БАСҚАРУ ТУРАЛЫ АФОРИЗМДЕРІН ЖИНАП, ӨЗІНДІК ТАЛДАУ ЖАСАУ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК
ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ АФОРИЗМДЕРІН
ЖИНАП, ӨЗІНДІК ТАЛДАУ ЖАСАУ
Орындағандар: Өмірбай А.,Алмахунова А.,Асылбек Р.
Мамандық: Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде
жаңа буын ұрпақтарының мемлекеттік стандарттары негізінде
жаңартылған білім беру бағдарламалары жасалуда. Онда оқушыны
белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогке
түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға
күш жұмсап, еңбектенетін тұлға тұрғысынан қалыптастыру қолға
алынып отыр.
.
Инновацияларды тәжірибеге енгізу үшін
мұғалім кәсіптік құзыреттілік пен кәсіби
деңгейге ие болуы керек. Білім берудің
мақсаты дәстүр бойынша түлектердің
белгілі білімді, білікті, дағдыларды
меңгеруіне негізделеді. Бүгінгі таңда
кәсіби және өмірлік мәселелерді іс
жүзінде шеше алатын, оқушылардың
оқу-тәрбие үдерісін басқара алатын,
практикаға бағытталған мұғалімдер
қажет.
Осылайша, «қоғамдық дамудың қазіргі
жағдайы «маманның басқару
құзыреттілігін» зерделеу қажеттілігін
өзектендіреді. Болашақ педагогтың
басқарушылық құзыреттілігінің негізі
«басқару»түсінігінен туындайды.
Басқару ұғымының негізі ежелгі философтар
еңбектерінен бастау алады.
Конфуций (551-478 жж. б.д.д.) – «ізгілікті
басқаруға» мән беріп, оны ешбір өзге мүмкіндік
берместен басқару, үнемі адамдарға қамқорлық
жасау, сонымен қатар қоғам мүшелері арасында
міндеттерді бөлуде қатаң әлеуметтік
дифференциация иерархиясы деп түсіндіреді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы мен оның
көмекшілерінің даналығына сүйену қажеттігін
көрсетеді.
Платон (427-343 жж. б.д.д.) – мемлекетте әрбір
қоғам мүшесі өз ісімен шұғылдану қажет, өзге
адамдар ісіне кірігуге болмайды, бұл талап тұтас
құрылымға бағынуды және соған еңбек етуді
нұсқайды.
Аристотель (384-322 жж. б.д.д.) «әрбір
мемлекет белгілі бір қоғамдық тұрғылықты
орын» екендігін дәлелдеп, Платонның
идеалды мемлекетіне сын айтып, жеке мүлік
және қоғамдағы отбасын сақтау қажеттілігін
қорғау керектігіне көңіл бөлген.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.). –
идеалды мемлекет қандай болу керектігін
ойланып, басқару рөліне және оның
адамгершілік құндылықтарына басты назар
аударған.
Сондай-ақ, басқа да түркі ғұлама ойшылдары Жүсіп Баласағұни, Қожа
Ахмет Иассауи, Ахмед Иүгінеки, Махмуд Қашқари өздерінің
еңбектерінде ел басқару мәселесіне, мемлекет басқарушысының
кемелденген, парасатты адам болу керектігіне мән беріп, олардың
бойында болуға қажетті адамгершілік сапаларды көрсеткен.
Сонымен ежелгі және орта ғасыр философтарының еңбектерінде
басқару ұғымы кім басқару керек және қалай басқару керек делінген
екі бағытты анықтайды.
Педагогикалық-психологиялық және тарихи-педагогикалық әдебиеттерді
талдау негізінде педагог мамандардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың мазмұны мен мәнін ашатын тарихи деңгейлерді атап өтуді
жөн көрдік. Бірінші, қазан төңкерісіне дейінгі деңгей (1811ж.-1917ж.). Мұнда
білім беру мекемелер санының артуына байланысты педагогтармен жүйелі
негіздегі білім мен тәрбиені ұйымдастыру бойынша педагогикалық іс-әрекет
тиімділігі үшін басқарушылық қабілетті қолдану және дамыту қажеттігі
туындады. Оқыту мекемелерінде басқарушылық іс-әрекет практикасының
құрылуына көптеген реформалар үлес қосып, арнайы басқару мекемелері
ашылды. Барлық қоғамда, әр уақытта басқарушылар қатарына білімі бар,
тәрбиелі, лауазымды отбасы ұрпақтары кірген. Бұл кезеңде басқаруға арнайы
оқытпаған.
Басқарудың ғылыми мектебін негізін салушылардың(1885-1920ж.) (Ф.Тэйлор,
Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г.Эмерсон, Генри, Кант) пікірінше, басқару – бұл ерекше
мамандық, ал ол туралы ілім дербес пән. Олар логикалық талдау мен бақылауды
қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды
ғылыми жетілдіруді ұсынады, ғылыми басқаруды ұстанады.
Ғылыми басқару әдістерінің бірінші кезеңі – жұмыстың мазмұнын талдау және
оның негізгі компонентін анықтау екендігін көрсетеді. Өндірістің өнімімен
көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен
ынталандыруды жүйелі қолдануды ұсынды.
XIXғ. соңында П.Ф.Каптерев жұмыстары жарық көрді. Ол педагог
тұлғасының сапаларына және жалпы адами қасиеттеріне аса назар
бөліп,«Мұғалім тұлғасы оқыту жағдайында бірінші орынға ие» деп
көрсеткен. Оның пікірінше, педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігінің
басты факторы педагогтың «тұлғалық сапаларының» болуын атайды.
Олардың қатарында барлығын бірдей қабылдай білу, сезімталдық,
адалдық, төзімділік, шыдамдылық,қоршаған ортаға мейірімділікті
атады.
Екінші, идеологиялық деңгей. (1920–1950 жылдар аралығы).
Бұл кезеңге сәйкес ескі мектептер орнын жаңа мектептерге алмастыру
өзекті болды, ол мектептер пролетарлық мемлекет
қызығушылықтарын қанағаттандыру керек еді. ХХ ғасырдың 20-
жылдары жоғары білікті басқарушы мамандар даярлау өзекті болды.
ХХ ғасырдың 30-жылдары әкімшілік-әміршілдік басқару стилі
басымдылық танытты, идеологиялық қыспақ орын алды, содан соң
педагогтың басқарушылық іс-әрекеті өз дербестігін жоғалтып және
жоғары лауазымда отырған адамдар талаптарын қанағаттандырушыға
айналды.
ХХ ғасырдың бастапқы кезінде пионерлердің басқарушылық
қабілеттерін қалыптастыру мәселелерін қарастырушы жұмыстар пайда
болды. Осылайша, В.П.Вахтерев «Жаңа педагогика негіздері» атты өз
жұмысында педагог басқарушылар рөлін ерекше атап, олар топ
бағытын анықтап және оның мүшелерін өз көңіл күйімен ынталандыру
тиістігін көрсетеді.
Бұл кезеңге сәйкес зерттеулерде А.С.Залужный жұмыстары аса
қызығушылық тудырады, олар тұлға басқарушылық сапаларын
қалыптастыру,лидерді тәрбиелеу мәселесіне арналған. Автор педагог-
басқарушының белсенділік, сана даму деңгейінің жоғарылығы сынды
қабілеттерді ерекшелейді.
Педагогтың басқарушылық іс-әрекеті
К.Д.Ушинский еңбектерінде көрініс тапқан.
Оның пікірінше, басқарушы администратор
және педагог болуы керек. К.Д. Ушинский
ерекше назарды басқарушы тұлғасына,
педагогқа , оның кәсіби деңгейіне,
еңбекқорлық, табандылық, патриотизм,
ізгілік, мейірімділік, тәртіпке бағына білу
сияқты қабілеттеріне аударған. Аталған бұл
қабілеттерді ғалымның пікірінше, халықтық
принцип негізінде тәрбиелеу қажет.
ХХ ғасырдың 30-жылдары басқарушылық іс-әрекет лениндік басқару
ұстанымы негізінде құрылған. Осы кезеңде басқарушыларды
дайындауға арналған көптеген мектептер ашылды. Мұғалімге деген
қарым-қатынас түріөзгерді: бұл өте сауатты, саяси тұрғыда білімді
қоғам мүшелері болды. Мұғалім бала тәрбиесімен айналысып,
мемлекет болашағын құрды. Ол оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекеттерін
сауатты орындауға міндетті болды, кәсіби негізде оқыту, тәрбиелеу,
ағартушылық және басқару қызметтерін орындау қажеттігі туындады.

Ұқсас жұмыстар
Медициналық статистиканың теоретикалық негіздері
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы,міндеттері
Саясаттану парадигмалары
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
Саясат мүмкін өнер ретінде
Басқарудағы жүйелік тәсіл. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары
Пәндер