Контрацепция әдістері




Презентация қосу
Тақырыбы:Түсіктің алдын алу.Отбасын
жоспарлау.Контрацепция әдістері.
Түсіктің алдын алу:
Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы
аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту.
(Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл
мезгілінен бұрын босану саналады).
Өздігінен түсік тастау - табиғи құбылыс,
медициналық немесе хирургиялық түсікке
жатпайды. Өздігінен түсіктердің келесі түрлері
болады:
Толық түсік: жүктіліктің барлық өнімдері ана
денесінен шығады.
Жартылай түсік: жүктілік өнімдерінің
бөліктері ғана ана денесінен шығады.
Тоқтатуға келмейтін түсік. Инфекциялық
(сепсистік) түсік: жатырдың жабындысы
жұқпаланған.
Болмай қалған түсік: жүктілік үзілген, бірақ,
жүктілік өнімдері ана денесінен шықпаған.
Себептері
Түсіктердің көпшілігі ұрықтың хромосомасының зақымдануынан
туындайды, бұл оның қалыпты дамуына кедергі келтіреді. Әдетте,
бұл ақаулар ата-анасының гендерімен байланысты емес.
Түсіктердің басқа себептері: ·
Есірткі және алкоголь қолдану ·
Сыртқы уыттардың әсері ·
Гормондық ауытқу ·
Инфекция ·
Семіздік ·
Ананың бала өрбіту ағзаларының дайын болмауы
Ана организмінің иммундық жауабындағы мәселелер ·
Ананың жүйелік аурулары, мысалы, бақылауға алынбаған қант
диабеті ·
Темекі шегу.
Симптомдары
o Арқаның немесе іштің төменгі бөлігіндегі әлсіз немесе жіті

ауырсыну немесе түйілу

o Іншектен босану материалдарының немесе қан ұйындысының

шығуы

o Іш аумағындағы ауырсынумен/ ауырсынусыз болатын

іншектен қан кетуі
Диагностика
Гинекологиялық қарау кезінде жатыр мойнының ашылуы немесе
күшті эрозияға ұшырауы және жіңішкеруі анықталады. Сондай-ақ,
УДЗ (УЗИ) жасап, ұрықтың дамуын, жүрек соғуын және қанталау
дәрежесін анықтау қажет.
Қан талдауы:
Қан тобын анықтау (егер теріс резус-фактор болса, сізге теріс
резусты иммуноглобулин инъекциясы қажет болады).
Қан жоғалту дәрежесін анықтау үшін жалпы қан талдауы
Жүктілікті растау үшін АХГ(ХГЧ)
АХГ(ХГЧ) бірнеше күн немесе апта сайын қайталау қажет
Лейкоциттерге талдау (жеке немесе бірге) мүмкін жұқпаны
анықтау үшін.
Асқынулары
Толық түсіктің асқынуы сирек болады. Плацента қалдығының толық
шықпауы жағдайында жұқпаланған түсіктің салдары – қызу,
тоқтамай іншектен қан кетуі, түйілу және нашар иісті бөлінділер.
Жұқпалану күрделі болуы мүмкін, шұғыл медициналық араласуды
қажет етуі мүмкін. Егер әйел нәрестесін жүктіліктің 20-шы
аптасынан кейін жоғалтса, оған медициналық көмекке жүгіну қажет.
Бұл мезгілінен бұрын босану немесе ұрықтың өлім-жітімі, бұл
жағдайды бақылау үшін дәрігердің назары қажет. Түсіктен кейін
әйел және оның жақындары басыңқылық немесе қайғыру сезіміне
ұшырайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ, басыңқы күй өтпесе немесе
ушығатын болса, туыс-туғандарыңызға, достарыңызға немесе
дәрігерге айту қажет.
Емдеу
Түсікте босану материалы зерттеледі және плацента жағдайы
анықталады (қалыпты немесе кірме болуына). Түсіктен
кейінгі 2 апта ішінде әйел бақылауға алынады. Егер босану
материалы толығымен ана денесінен шықпаса, оны
хирургиялық немесе медикаментоздық (мезопростол
тағайындалады) жолмен алып тастау қажет. Емдеуден кейін
етеккір айналымы 4-6 апта ішінде қалпына келеді. Кез келген
қан кетуі мұқият тексерілуі тиіс. Келесі жүктілік алдында бір
толық етеккір айналымын өткізген жөн.
Алдын алу
Жүкті әйелге ерте және кешенді күтім көрсету - жүктіліктің түсік секілді
асқынуының алдын алу шарасы.
Ауруларды жүктілікке дейін ерте анықтау және емдеу арқылы аурудан
болатын түсіктің алдын алуға болады. Жүктілік барысында зиянды әсерден
алшақ болсаңыз, түсік ықтималдығы аз болады. Оларға ренген сәулесі,
есірткілер, алкоголь, кофеинді жиі тұтыну және инфекциялық аурулар
жатады.
Ана организміне жүктілікті сақтау қиын болса, аздаған іншектік қан кетуі
байқалуы мүмкін. Бұл түсік қаупін көрсетеді. Бірақ, бұл міндетті
болатындығы емес. түсік қаупінің белгілері мен симптомдары байқалған әйел
шұғыл түрде өзінің дәрігеріне қаралуы қажет.
Контрацепция әдістері:
1. Дәстүрлі әдістер:
Тосқауылдық (немесе механикалық);
Спермицидтер (немесе химиялық);
Ритмдік (немесе биологиялық);
Жыныстық қатынасты үзу.

2. Қазіргі кездегі әдістер:
Жатырішілік контрацепция;
Гормональды контрацепция.

3. Ерікті хирургиялық стерилизация.

4. Лактациялық аменорея әдістері
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері:
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері жатыр қуысына
шәуһеттің түсуіне кедергі жасай отырып, ұрықтанудан
сақтауға мүмкіншілік береді.
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері:
Презервативтер: жыныс жолдары арқылы жұғатын
аурулардан қорғайды; медициналық қарсы көрсеткіштер
жоқ; көбіне рецептсіз беріледі , қол жетімді.
Жатыр мойнының қалпақшалары;
Диафрагмалар - бұл резенкелік күмбез,
жатыр мойнына бекітеді, қынап ішінде
тосқауыл қалыптасады;
Губкалар.
Спермицидтер (химиялық
әдіс)
• Спермицидтердің құрамына химиялық зат
ноноксинол-9 кіреді, олардың бактерио -
вирусоцидтік қасиеттері бар.
• Таблеткалар( трацептин)
• Шариктер(лютенурин)
• Вагиналдық суппозиторийлер, пасталар,
кремдер, гельдер, пленклар (Жинофильм
фирмаларынан «Ф.И.К. Медикаль»).
Ритмдік (биологиялық
Менструалдық циклдыңәдіс)
физиологиялық белгілері
фертилдік (ұрықтануға мүмкін кезең) және
инфертилдік емес (ұрықтану мүмкіншілігі аз кезең)
фазаларын бақылауға негізделген.
Принциптері:
-Овуляция менструалдық циклдың 14-16 – шы күндері
жүреді (ол тек әйелдің менструалдық циклы ретті болған
жағдайда ғана);
-Ұрық жұмыртқасы овуляциядан кейін 24-48 сағат ішінде
тіршілігін сақтайды;
-Сперматозоидтардың әйел ағзасында тіршілік ету
қабілеті 7-8 күн.
Жатырішілік
серіппе(ЖІС)
Жатырішілік серіппенің қазіргі кездегі
жіктелуі:

Инерттік (немесе бейтарап);
Дәрілік, құрамында мыс және гестаген бар
Жатырішілік серіппе(ЖІС)

Құрамында мыс бар ЖІС Құрамында прогестерон бар ЖІС
Гормоналдық
контрацепция
Жіктелуі
Қосарланған эстроген-гестаген құрамды
ТПҚ (таза прогестаген құрамды):
мини-пили,
инъекциондық,
тері астылық имплантанттар,
ЖІС (Мирена)
Прогестеронның антогонисттері
(мифепристон, RU-486).

Ұқсас жұмыстар
СӨЖ ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ
Әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау орталықтарында жас ата-аналар мектебінің жұмысына қатысып,есеп жазу
Контрацепция түрлері
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері
Әйелдің стерилизациясы
Лабораториялық тексеру
Аборт. стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Репродуктивтік денсаулық және тәлім-тәрбие
Ерте жыныстық қатынастың себептері
Пәндер