің басында
метилэргометрин, питуитринді немесе окситоцинді венаға тамшылатып енгізеді.
Босанғанан кейінгі алғашқы сағаттарда әйелдің жағдайын,
жатырдың жиырылуын және жыныс жолдарынан шыққан
қанның мөлшерін бақылап тұруы керек. Жатырдың әлсіз
жиырылуында окситоцин (қайталап), метилэргометрин және
жатырды жиыратын басқа да заттар енгізеді, мұз қосылған
қапшық; керек болған жағдайда жатырдың массажын,
патологиялық қан шығынымен күресу үшін басқа да әдістер
қолданылады.
Көп нәрестелі жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде
(бір нәрестені туғаннан кейінгіге қарағанда) жатырдың
инволюциясы ақырындап болады. Сондықтан босанған
әйелдің жалпы жағдайын, жатыр жиырылуын, жыныс
жолынан бөлінетін бөліністердің көрінісін міндетті түрде
қадағалау қажет. Мұндай босанған әйелдерге жамбас қуысын
және құрсақ қабырғасының бұлшықеттерін қалпына
келтіретін гимнастикалық жаттығулар пайдалы.
Қолданылған әдебиеттер:
Акушерия. Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова,
Р.Ғ.Нұрқасымова. Алматы 2004.
Г.М. Севельева “Акушерство” Москва – 2000
В.И Бодяжина. К.И Жмакин “Акушерство” Москва –
1995
Клинические протоколы МЗ РК - 2013
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz