Қыз бала - ұлттың ұяты: әдеп пен әсемдік арқылы ұлттық тәрбие


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы”

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып сыпайылыққа, қыздарды сыйлауға, әсемділікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, Тәрбиелік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.

Slide 3

Шаттық шеңбері

Slide 4

Сұлу ханша (Ертегі) Ерте, ерте, ертеде, үлкен бір шахардың ханы өз баласына жар таңдап, жар

салыпты. «Кімде кім өз парасаты мен ақылын менің алдымда көрсете алса,

сол қызды мен өз сарайыма ханша етемін» дейді. Бұл жар салуды естіген

қыздар жан-жақтан ағыла бастайды. Бірі өзінің қымбат әшекейімен сұлу

болғысы келеді, бірі әдемі сән-салтанатымен көзді арбайды. Бірақ хан

алдында әр қыз тек сұлулығын көрсете алғанмен, парасатын көрсете алмапты. Тіпті, сұлулық пен парасаттың бір-біріне қатысы не деп таңданғандары да жоқ емес. Осылайша, біраз таңдаумен хан да, оның баласы да шаршайды. Сөйтіп күндер өте ханның баласы енді ел аралауға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, күндердің күнінде бір елдің шетіне келіп, бір жұпынылау үйдің қасынан өтіп бара жатып, сұлулығы көзді алдамаса да сүйкімді бір қызды көреді. Қыз жанына жиналған барлық кішкене қыздарға кесте ілуді үйретіп отырады.

Жігіт оған: - Сіңлілерің не деген көп еді? - деп таңданысын жасырмайды. Қызда жігітке бір сәт көз тастап, танымаса да инабаттылықпен амандасады. Үйіне кіріп, жолай өткен жігітке салқын сусын ұсынады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін, өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтып, әкесіне осы елдің адамдарына сөз салып, қызды айттырып алады. Бір қызығы, әкесі мен шешесінен бөлек, қызды бүкіл ауыл қимастықпен шығарып салады. Қоштасар сәтте ауылдың сөз тоқтатқан қариясы: - Сүйкімді дүниенің сұлулықта деуші еді бұрынғылар. Біздің қызымыз өзінің жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрген қыз еді. Осы қыздың арқасында біздің ауылымыз да сүйкімді болған екен. Біздің алтынымызды қадірлей біл, - деп, шығарып салған екен.

Slide 5

«Ойланайық, пікірлесейік»

1. Жігіт неліктен қызды таңдады? 2. Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар? 3. Қыздарға әсемдік жарасады дегенді қалай түсінесіздер? 4. Әдептілік пен әсемділік сөздерінің айырмашылығы? 5. Қазіргі қазақ қыздарының бойынан әдептілік пен әдемілікті көре аламыз ба?

Slide 6

«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Slide 7

«Қыз бала - ұлттың ұяты,

халықтың шырайы»

Slide 8

Сабырлы,

Байсалды,

Ержүрек,

Биязы,

Парасатты,

ақылды

Инабатты, әдепті,

Сыпайы

Венндиаграмма

Қыз

Ұл

Slide 9

ІІІ. Сауалнама 1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы

мүмкін? 2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда,

\ сабақта, спорт залда, асханада) 3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе? 4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің? 5. Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің? 6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе?

Slide 10

Ү. Пікірталас

Жүргенде сендер тамаша-ақ,

Қазақтың ғажап даласы.

Өздеріңсіңдер болашақ,

Ұрпақтың ұлы анасы-дегендей

Ұлттық дүниетаным, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қыз бала тәрбиесінде қаншалықты рөлі бар?

Аяулы ару қыздар, көрікті көктемдегі

Тамаша сіздерменен өмірдің өткелдері

Жанарды жалт еткізіп, біздерге қараңыздар

Осылай көңілдерге шуақ боп тараңыздар- қазіргі заман талабына сай қыз бала өзін қалай ұстауы керек, бұрынғы қазақ қыздарының қылығы мен қазіргі қазақ қыздарының қылығының қандай айырмашылығы бар?

Бүгінгі күнде көптеген бойжеткендеріміздің салғырттыққа салынып, өмірдің қараңғы жағына бет бұрып кетулеріне қандай себеп бар?

«Ақыр заман болғанда, су тартылар

Қарап тұрған жігітке қыз артылар» - деген болжаудың бүгінгі тыныш заманда қаншалықты ақиқаттық мөлшері бар?

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы ұлттық және адамгершілік тәрбие: ата-әже мен ата-ана рөлі және қыз бала тәрбиесі
9-сынып ІІ тарау: Әдеп пен иман - руханият, исламдық тәрбие және ұлттық моральдық дәстүрлер
Қазақ қоғамында қыз тәрбиесінің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері
Халық педагогикасының мақсаты мен мазмұны: ұлттық салт-дәстүрлер арқылы тәрбие
Әсемдік және жан сұлулығы: эстетикалық тәрбие сабағы
Балалардағы әдеп пен адамгершілік тәрбиесі
Қазақ отбасында ұл мен қыз баланы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Бал-бала қуыршақтары: ұлттық тәрбие құралы және оқу-әдістемелік міндеттер
Отбасындағы қыз тәрбиесі: ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заманғы талаптар
Өнер құдіреті мәңгілік: ұлттық өнер арқылы рухани және эстетикалық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz