Қызыл балдырлардың талломының құрылысы


Slide 1

Қызыл балдырлар бөлімі (Rhodophyta)

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

1. 1 Қызыл балдырлар бөлімі (Rhodophyta)

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қызыл балдырлардың талломының құрылысы

2. 2 Қызыл балдырлардың көбеюі

2. 3 Қызыл балдырлардың классификациясы

2. 4 Қызыл балдырлардың маңызы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны төрт мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндері мен топырақта өседі. Қызыл балдырлардың талломы ұзындығы екі метрге дейін жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Хроматофорасында хлорофилдің a және d пигменттерінен басқа қызыл сары - каротин, сары - ксантофилл, ал көк - фикоциан және ерекше қызыл - фикоэритрин дейтін пигменттер тек осы балдырлардың тобына тән болады. Осы пигменттердің орайласып келуі талломға сарғыш, көкшіл, көбінесе ал қызыл, не қызыл қоңыр түс береді, сол себепті бұларды қызыл балдырлар деп атайды. Хлорофилдің d пигменті тек қызыл балдырға тән.

Slide 4

Қызыл балдырлар:

1 - ломентария (Lomentaria articulata) ; 2 - хондрус ( Chondrus pinnulatus ) ;

3 - хризимения (Chryzymenia wrightii) ; 4 - родимения (Rhodimenia pertusa ) .

Slide 5

Құрылысы:

Талломы бір клеткалы, кейде екі-үш қатар клеткалардан тұратын тарамдалған жіптерден тұрады. Талломдарының пішіндері жай немесе бұтақталған жіп тәрізді және лента сияқты пластинкалы болып келумен бірге «сабақ», «жапырақ» тәрізді органдарға бөлінген күрделі құрылыстары да кездеседі. Олар жақсы дамыған ризоидтары немесе төменгі жағындағы жалпақ сорғыштары арқылы субстратқа бекінеді.

Slide 6

Көбеюі:

Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді.

Даму циклында талшықты қозғалу кезеңі байқалмайды. Сондықтан да моноспоралар және тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Қызыл балдырлардың моноспорасы бар түрлерінде ұрпақ ауысу процесі болмайды. Диплоидты болып зигота ғана саналады. Одан редукциялы бөліну процесінен дамитын балдыр өсіп шығады.

Жынысты көбею - оогамиялы, бірақ ол басқалардан ерекшелеу болып жүреді, яғни карпоспор деп аталынатын цистокарпий жиынтығын береді.

Slide 7

Қызыл балдырлардың көбею органдары: 1-тетраспорасы бар тетраспорангий, 2-тетраспоралардың шашылуы, 3-карпогон (о), трохогина (тр) және антеридий (а) бар бұтақ, 4-ұрықтанған карпогоннан цистокарпийдің дамуы.

Slide 8

Қызыл балдырлардың жыныс процесі және карпоспораның дамуы: 1 -5 - немалионда: 1 - антеридийлер (ан) және карпогон: бк - құрсақ бөлімі, т - трихогин, сп - спермаций, 2 - 3 - карпогонның құрсақ бөлімінде аталық және аналық ядролардың қосылуы, 4, 5 - карпоспоралардың дамуы - кс, 6 - дюренейдің ообластем жіпшесінің даму схемасы; т - трихогина, сп - ондағы спермацмя, о - ообластем жіпшесі, а бір - а алты - ауксиляры клеткалар, 7 - платомның ообластем жіпшесінің даму схемасы және цистокарпияның біртіндеп түзілуі: к - карпогон, о - ообластем жіпшесі, а - ауксиялары жасушалары, ц - цистокарпий.

Slide 9

Классификациясы:

Қызыл балдырлар

Бангиевалылар класы

Флоридеялылар класы

Порфира

Комсопогон

Бангия

Порфиридиум

Хроотеце

Церамий

Немалион

Полисифония

Ботрахоспермум

Леманеа

Slide 10

Құрылысы:

Талломы бір клеткалы,

кейде екі-үш

қатар клеткалардан

тұратын тарамдалған

жіптерден тұрады.

Клеткасында бір ядросы

жұлдыз немесе табақша

тәрізді орналасқан.

Көбеюі:

Жыныссыз моноспора

жолымен, ал жыныстысы

карпоспора

арқылы көбейеді.

Жынысты көбеюі - оогамиялы.

Карпогоны трихогинасыз.

Ұрпақ ауысуы болмайды.

Диплоидты болып зигота

ғана есептеледі.

Бангиевалылар класы

Slide 11

Флоридеялылар класы

Құрылысы:

Көп клеткалы

талломы әр түрлі көлемді,

әр түрлі пішінді болып,

плехтенхималы анатомиялық

құрылымға енген.

Бұлардың жасушаларының

арасында ұсақ

поралары болады.

Көбеюі:

Жынысты көбеюі - оогамиялы,

жыныссыз көбеюі моноспора,

тетраспоралар арқылы

орындалады.

Ұрпақ ауысуы изоморфты.

Балдырдың өзі гаплоидты,

зигота диплоидты.

Slide 12

Қызыл Балдырлардың маңызы:

Қызыл балдырлар микробиологиялық техника лабораторияларында

микроорганизмдерді өсіруге қажетті қатты

қоректік заттар дайындау үшін пайдаланады.

Теңіз жағалауындағы елдер де, мысалы:

Жапонияда балдырлар әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады.

Адам теңіз балдырларын химиялық өндірістеде жиі пайдаланады.

Олардан иод, калий тұздары, целлюлоза, спирт, сірке қышқылы алынады.

Одан басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және

тыңайтқыш ретінде де пайдаланады.

Қызыл балдырлардан агар - агар затын алады, оны кондитер, қағаз өндірісінде,

медицинада, тері өңдеуде, жоғары сортты желім дайындауға пайдаланады

Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының


Ұқсас жұмыстар
Жапырақ пішінді қына
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР: ГЕТЕРОГЕНЕРАТТЫ ЛАР КЛАСЫ. ЛАМИНАРИЯ
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Көк - жасыл балдырлар
Өсімдіктің фотосинтездік аппараты
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
«Бір жасушалы балдырлар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz