Екінші көзқарас - биогенездік теория




Презентация қосу
• Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-
біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалыптасқан.
Оның біріншісі- тіршілік өлі табиғаттан пайда
болған абиогенездік теорияға келіп
тіреледі. Екінші көзқарас- биогенездік теория.
Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен
пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің айда
болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы
өзара келіспеушілік осы күнге дейін жалғасып
келеді.
• "Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше
құдіретті күш жаратты" делінсе, ал
• грек философы Аристотель: «Тіршілікті ешқандай
құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі
денелерден пайда болды» деді. Мысалы: бит-еттен,
қандала- жануар шырышынан, шұбалшаң-
балшықтан пайда болады деген көзқарастар болды.
Құрттар -топырақтан, шыбындар-шіріген еттен,
• ал тышқандар дәннен немесе кір-ластан айда
болды деп есептеген.
• Голландиялық ғалым Ван Гельмонт: «Тышқандар кір
киімнен пайда болды»
Дәрігер Парацельс: «Адамды қолдан жасап шығарудың»
әдісін ұсынды.
Луи Пастер: «Тірі организмдер басқа тірі организмдерден
дамып жетіледі»
Келесі бір теорияда: "Жер еш уакытта жанадан пайда
болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі
тіршілік те мәңгі", — делінеді. Бірқатар ғалымдар: "Жер
бетіне басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаны, споралары,
тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі", — деген ойда
болған.
Фалес
• Орта ғасырларда да ғылыми деректердің
жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда
болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII
ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен
өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты
қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі
микроскоптың ашылуына байланысты
ағзалардың құрылысы жайындағы деректер
нақтылана үсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі
табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін
тәжірибелер жасала бастады.
• Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін
ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626
жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент
жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы
арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы
шықты. Ғалымның эксперимент жасап
алынған деректерді талдап салыстыру керек
деген көзқарасы жаратылыстану
ғылымының дамуына ерекше әсер етті.
• XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626
—1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген
теорияға карсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны
ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты.
Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар
өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан
жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған
жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен
пайда болмайтынын дәлелдеп берді.
• Екінші бір тәжірибесі бар Ол бірнеше ыдысқа өлген жыланның
денесін салып, біразының бетін жауып, біразын ашық, қалдырған.
Бірнеше күннен кейін жабық ыдыстарда еш өзгеріс болмады, ашық
ыдыстағы өлексе құрттай бастаған. Ф. Реди: "құрттар өздігінен
пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан
дернәсіл", — деп түсіндірді. Ф. Реди тәжірибе қорытындысын 1661
жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда
болмайтынын, яғни сазбалшықтан — бақа, ескі кір шүберектен —
тышқан түзілмейтін дәлелдеді
• Луи Пастер ұсынысы. Л. Пастер тәжірибесі.
• Сыйлыққа 1862 жылы сол елдің әйгілі ғалымы Луи Пастер ие болды.
Ол мынадай тәжірибе жүргізді: S тәрізді иілген түтік жалғанған
бірнеше колбаға ет сорпасын құйып, ұзақ уақыт қайнатты. Соның
нәтижесінде микробтар ғана емес, олардың споралары да жойылды.
Содан кейін колбалардың аузын ашық қалдырып, тегіс жерге
орналастырды. Микроорганизмдердің споралары түтіктің иілген
жеріне шөгіп, одан әрі өте алмағандықтан, сорпа көпке дейін
бұзылмай сақталды. Бірақ колбаның біреуін сәл еңкейтіп, сорпаны
иілген түтікке жеткізіп қайта кері құйғанда, сорпа көп ұзамай бұзыла
бастады. Өйткені түтікке түскен микробтар сорпаға өтіп, қоректік
ортада тез өсіп, көбейді. "Ендеше, тірі организмдер басқа тірі
организмдерден дамып жетіледі", — деп, Пастер тіршіліктің өздігінен
пайда болмайтынын тағы дәлелдеді.

Ұқсас жұмыстар
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері
ЕС
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері туралы ақпарат
Ес туралы жалпы түсініктер
Символдық интеракционизм
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теорияның пәні және әдістері
Бөлшектің толқындық қасиеті
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
Лидерлік және басқару стильі
Пәндер