Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар


Slide 1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Орындаған: Қалдыбаева Ұлдар 103-96

Қабылдаған:Гасанов Айвазхан

Slide 2

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.

Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдық және өзге де механизмдерін әзірлеу және енгізу сот қызметі тиімділігінің қажетті элементі болып табылады.

Slide 3

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі іске асыру 2018-2020 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, мыналар оның негізгі басым бағыттары болып табылады:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әрі жүйелі басты шарты ретінде тәуелсіз сот төрелігін нығайту; - заңнаманы одан әрі жетілдіру; - сот процесіне қатысушылар арасында жүргізілетін кезеңдік әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру; - қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту; - соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақтылы тереңдету; - соттардың жұмысының анықтығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен арттыру; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып отырған алдын алу-профилактика шараларының тиімділігін арттыру.

Slide 4

Жоспардың міндеттері:

- соттарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды дереу жою;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу;

- сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктеріне қарсы әрекет жасайтын механизмдерді әзірлеу және енгізу;

- сыбайлас жемқорлық іс-қимылдары тәуекелінің мүмкіндіктерін азайту;

- судьялар корпусы, сот жүйесінің қызметкерлері мен қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру.

Slide 5

Жоспардың мақсаты:

соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыздық ахуалын құру жолымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, судьялар корпусының бүкіл құрамы мен сот жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыруға көмектесу.

Жоспардың мақсаттық индикаторлары:

- сот төрелігін жүзеге асыру сапасы; - сот жүйесі қызметкерлерінің халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы; - қоғамның сот жүйесіне сенімі; - елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделінің артуына және тиісті халықаралық рейтингтердің, оның ішінде Қазақстанның «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі рейтингінің жақсаруына ықпал ету.

Slide 6

Жоспарды іске асыру бүкіл судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау сот жүйесінің табысты әрі нәтижелі жұмысының, сондай-ақ халықтың сотқа деген сенімінің артуының кепілі болып табылады. Осы ретте сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттардың қызметінің анықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейде сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз болу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең әсерлі шара болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңнамалық негіздер, механизмдер және мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңнамалық негіздер, стратегия және мониторинг
Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу курсы
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: құқықтық негіздері мен алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Қазақстанның стратегиясы, заңнамасы және практикалық шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Қазақстандағы заңнамалық негіздер, стратегия және бақылау шаралары
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: құқықтық негіздері, зардаптары және алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Қазақстанның Адалдық сағаты, негізгі құндылықтар және 2015-2025 стратегиясының басымдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz