Реактивті қозғалыс
Презентация қосу
Реактивті
қозғалыс
ОРЫНДАҒАН:КУТЛИКАДАМОВА ДИАНА ВТКО-
202
реактивті қозғалыс
Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір
жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Реактивті
қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін
еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға
болады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқа
атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал
бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі
саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай
көтерілуін тудырады. Ол біраз уақыт бөлме ішінде әрлі-берлі
ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама –
қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді.
Реактивті қозғалыс принцепі сағатына бірнеше мыңдаған
километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, Жердің
жасанды серіктерін, планетаралық саяхат жасайтын ғарыш
зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының
ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгершілік, аса
ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік
қажет.
Реактивті қозғалыс принципі
Реактивті қозғалыс принципі – зымыран қозғалысына мысал келтірсек. Қарапайым зымыран
жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жануа кезінде жоғарғы
температураға дейінгі қызған жоғары қысымдағы газ Сопло деп аталатын ерекше пішіні бар
камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі) атқылап шығады.Есептеуді жеңілдету
үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері мв1 импульс алады деп
есептейік, мұндағы в1 – атқылап шығатын газ жылдамдығы, м – жанған отынның массасы.
Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда
өте үлкен болғандықтан, «зымыран – газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай
қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы
зымыранның сыртқы қабығымен және отынның қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда
газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді.
Онда массасы М- м болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсінің
бағытына қарама – қарсы бағытталған (М – м) в2 импульс алады, мұндағы в2 – зымыран
қабығының жылдамдығы, Онда мв1 = - (М – м) в2 болады. Ал бұдан в2 = - мв/(М- м)
Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама – қарсы бағытталған
жылдамдық алатын болады. Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп
шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалынады,
яғни оның әр сатысының отын қоры тотықтандырғышы
және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы
отынның барлық қоры түгел жанып біткенде ол бөлініп
қалады. Осыдан кейін екінші саты массаларының
қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады. Массаның
азаюы екінші, одан кейін үшінші сатыдағы отынды
үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі қарай
арттыруға себептеседі.Егер зымыранның Жерге қайтып
оралуы жоспарланған болса онда үшінші саты қосылардың
алдында ғарыш кемесі 180 градусқа бұрылады. Үшінші
сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына
қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның
жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі.
Адамзаттың ғарышқа шығуы, басқа планеталарды, табиғат
құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге
мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндірісте де, ғылымға
да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш
айлағы бар біздің Қазақстан Әлемдегі санаулы ғарыштық
мемлекеттердің біріне айналды.
Қазақ ғарышкерлері
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz