Шөгінді тау жыныстары


Slide 1

Тау жыныстары

Тау жыныстары

Slide 2

Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым болып табылады .

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Магмалық тау жыныстары

Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз. Пайда болу жағдайына байланысты магмалык тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабаттарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді.

Slide 7

Интрузивтік тау жыныстары

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте. ) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.

Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.

Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.

Slide 8

Эффузивтік тау жыныстары

Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.

Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды.

Slide 9 Slide 10

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары - құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Slide 11

Жер қыртысы алғашқы қатайып құрылған кезден бастап оны құраушы магмалық жыныстар температураның, желдің және судың әсерінен өзгеріске ұшыраған. Үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып көл, теңіз, т. б. су түбіне жиналған. Мұндай тұнба жыныстар кесек шөгінділер деп аталады.

Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады (мысалы, тұз, т. б. ) . Мұндай жолмен химиялық шөгінділер пайда болады.

Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділер құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан бор құралады.

Әр түрлі жолдармен пайда болғанына қарамастан, шөгінді жыныстардың бәріне тән екі түрлі ерекшелік бар. Біріншіден, тұну арқылы түзілгендіктен олардың бәрі де қат-қабаттанып жатады. Екіншіден, шөгінді жыныстардың арасынан жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары немесе таңбалары ұшырасады. Мысалға, тас көмір қабаттарының арасынан ағаштың тасқа айналған қалдығы немесе жапырағының таңбасы жиі кездеседі.

Slide 12

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;

осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;

әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Slide 13

Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді. Аутигендік шөгінді тау жыныстары[өңдеу]

Аутигендік шөгінді тау жыныстары - шөгу процесі кезінде түзілген минералдар тобы. Оларға: каолинит, гидрослюда, монтмориллонит, гиббсит, бемит, диаспор, гетит, гематит, пиролюзит, псиломелан, манганит, апатит, коллофан, кварц, халцедон, опал, кальцит, доломит, сидерит, родохрозит, гипс, ангидрит, галит, сильвин, карналлит жатады.

Аллотигендік шөгінді тау жыныстары[өңдеу]

Аллотигендік шөгінді тау жыныстарына - магмалық және метаморфтық тау жыныстары мен олардың минералдары, ғарыштық тозаңдар, организм қалдықтары, жанартау өнімдері (пирокластар) жатады. Шөгінді тау жыныстарының бітімі қалыптасу жағдайына қарай: көлбеу, арналық, теңіз-жағалық, эолдық, тасқындық, толқындық, қабаттастық, су асты көшкіндік, ұсақ қатпарлы, биогендік, тасберіштік, т. б. болып келеді. Олардың құрылымы да жаралу түріне қарай әр түрлі: псефиттік, псаммиттік, алевриттік, пелиттік, литокластық, кристалкластық, витркластық, пизолиттік, оолиттік, сферолиттік, биоморфтық, детритустық, кристалл түйірлі, жасырын кристалды, аморфты, т. б. болады.

Slide 14

Шөгінді тау жыныстарының түзілуі

Шөгінді тау жыныстары түзілуі бойынша 3 класқа бөлінеді:

сынықты

сазды

химия-биохимиялық

Slide 15

Сынықты Шөгінді тау жыныстары тегіне байланысты екі қатарға ажыратылады: жанартаулық және нақты шөгінді. Жанартаулық-сынықты тау жыныстары жанартау атқылауы кезінде түзіліп (пирокластар), мөлшер қатынасы бойыншатуфтар, туффиттер және туфогендік болып үшке бөлінеді. Туфтарда пирокласт 90%, ал туффиттерде 50 - 90%, туфогендік тау жыныстарында 10 - 50% болады. Нақты шөгінді-сынықты тау жыныстары өлшемі бойынша ірі (2 мм-ден үлкен), орташа (0, 1 - 2 мм) және ұсақ (0, 01 - 0, 1 мм) болып жіктеледі. Ірілері физикалық күйіне байланысты жақпартас, дөңбектас, малтатас, қиыршықтас, конгломераттар, брекчиялар деп ажыратылады. Орташа сынықты тау жыныстары құм және құмтасқа, ал ұсақ түйірлілері құмайт және құмайттасқа бөлінеді.

Slide 16

Сазды Шөгінді тау жыныстарының болбыр, жұмсақ түрлерін саздар, ал тасқа айналғандарын сазтастар деп атайды. Олар гидрослюда, монтмориллонит, т. б. сияқты сазды минералдардан тұрады.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстар
Минералдардын жіктелуі
Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Магмалық тау жыныстары классификациясы
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКЗОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР
Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
Жанартау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz