Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіне арналған әдістемелік сабақ жоспары


Slide 1

Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Slide 2

Ән мен күй арқылы халықтың ойын сезінеміз, арманын ұғамыз, келешекке көз тастаған үмітін танимыз.

Slide 3

Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру. білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушы іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ойын шапшаң, жинақы жеткізе білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, парасаттылыққа тәрбиелей отырып, қасиетті домбыраны кие тұтуға, түйе малын қастерлеуге тәрбиелеу.

Slide 4

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: ақпараттық жүйе арқылы баяндау, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, оның шығармашылығына арналған кестелер, З. Қабдолов суреті, әдебиеттанушының жазушыға берген бағасы, интерактивті тақта, слайдтар, әңгіме бойынша салынған суреті бар плакат Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, саз өнері, халықтық педагогика Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бейімдеу ІІ. Жаңа сабақ Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау. Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, ат қою.

Slide 5

- Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымызда Тахауи Ахтановтың ең тамаша әрі ең алғашқы жазған «Күй аңызы» әңгімесімен оқып танысқалы отырмыз. Бүгінгі ашық сабағымыз ерекше, өзгеше болмақ. Яғни жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, өткізбекпіз. Сендердің бүгінгі ерекше сабағымыздың өз мақсатына жетуіне атсалысып, өз білімдеріңіз бен білік, икем-дағдыларыңызды көрсете алады деп сенемін.

Бүгінгі сабағымызда қасиетті қара домбыраның шанағынан төгіліп күмбірлеген күй өнерінің құдіреттілігі туралы айтылатындықтан, сабағымызды күй тыңдаудан бастасақ артық болмас деген ниетпен кезекті күйге берейік. «Адай» күйін қабыл алыңыздар!

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

І. Танып білу кезеңі 1. Аңызға айналған қандай күйлерді білесіздер? 2. Түйе жайында мақал - мәтелдер тауып дәптерлеріңізге жазыңыздар.

Slide 16

ІІ. Мағынаны ашу, тану . Кубизм стратегиясы Топ басшысы кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

Slide 17

Ш. Түсініксіз сөздермен жұмыс Тізгін - аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс. Дұға - аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары. Шылбыр - жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп. Түндік - киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз. Қолқа салу - дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы. Тулақ - үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері. Жоны - арқасы, ту сырты. - Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз? - Бота, мая, нар аруана. Бота - түйенің төлі. Аруана - екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы. Інген - қос өркешті түйенің ұрғашысы. Мая - жалғыз өркешті түйенің інгені. Нар - бір өркешті түйе. Қара нар - түйенің күштісі, мықтысы.

Slide 18

Шығармаға композициялық талдау жасату. Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі. Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беру

Slide 19

IV. Шығармадағы кейіпкерлердің портреттерін жазу

Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі

Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік

Жаңыл - қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған

Slide 20

Үйге тапсырма: Әңгіме желісін пайдалана отырып, «Күй қайнары» тақырыбында эссе жазу.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желілерін және пролог пен эпилогын талдау
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы: шығарма идеясы, тақырыбы және кейіпкерлерді талдау
Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесіне арналған сабақ жоспары
8-сынып әдебиеті: Расул Гамзатовтың Менің Дағыстаным әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Шерхан Мұртазаның Жүз жылдық жара әңгімесіне арналған панорамалық сабақ жоспары
Бердібек Соқпақбаевтың Қамқорлық әңгімесіне арналған сабақ жоспары мен бағалау материалдары
Ғ. Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесіне арналған ой қозғау стратегиясымен сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесіне арналған сабақ жоспары мен кешенді талдауы
Мұрагер ән-күй пәнінің 1-9 сыныптарға арналған интеграцияланған әдістемелік бағдарламасы
5-сынып әдебиет: Тынымбай Нұрмағанбетовтің Анасын сағынған бала әңгімесіне арналған сабақ жоспары және бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz