Араластырғыш - механикалық араластыруға арналған құрал




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

Еріту, сілтілеу процесстерінде
қолданылатын
араластырғыштар
Араластырғыш
-
• механикалық
араластыруға арналған
құрал;
• механикалық
араластыруды тікелей
жүргізетін
араластырғыштың
элементі;
• материалдық ағындарды
араластыратын аспап.
Еріту дегеніміз диффузиялық-кинетикалық
процесс болып табылады. Оның
нәтижесінде ерітінділетін зат еріткіштің
бүкіл көлемінде біркелкі таралады.
Ерітінділер – еріткіштен және оның
құрамында біркелкі таралған заттан
тұратын гомогенді жүйе болып саналады.
Жеңіл бір бірімен араласатын
сұйықтықтардың ерітіндісін дайындау
процессі қарапайым болып келеді. Қатты,
әсіресе баяу немесе қиын еритін заттарды
немесе бір бірімен қиын араласатын
сұйықтықтарды еріту процессі күрделі
және ұзақ процесс болып келеді.
Араластыру – қатты заттың сұйықтықта еруін немесе бір
сұйықтықтың екінші сұйықтықта біркелкі таралуын
жылдамдататын әдіс болып келеді. Араластыру бірнеше
тәсілдермен орындалады. Араластыру тәсілін таңдау
келесіге тәуелді: - араласатын заттардың агрегаттық
күйіне (қатты зат-сұйықтық, сұйықтық-сұйықтық,
сұйықтық-газ); - араласуға қатысқан заттардың
тотығуға және тағыда басқа деструкциялық
процесстерге төзімділігі.

Сұйықтықтарды араластыру тәсілдері
Механикалық араластыру – конструкциясы әртүрлі болып келген араластырғыштар
көмегімен.
Құбырдың ішінде араластыру – жеңіл араласатың сұйықтықтар үшін қолданады.
Пневматикалық араластыру - сығылған ауа немесе интертті газ көмегімен, яғни барботаж.
Акустикалық араластыру- ультрадыбыс көмегімен.
Циркуляциялық араластыру – салыстырмалы тығыздығы маңызды түрде ерекшелінетін бір
бірімен қиын араласатың сұйықтықтар үшін қолданады.
Гравитациялық араластыру – сұйықтық пен заттың тығыздықтар айырмашылығына тәуелді
процесс өзімен өзі өтеді.
НМ сериялы араластырғыштар-бұл шикізатты
сақтайтын резервуарлық жабдықтар ретінде май
зауыттарында тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін
арнайы жасалған араластырғыштарының бір түрі.
NH-NM араластырғыштары өсімдік майлары мен басқа
да тағамдарды ыдыстар мен резервуарларда
араластыру үшін қолданылады.Араластырғыштар-63-
00.000-НМ сонымен қатар аз сыйымдылықтағы
резервуарларда жиі қолданылады сулы ерітінділер,
әртүрлі эмульсиялар және соған ұқсас өнімдер. Азық-
түлік шикізатына арналған араластырғыштар
дизайнының басты ерекшелігі-минималды майлау
қасиеттері бар ортада құрылғының тұрақты жұмысын
қамтамасыз ететін арнайы тығыздағыштар мен
сырғанау мойынтіректерін пайдалану.
Араластырылатын өнімдер:
• өсімдік майлары,
• сулы ерітінділер,
• эмульсиялар
Резервуардың көлемі
3000 м3 дейін
Электр қозғалтқышының номиналды қуаты
11, 7,5, 5,5 кВт
Пропеллердің диаметрі
500 мм
Пропеллердің айналу жиілігі
280 айн/мин
Араластырылатын өнімнің температурасы
100ºС дейін
Резервуардың көлемі 3000 м3 дейін
Массасы 220кг
Екі араластырғышы бар сопақша
пішінді араластырғыш
таңдалған режимге байланысты
мынадай технологиялық процестерді
орындауға мүмкіндік береді: өнімді
қыздыру және пастерлеу, өнімді
сақтау, салқындату, жүргізілетін
режимге қарамастан өнімді
араластыру. Ол тамақ, химия және
парфюмерия және косметика
салаларында қолданылады.
Сыйымдылығы AISI 321 тот
баспайтын болаттан жасалған.
Рамалық типтегі араластырғыштың
электр жетегі траверстерге
орнатылады.
Sepro (SLR) сілтілеу реакторы –
бұл төмен пайдалану
шығындарында ұзақ қызмет ету
мерзіміне есептелген,
гравиоконцентраттардан құнды
компонентті максималды алуға
арналған тиімді құрылғы.
Сыйымдылығы ФМ 1000 литр торы бар түбі
Қалақты араластырғышы бар конус тәріздес, ыдыс ішіндегі сұйықтықты
ФМ 1000 сыйымдылығы толық қалдықсыз ағызуды қамтамасыз етеді.
Қалақты араластырғыштары бар ыдыстар
әртүрлі ерітінділердің консистенциясын
дайындау және сақтау, оларды араластыру,
тұтқырлығы аз эмульсияларды жасау, сұйық
ортада еріту немесе химиялық реакциялар
үшін қолданылады.

Араластырғыштар сұйықтықты максималды
тығыздығы 1,3 г/см, сұйық фазаның
динамикалық тұтқырлығы 0,05 Ра/сек
араластыруға арналған. Араластырғыштың бұл
түрі баяу жүреді.

Композиттің құрамы тамақ өнеркәсібінде
қолдану үшін арнайы жасалған. Қауіпсіз және
санитарлық-эпидемиологиялық және
гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Өнімдер
сертификатталған. Әлдеқайда берік.
Араластырғыштардың техникалық
артықшылықтары:
• Жоғары беріктілігі
• Металл аналогтарымен салыстырғанда салмағы жеңіл.
• қызмет ету мерзімі ұзақ
Қорытынды
Араластырғыш өнімнің
құрамын дайындау және
араластыру үшін
қолданылатын қондырғы.
Араластыру- араласатын
заттардың агрегаттық
күйіне байланысты.
Араластыру үшін НМ
сериялы
араластырғыштар,
қалақты
араластырғыштар, sepro
сілтілеу реакторы
Бақылау сұрақтары

Еріту процесі дегеніміз
не?
Бақылау сұрақтары

Екі араластырғышы бар сопақша пішінді
араластырғышта қандай процестер жүреді?
Бақылау сұрақтары

Қалақты араластырғышы бар ФМ-1000
аппаратының техникалық
артықшылықтары?
Бақылау сұрақтары

Екі араластырғышы бар сопақша пішінді
араластырғыш қандай металдан
жасалған?

Ұқсас жұмыстар
Шашқа арналған сусабын өндірісі
Табиғи және құрғақ сүт
ЭКСТРУЗИЯ ӘДІСІ
Анаэробты байланысты процесс
Шұжық өңдеудің технологиялық жабдықтары
АНТИБИОТЕКТЕР
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналардың кемшіліктері
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Машиналар мен аппараттар
Құрғақ сүт өнімдерін өндіру тнхнология сы және технологиялық сұлбасы
Пәндер