БӨЛШЕКТЕНГЕН ШИКІЗАТ


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті СӨЖ Тақырыбы:Дәрілік шикізаттарды микроскопиялық талдау Орындаған: Қабылдаған:

Slide 2

Өсімдік шикізатының микроскопиясын зерттеу жарық және люминесцентті микроскоп көмегімен жүргізіледі.

Slide 3

Микроскоп көзге көрінбейтін обьектілердің қатты ұлғайған бейнелерін алуға мүмкіндік береді. Микроскоп көмегімен микробейнелердің мөлшерін, құрылысын, және т. б. сипаттамаларын анықтайды. Микроскоп элементтердің арасы 0, 20 мкм-ге дейін болатын құрылымдарды ажыратуға мүмкіндік береді.

Slide 4

Микроскоптың шешу қабілеттілігі жарықтың толқындық касиеттерімен байланысты. Препараттын кұрылымын ажырату оның бөлшектерінің жарықты сіңіру, шағылыстыру және сындыру қасиеттеріне бір-бірінен ажыратылғанда ғана мүмкін болады.

Slide 5

Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялық препараттарды даярлау техникасы алуан түрлі және де зерттелініп отырған обьектінің морфологиялық тобына, оның күйіне (бүтін, бөлшектелген, кесілген немесе ұнтақ) байланысты болады.

Slide 6

Жапырақ, шөптер, гүлдер.

Slide 7

Бүтін және кесілген шикізат. Бүтін шикізатты зерттеу кезінде жапырақ тақтасының жүйкесі бар бөлшектерін алады. Шөптерден жапырақтарды, кейде сабақ пен гүлдің бөліктерін, гүлдерден-тостағанша мен күлтені жеке қарастырып алады. Кесілген шикізатты зерттеген уақытта жоғарыда аталған мүшелерге қатысты әртүрлі бөліктерді алады. Препараттарды жиі ақшылдандыру кажет болады.

Slide 8

Төмендегідей тәсілдер қолданылады:

Шикізаттың бөлшектерін пробиркаға салып, сумен араласқан 5% натрий гидрооксидін қосып (1:1), 1-2 минут қайнатады. Кейін Петри табақшаларына көшіріп, сумен мұқият шаяды. Шикізат бөліктерін заттық шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салады.

Slide 9

Жапырақтардың бөліктерін 1:1 қатынаста сумен араласқан хлоралгидрат ерітіндісінде 5-10 минут қайнатады да (ақшылданғанға дейін) затты шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салып, скаль- пель немесе инемен екі бөлікке бөледі. Оның біреуін ақырын аударады. Объектіні жабындық шынымен жауып, ауа көпіршіктері жойылғанға

дейін спиртовканың жанында аздап қыздырады да, суығаннан кейін зерттейді.

Slide 10

Жапырактың екі жағын да микроскоп арқылы кіші және үлкен ұлғайтулармен қарастырады. Сабақтың бөлшектерін 5% натрий гидрооксидінде 5-10 минут қайнатып, сумен шаяды. Эпидермисті скальпельмен немесе инемен бөліп алып, бетін қарастырады, калған ұлпаларынан обьектіні заттық шыны бетіндегі хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісіне езу арқылы препарат жасалынады. 10 минут хлоралгидрат ерітіндісіне қайнатылған жапырақтардың көлденең кесіндісін шикізат бөлшектерін бузина өзегінің ортасына қыстыру аркылы әзірлейді.

Slide 11

Ұнтақ

Заттық шыны бетіне 1-2 тамшы хлоралгидрат ерітіндісін тамызып, зерттелінетін ұнтақтың аздаған мөлшерін салады. ¥нтақты хлоралгидрат ерітіндісіне батырылған иненің ұшымен алып, мұкият араластырып болғаннан кейін, бетін жабындық шынымен жабады да, ауа көпіршіктері кеткенге дейін спиртовка жалынына қыздырады. Шынының үстін препараттық иненің сабымен ақырын басып, шетіне шыкқан сұйықтықты сүзгіш қағаздың көмегімен сорып алады. Қатты жапырақ пен қатты сабақтан жасалынған ұнтақты 5% натрий гидрооксидінде қайнату арқылы мөлдір түске енгізеді.

Slide 12

Тұкымдар, Жемістер.

Slide 13

Бүтін шикізат

Тұқым қабықшасынан, жемісқап бетінен немесе көлденең кесіндісінен препараттар даярланады.

Тұқым қабықшасынан және жемісқаптың бетінен жасалынған препараттар. 2-3 тұқымды немесе жемісті 5% натрий гидрооксидінде 2-3 минут қайнатып, мұқият сумен шаяды. Обьектіні заттық шыныға орналастырып, препараттық инелермен тұкымды қабықшасынан, жемісқапты ұлпаларынан ажыратып, хлоралгидрат немесе глицирин ерітіндісінде қарастырады.

Slide 14

Кесінділер

Кесінділерді әзірлеу үшін құрғақ тұқымдар мен жемістерді тәулікке ылғалды камераға салу арқылы алдын-ала жұмсартады. Ылғалды камера ретінде бірнеше тамшы хлороформ қосылған суы бар эксикатор алынады. Сонымен қатар жұмсартуды обьект қаттылығына байланысты су буымен 15-30 минут өңдеу арқылы іске асырады.

Slide 15

Ұсақ жемістер мен тұкымдарды 0, 5x0, 5x1, 5см парафинді блокқа ендіреді. Балқыту төмендегідей жүргізіледі: отқа қыздырылған препараттық иненін ұшымен ойық жасап, дереу арада сол жерге обьектіні орналастырады (обьектінің беті кұрғақ болуы керек) . Кесінділер парафинмен бірге жасалынып, парафиннен сұйықтыққа матырылған иненің ұшымен тазартылады. Микропрепараттар глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде жасалынады.

Slide 16

Қабық

Бүтін және бөлшектенген шикізат. Қабыктың тігінен және көлденеңінен кесінділерін төмендегідей тәсілмен дайындайды: 2-3x0, 5-1см мөлшеріндегі шикізат бөлшектерін суы бар пробиркада 5 минут қайнатып, бөлшектердің нақты тігінен және көлденең кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды.

Slide 17

Әртүрлі құрылымдар мен заттарды айқындап қажет болған жағдайда цитохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген (лигнификацияланған) элементтерді флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысы мен 25%-дық тұз қышқылының 1 тамшы қоспасымен айқындайды. Бір минуттан кейін сұйықтықты сүзгіш қағазбен сорып алады да, хлоралгидрат ерітіндісі немесе глицеринге салынған кесіндіні жабындық шынымен жауып қыздырусыз қарастырады. Сүректенген арқаулық элементтер алқызыл түске боялады.

Slide 18

Сүректенген элементтерді бояу үшін сафранин ерітіндісін де қолдануға болады. Кесінділерді 50% спирттегі 1% сафранин ерітіндісіне 30 минут ұстаған соң (жабык бюкс немесе сағаттық шыныға), алдымен 50% спиртпен, одан кейін кышқылданған спиртпен (100мл спиртке 2 тамшы концентрлі хлорсутекті кышқылды қосады) шайып, заттық шыныдағы глицеринге енгізеді. Сүректенген клетка қабықшалары қызыл түске боялады.

Slide 19

Крахмал

Крахмалды айқындау үшін құрғақ қабықтың қырындысын жасап люголь ерітіндісінде және жоғарыда көрсетілгендей суда қарастырады.

Slide 20

Илік заттар

Илік заттардың барын кұрғақ қабықтың ішкі жағына 1 тамшы теміраммонийлі кварцтың немесе хлорид тотықты темірдін ерітіндісін тамызу арқылы айкындайды. Қара-көк немесе қара- жасыл бояу пайда болады

Slide 21

Антрацен туындылары

Антрацен туындыларын қабықтың ішкі бетіне 1-2 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін тамызу арқылы (қан қызылға боялады) немесе микросублимация арқылы айкындайды

Slide 22

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер, пиязшықтар, түйнекті пиязшықтар.

Slide 23

Бүтін шикізат


Ұқсас жұмыстар
Балық шаруашылығының өнімдері
Бөлшектенген тамақтану диетасы
Қара бидай ұны
Органикалық синтез практикумы
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу жайлы ақпарат
Тұздалған балық
Диффузды эндокриндік жүйе
Сүйек кемігінде нейтрофилдердің жетілуі
Өсімдік өміріндегі судың маңызы
Пемзаны алу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz