Психолог және мұғалімдер ұжымы
Презентация қосу
Жас психологқа
кеңес
психолог маман
«зиян келтірме!» деген басты
қағиданы ұстануы керек.
Сен мектепте психолог болып жұмыс жасауды ұйғардың. Неден бастау керек? Нені білу керек?
А).Сенің тікелей басшың – директор. Кез-келген
адамның тапсырмасымен жүгіре берме, «барып кел,
шауып кел» емессің. Сен тікелей директорға
бағынасың, сол кісінің ғана саған бұйрық беру құқығы
бар.
Ә) Сен директордан мектептің алдына қойған мақсаты
мен міндеттері туралы біліп ал да, өзіңнің жұмыс
жоспарыңды соған орай құрастыр.
Б)Психологтың жұмысынан не күтетіні туралы
директордан білгеннен соң, онымен қызметтік
міндеттерің туралы мұқият анықта, (бұл өте
маңызды!), өзіңнің іс-әрекетің туралы ойыңмен
бөліс, (қай жастағы балалармен жұмыс жасауды
қалар едің, нормативтік жұмыс уақытың
туралы,т.б).
В)Директормен нақты талдап анықтап ал:
-кім,қашан сенің жұмысыңды тексеріп отырады,
ағымдық есеп беру мерзімдері мен формалары
туралы;
-жұмыс кестең туралы, әдістемелік күніңнің
болуы туралы, біліміңді жетілдіру туралы,т.б.
келіс.
Г).Директор
және оның орынбасарлары сенің жылдық
жоспарыңды талдауға қатысады, өйткені сенің жоспарың
мектептің жылдық жоспарының бөлігі.
Директор
міндетті түрде өзінің қолы мен мектеп мөрі
арқылы сенің қызметтік міндетіңді және жылдық
жоспарыңды бекітеді.
. Іс-әрекет жасауда кейбір ескеретін тұстар бар:
Егер мектепте психологиялық қызмет орталығы болса,
онда сен дайындалған ортақ жылдық жоспар бойынша
жұмыс жасай бастайсың , ал егер сен жалғыз психолог
болып қабылдансаң, облыстық оқу орталығымен
байланысып, бекіткен үлгі жоспары бойынша жұмыс
істегенің дұрыс.
Сенің ең маңызды қарайтын жұмыстарың: баланың
даму кезеңдері: 1-сыныптар ( мектепке бейімделу); 4-
сыныптар (орта сыныптарға көшудің
психологиялық –интеллектуалдық мәселелері,
дайын болуы) 5-сыныптар (орта буынға бейімделуі);
8-сыныптар (ең қиын өтпелі жеткіншектік кезең); 9-
11 сыныптар (кәсіби бағдарлану кезеңі,
емтихандарға психологиялық дайындық).
Іс-әрекетіңнің негізгі бағыттары:
*Диагностикалық – дәстүрлі бағыттардың бірі.
Ескерерсің: Мектепте психолог болып қызмет етіп
жүріп өзіне : «Не үшін жасаймын?», «Нәтижесі не
болар екен?» «Қайткенде жақсы болар еді?» деген
сауалды қойып отырмаған адам жақсы психолог
болмайды
Диагностиканы үнемі жасау қиын, оны жоспарлы түрде ғана
жаса, себебі, бұл
диагностика , оның мәліметтерін өңдеу, интерпретация сияқты
жұмыстар өте көп уақыт алады.
Одан да көбірек балаларды бақыла, ата-аналармен
мұғалімдермен қарым-қатынас жаса, әңгімелес. Ең басты
қағидаң, ұстанымың «БҮЛДІРІП АЛМА!»,«ЗИЯН КЕЛТІРМЕ!»
(«Не навреди!») болсын. Яғни бақылап көргеніңнен,
зерттеулеріңнен алынған мәліметтерді талдау барысында осы
қағиданы естен шығарма.
Сенің жинақтаған мәліметтерің құрамында директордың оқу-
тәрбие жөніндегі орынбасарлары (бастауыш, негізгі және жалпы)
логопед, психолог, мектеп дәрігері (егер болса) бар педагогикалық
консилиумда талданады, ол мәселелерді қалай тиімді шешуге
болады, жолдары қарастырылады. Яғни сен жалғыз ешбір шешім
қабылдамайсың.
Түзету (коррекция) –дамытушылық жұмыс
Кеңес беру
Ескерерсің!
Саған өз проблемаларымен, сұрақтарымен келуін
күтіп бос отырма. Өзің бар.
Диагностика жүргіздің бе, мұғалімімен талда (әрине,
«Зиян келтірме» деген қағиданы ұстанып!
Егер балаға түзету, не дамыту жаттығулары қажет
болса, көмегіңді ұсын. Егер сенің шамаң
келмейтіндей мәселе болса, соған шамасы келетін
көмектесуге дайын маманды тауып көмек алуын
қарастыр..
Сенің кабинетіңнің есігінде (фойеде, коридорда
болады) сенің жұмыс жасау кестең (график) ілініп
тұрсын, онда қай уақытта не істейтінің (ата-анамен,
оқушымен , мұғалімдермен) түсінікті жазылсын.
Қызықты тақырыпта стенд жасап іл, онда сенің бір
айлық жоспарың, ата-аналар жиналысының бос
кестесі (тақырыбы, уақытын мұғалімдер қосады)
Стендіге мұғалімдердің сынып сағаттарын
ұйымдастыруына көмектесетін небір қызықты
тестілер, сауалнамалар, «Мектеп психологы»,
«Қызықты психолог» сияқты журналдардан
мақалалар, мұғалімдердің эмоцианалдық жағдайын
жақсартатын көңілді әзіл-шыны аралас тестілер ілген
тиімді.
Ағарту-сауаттандыру жұмыстары
(ата-ана жиналыстары, балалармен пікірлесулер,
лекциялар, т.б.)
Ескерерсің!
7 – 8- сынып жетекшілеріне сыныппен қарым-қатынас
тренингтерін, креативтік тренингтер өткізуді ұсын. Оған
балалар да мұғалімдерді қатыстыр, қызықтыр.
Мұғалімдер бөлмесіне ата-аналарға , балалармен
жүргізуге болатын тақырыптардың тізімін, болса,
сценарийлерінің бар екенін айтып хабарландыру іл, олар
сенің бұл қызметіңе риза болады, өйткені сен
мұғалімдердің уақытын үнемдеп, материал тауып беріп
отырсың.
Сен де бұдан ұтылмайсың, сол жұмыстарыңды айлық
жоспарыңда белгіле.
Құжаттар туралы
Ескерерсің!
Құжаттарға мұқият бол, өйткені сенің жұмысыңның бар
екені соларға байланысты көрінеді.
а)Құжаттарды файлды папкада сақтаған дұрыс, онда:
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет туралы ;
Қызметтік міндеттерің туралы (директордың қолы мен
мөрі қойылған)
Жылдық перспективтік жоспар (қолы мен мөрі
қойылған, мектептің мақсатты проблемасы, психологтың
мақсаты мен міндеттері, іс-әрекет түрлері мен уақыты
көрсетілген болуы керек).
Психологтың ұстаным әдебі (этикалық кодексі)
Психологтың жүргізуге тиісті диагностикалық және
түзетушілік іс-әрекетінің нормативтері және уақыт
өлшемі.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары .
Ата-аналар жиналысының кестесі (Жасөспірімдердің
физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
және десструктивті мінез- құлықтың алдын алу).
Мектептің психолого-медико-педагогикалық
консилиумінің жоспары.
Әртүрлі бұйрықтар, инструкциялар.
Журналдар.
тоқсанға жоспарлар
Кеңестер (консультациялар) журналы.Бұл журналды
таблица түрінде құруға болады.(үлгісін 28-беттен
қараңыз)
Журналдарда №2 тізіммен кеңеске кім келді (М) –
мұғалім, (а-а) ата-ана,( б)-бала деп көрсетіп отырсаң,
саған айлық кеңес санын шығаруда уақытыңды
үнемдейді.
Топтық жұмысты есепке алу журналы
Зерттеу нәтижелерінің папкасы.
Бөлек-бөлек файлдары бар үлкен папкаға зерттеу
нәтижелерін уақытында жүйелі тіркеп сақтаған тиімді.
Әдістемелік материалдар жинақталатын папка.
Ескер:
Бұл папкада ата-анамен жұмыс, мұғалімдермен жұмыс,
ертегі терапиясы, кеңестер, тестер, бөлім-бөлім болып
тігілгені жақсы. Қызықты, пайдалы материалдарды
газет, журналдардан көшіріп алып тақырыптармен
топтастырып тігуге болады.
Жұмысың (құжаттармен) іш пыстырар, немесе ауыр
азапқа айналмас үшін әр жұмыс күніңнің аяғында
журналдарыңды толтырып отыр, барлық жұмысыңды әр
жұма сайын есептеп талда. Ай соңында тек барлық
жоспар орындалды ма, қаншалықты орындалды,
тиімділігі қандай, өткізілген жиналыс, берілген кеңес,
тренинг,т.б. санын -есептеу ғана қалатын болады.
8.Әдістемелер өте көп, өзің таңда.
9. Қарым –қатынас құру ерекшеліктері
Психолог және мұғалімдер ұжымы.
Бұл қарым-қатынастың негізі – тең құқылы серіктестік
болуы керек. Өйткені, олардың (психологтың да
мұғалімнің де) «илегені бір пұшпақ» дегендей, мақсат
ортақ –ол баланың жақсы жағдайда дамуы.
Мұғалімнің тәжірибесін, ақылын, жасын сыйлап, өзара
сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қана өз жемісін
берері анық. Ұжымда әрқашан да психологтың
жұмысына ат салысатын, көмектесетін адам табылады,
соларға арқа сүйе.
Психолог және оқушылар.
Ашық - жарқындылығың, әдемі жымиуың, шынайылық,
қиын жағдайаттардан оңтайлы жол тауып шыға білу-
осының бәрі сенің беделіңді құрайды.
Өзіңді ұстау әдебің, баланы зерттеуге қалай
шақыратының, коридорда қалай жүретінің, балалардың
қасақана жасаған «тексерулеріне» сенің реакцияң,
жеткіншектердің агрессиясына жауабың да сені сынайды.
Ескертерім, сенің кабинетіңнің есігі барлық уақытта дерлік
ашық болу керек, әрине, тек кеңес беру, не зерттеу жүргізіліп
жатқанда есікті жабу керек болады. Үзіліс кезінде коридорда
жүріп, балалармен қарым-қатынаста бол. Әсіресе, төменгі
сынып балаларымен тығыз қарым-қатынаста болуға тырыс.
Олардан сондай жақсы энергия алуға болады, әрі оларды
ойын кезінде бақылау көптеген мәлімет береді.
КӨҢІЛ КОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz