Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір


Slide 1

Тақырыбы: “Философия тарихы - адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы ретінде”

Slide 2

Тақырыбы: “Философия тарихы - адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы ретінде”

Мақсаты: студенттерге философия тарихына қысқаша экскурссия жасау арқылы оның пәнімен, әдістерімен, принциптерімен таныстыру.

Slide 3 Slide 4

Философия тарихы дегеніміз не және оны қалай түсінуге болады? Философия тарихының мәнін жете түсіну үшін, оны философияның өмір сүру формасы түрінде қарастыру қажет және философияның дамуын адамзат өркениетінің дамуымен, тығыз бірлікте зерттегенде ғана оның маңызы айқындала түседі. Философия тарихын білмеу, оны бағаламау адами ойлау процесінің рухани жұтандануына, ғылыми - зерттеу жұмыстарының жүйесіздігіне, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары саласындағы дүмшелікке, жалаң практикашылдыққа әкеп соқтырады. Ғылымның қай саласының өкілі үшін де философия тарихын білу табиғи және тарихи қажеттілік болып табылады

Slide 5

Бұдан шығатын қорытынды: барлық ғалымдардың теориялық ойлау өнері мен қарулануына жол ашатын тек философия тарихы болмақ . «Теориялық ойлау тек қабілеттілікті дамытуға, жетілдіруге тиіс, ал ол үшін осы уақытқа дейінгі бүкіл философияны зерттеу үйренуден басқа ешбір жол жоқ» деген пікірде шыңдық бар. Өткен дәуірдің философиясын зерттеу, оның логикалық тарихи даму жолын білу - бүгінгі адамдар санасында ойлаудың диалектикалық әдісін қалыптастырудың бірден - бір жолы. Мұндай пікір философия тарихын логикалық, теориялық ойлаумен тығыз байланыстырып, диалектиканы дамуыдың логикасы мен таным теориясы ретінде қалыптасқан ғылыми жүйе түрінде негіздеуге жол ашады.

Slide 6 Slide 7

«Философия тарихы - нақты тарихи дамудың логикасы, ал логика - мәнге ие болған философия тарихы» деген пікір де осыдан келіп шыққан. Гегельдің «Тарихта философияның дамуы логикалық философияның дамуына сәйкес болуға тиіс» дейтіне де осыдан.

Бұдан келіп философия мен философия тарихының бірлігі мәселесі шығады, яғни өткен заманның философиялық проблемалары біздің тарапымыздан өткінші, қайтып оралмайтын процесс екен деп қаралмауы керек. Керісінше, жаңа тарихи заманда өткен дәуірдің философиялық ойларының қайта жаңғыруы, практикалық қызметпен, қоғам өмірімін тығыз ұштасуы жиі кездеседі. Яғни бұрынғы дәуірлерде тек ықтимал болып келген ой - пікірлер, теориялық толғамдар жаңа дәуірде ықтималдықтан шыңдыққа айналып, адамзатты толғандыратын нақтылы проблемалар қатарына қосылу ғажап емес. Мұндай жағдайда, философиялық ойларды тарихи тұрғыдан зерттеп отыру, қазіргі заманғы философия дамуының бірден - бір жол болып табылады.

Slide 8

Өткен дәуір ойшылдарымен философтарының шығармалары қай заманда да өлшеусіз маңызы бар, қоғамдық ойға қосылатын қазына болып есептеледі. Осы тұрғыдан келгенде философия тарихын тарих пен философияның қосындысы, екі ілімнің бірлігі ғана деп қарау ағаттық болады. Адамдардың практикалық өндірістік қызметі жете түсіну философия тарихында маңызды рөл атқарады. Әрбір философиялық теорияның, жүйенің дүниеге келуі, олардың сол дәуірдегі адамдарға әсері, оларды ойландыруы, өзара айтыстыруы сол ортадағы қоғамдық өмір салтына, қоғамдық өндірістік қатынастарға тығыз байланысты болады.

Slide 9

Философия тарихын жүйе ретінде дәлелдеген немістің ұлы ойшылы В. Ф. Гегель болатын:

1. Оның айтуынша, кез келген философиялық ілім кейбір проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай дами келе тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болады.

Slide 10

2. “Философия тарихы - нақты тарихи дамудың логикасы, ал логика- мәнге ие болған философия тарихы”

Slide 11

3. “Тарихта философияның дамуы логикалық философияның дамуына сәйкес болуға тиіс. ”

Slide 12

Алғаш рет философия тарихының пәні туралы түсінікті қалыптастыруға талпыныс жасаған XX ғасырдағы Ресейлік Кеңес Одағының философы П. В. Копнин болды.

1. “Кез келген дәуірдегі философия философия тарихынсыз өмір сүре алмайды”

Slide 13

2. “Философия тарихы жалпы тарих пәнімен қабысып жатыр. Өйткені, оның міндеті қоғам өмірінің материалдық жағын ғана емес, рухани жағын да көрсету. Ал философия болса, рухани мәдениеттің маңызды бөлігі. Сондықтан тарих рухани мәдениетсіз, әсіресе философия тарихынсыз өмір сүре алмайды . ”

Slide 14

1. “Әрбір жаңа заман ұрпағы философияның алдында тұрған жаңа мәселелерден ғана емес, сондай-ақ өткен дәуірдің қалдырған проблемаларынан да, қазіргі заман талабына сай шешімді іздейді”.

Slide 15

2. “Кейбір абстрактылы ойлайтын адамдардың айтуынша, философия тарихы әрбір дәуірдегі әрбір халықтардың әртүрлі көзқарастарының жиынтығы ғана. Бұл дұрыс емес пікір.

Ендеше, философия тарихын түсіндіруде абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу негізгі рөл атқарады. Бұл әдіс философия тарихын сыңар жақ түсінуден, жалаң пайымдау мен зердеден сақтандырады”

Slide 16

Философия тарихы

Зерттеу әдісі

Адамзат танымының қалыптасуы, дамуы туралы тарихи білім.

Негізгі принципі

Тарихилық пен логикалық

Абстрактылықтан нақтылыққа өту.

Негізгі мақсаты- философиялық ойдың үдемелі дамуын ашып беру.

Даму

Философия тарихының таным құралы

Slide 17

Философия тарихы, негізінен алғанда, адам баласының ғана емес, бүкіл адамзат тарихының өзіндік санасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, философия тарихын зерттеп білу бүкіл адамзат тарихына тән ойлау процесінің, адамның дүниеге қатынысының негізін қоғам өмірінің қилы - қилы бұрылысқа, қайшылыққа толы жолдарымен байланыстыра отырып, ұғыну деген сөз. Әрбір философия тарихын оқып үйренуші, зерттеуші адам ең алдымен адамзаттың даму тарихын ой елегінен өткізе отырып, әрбір тарихи кезеңнің, дәуірдің сырын ашып, ондағы процестерді жан - жақты білуге ұмтылады. олай болса, философия тарихы жәй ойлауды емес, диалектикалық ойлаудың, тарихи ойлаудың жолдарын көрсетеді.

Slide 18

Сол арқылы терең ойлаудың, диалектикалық, логикалық ойлаудың негізі ашалады. Философия тарихы бүкіл адамзатқа тән ойлаудың жолдарын көрсете отырып, шығармашылық процеске жол ашады. Шығармашылық, теориялық ойлау әрбір ғылымның негізгі өзекті мәселесі. Онсыз бір де бір ғылымның дамуы, әрі жетілуі мүмкін емес. Философия мен басқа да ғылымдардың бір - бірімен байланыстылығының өзі, міне, осыдан басталады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі
Махмұт Қашқари
ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ТҮРКІ БАТЫС ТҮРКІ
Махабалипурам өнері
Латын тілінің қысқаша тарихы
Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Орта ғасыр мәдинетінің адамы
Түркілердің Ислам тарихына араласуы
Түркі философия
Рыцар мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz