Дүниежүзілік мұхиттың ластануы: себептері, экологиялық әсерлері және қорғау шаралары


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: Әлемдік мұхиттың глобалды ластануы.

Орындаған:Дайраш Сымбат

Тобы:ХТ-19-10К

Қабылдаған:

Slide 2

Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты “жылу қорының жинаушысы”

деп атайды. Мұхит суы өте баяу жылынады және суынады. Мұхит жаз бойы жылу жинап, қыста оны құрлыққа береді. Егерде мұхит суының ондай қасиеті болмаса, жер бетінің орташа температурасы қазіргіден 36°С төмен болар еді.

Slide 3

Мұхит (Әлемдік мұхит ) -гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos -мұхит жерді қоршап жатқан ұлы өзен)

Жер шарында төрт мұхит бар:Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Slide 4

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу мен

қорғау жұмыстары заманауи құрылғылар орнатылған Жер

серіктерінің көмегімен қашықтықтан зондтау әдістері

арқылы жүзеге асырылады.

Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл

сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның

әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0, 05 мг/л

мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал

концентрациясы 0, 5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен

байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың

әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары бар.

Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды

эколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді:

-материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны

тасымалдау кезінде мұхит суына қосылатын мұнай өнімдері;

-өнеркәсіп орталықтары қолданған және ірі қалалардың

коммуналдық қажеті үшін пайдаланылып, өз дәрежесінде толық тазартылудан өтпеген су;

-ауыл шаруашылығында пайдаланылып, әр түрлі химиялық

(тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербицидтер және т. б. )

қалдықтармен ластанған су;

-радиоактивтік қалдықтардың көмілуі және мұхит кемелері

пайдаланған лас судың толық тазартылмауы.

Slide 5

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың

ластануы - адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит

(теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы.

Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы

салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту

мүмкіншілігінің төмендеуі - онда тіршілік ететін

организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс

көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының

(Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде

“тікенді шеңбер” қалыптасуда. Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен

және мұнай өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен

ластануының басым бөлігі теңіз транспортының және қала

аумақтарынан шайып әкелетін мұнайдың үлесіне тиеді.

Мұхитты мекендеушілер үшін, әсіресе, организмнің ішіне

еніп кеткен жағдайда токсикалық әсер ететін, мұнайдың

ерігіш компоненттері қауіпті. Мұнайдың төгілуінің ең бір

ауыр зардабы -су бетінде жұқа мұнай қабатының пайда болуы.

Онда газ алмасу бұзылады, жарықтың суға өтуі нашарлайды,

фотосинтез жүрмегендіктен фитопланктон қырылады.

Мұнайдың ауыр компоненттері (мазут) су табанына шөгеді,

бұл бентостың өлуіне әкеліп соғады.

Т

Slide 6 Slide 7

Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған аса

маңызды мәселенің бірі- Дүниежүзілік мұхит

суларын қорғау және оның табиғат

байлықтарын мейлінше тиімді пайдалану.

Өйткені мүхит табиғат байлықтары әр елде

түрліше игеріледі, мұхит сулары ластанып

барады және мұхит айдынының әскери әрекет

майданы ретінде қолданылуы күшеюде.


Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Атмосфераның қалыптасуы, құрамы және ластануы: себептері мен қорғау шаралары
Гидросфера элементтері мен табиғи су қорлары: дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Судың ластануы және су ресурстарын қорғау шаралары
Топырақтың ауыр металдармен ластануы: көздері және экологиялық әсерлері
Алматы облысының экологиялық жағдайы: топырақ эрозиясы, ауа мен су ластануы және табиғатты қорғау шаралары
Әлемдік мұхиттың табиғи және антропогендік ластану көздері және Жамбыл облысының су қорларының ластануы
Атмосфераның қабаттары, газдық құрамы, ластануы және қорғау шаралары
Қазақстандағы атмосфералық ауаның ластануы: себептері, салдары және қорғану шаралары
Қазақстандағы топырақтардың экологиясы, ластануы және қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz