Абай ауданында 1897 жылғы


Slide 1

Әуезов Мұхтар Омарханұлы

Slide 2

Мұхтар Әуезов

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», -деп кейін еске алады.

Slide 3

Шығармашылығы

«Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсы. М. Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді. 1917 жылдан басталған алғашқы шығармаларының өзінде-ақ жазушы қазақ елінің тіршілігі мен тынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, көптеген тарихи және әлеуметтік мөселелерді көрсетуге күш салды. і.

Бұл М. Әуезов талантының жан-жақтылығын, білім-дәрежесінің молдығын танытты. 1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі - «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі - әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды. Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсеті.

Slide 4

Мұхтар Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.

Slide 5

1903-1968 жылдар арасында ғұмыр кешкен Фатима Ғабитова 17 жасында жас ағартушы, драматург Біләл Сүлеевпен шаңырақ көтеріп, одан үш бала көреді. Біләл ағамыз 1930 жылдардың басында қуғынға ұшырап, тұтқынға алынады. Фатима Ғабитова одан соң, Ілияс Жансүгіровпен көңіл жарастырып, одан да үш бала сүйеді. Екеуі құрған шаңырақ ыстық махаббатқа толып, сезіммен өріледі. Алайда Ілияс Жансүгіров 1937 жылы қуғын-сүргін құрбаны болып, атылып кетеді. Сөйтіп Фатима екінші рет "Халық жауының" әйелі атанады. Бұдан кейін Фатима апайымыз Мұхтар Әуезовпен қосылып, одан бір бала қалады

Slide 6

Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың ұлдары Мұрат Әуезов

- Әкем қайтыс болғанда жасым он сегізде, 1961жылы қайтыс болды. Мәскеуде «Кунцевский» ауруханасында операция үстінде үзілді. Ол кезде нархоз нашар, үлкен адамға қиын, нархозға әкемнің жүрегі шыдамады. Әкеме қылтамақ деген диагноз қойылды. Содан асқазандағы қылтамақты алып тастайтын болды. Соның барлығына 6 сағат уақыт кетті, жүрек шыдамады. Аяқ астынан кетіп қалды. Мен күніге қасында болдым. Әкем маған арнайы ақша бөліп, сен күніге келіп тұр дейтін, арамыз 30 шақырым Мәскеу мен аурухананың арасы. Содан күніге барып тұрдым. Сол кездері осы Алматыдағы жазушыларға көптеген хаттар жазатын. Маған жазып беріп жібереді. Мен Мәскеудің орталығына барып почта арқылы салып жіберіп отырдым. Әкеміз 1960 жылдың маусым айының 27-сі күні қайтыс болды. 26-сы күні қасына ешкімді жолатқан жоқ, операцияға дайындады. Мен оған 25 күні түстен кейін бардым, сол кезде әкеме ұсыныс айттым. Жазғы демалыс кезінде Семейге барып келсем деген ойымды жеткіздім. Бұл ұсынысымды ол сондай жылы қабылдап, көңілі көтеріліп қалды. Содан екі хат жазды. Ол хаттары сақтаулы.

Slide 7

Абай жолы

Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай 1945 жылы М. Әуезов «Абай» операсына либретто, «Абай әндері» көркем кинофильмінің сценарийін, Абай өмірбаянының жаңа нұсқасы мен ақын туралы бірнеше мақала жазды. Мәскеуде «Абай» романының бірінші кітабы шықты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады, 1947 жылы «Абай» романының қазақ тіліндегі екінші кітабы, 1948 жылы екі кітап та орыс тілінде басылды. 1949 жылы романға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді


Ұқсас жұмыстар
Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
М.Әуезов Абай жолы романы
Қарағанды обл
Взвод командирі
Айша бибі кесенесі
Қарағанды қаласы
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz