Майлы өсімдіктер тобы және мәдени күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері


Slide 1

Презентация

Тақырыбы:Майлы өсімдіктер

Тобы:113-81

Қабылдаған:Ибрагимов Талғат

Орындаған:Анарбек Дана

Slide 2

Жоспар

Майлы өсімдіктер

Мәдени күнбағыс

Морфологиялық ерекшеліктері

Slide 3

Майлы өсімдіктер

Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады. Майлы дақылдар - май алыну үшін қолдан өсірілетін бір жылдық және көп жылдық ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. Майдың құрамы мен сапасы майлы дақылдардың түріне және сортына, ауа райына және топырақтың түрі мен құнарлылығын сондай-ақ жүргізілетін агротехникалық шараларға байланысты. Қазақстанда күнбағыс, соя, қыша, кенедән, зығыр, күнжіт тұқымдасы және т. б егіледі

Slide 4

Күнбағыс

Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны(70%) - күнбағыс . 1996-жылы ол 330-мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160-мың га, Павлодар облысында 88-мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде де (майонез, маргарин) азық-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын т. б өнеркәсіп бұйымдарын қолдануда пайдаланылады. Күнбағыстың күнжарысы -өте құнды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты Солтүстік Қазақстанда бірқатар аудандарда сүрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады. Егуге рұқсат етілген күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54%май болады

Slide 5

Мәдени күнбағыс

Кіндік тамыры бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында Қазақстанның құрғақ далалы аймағында өседі. Күнбағыс сабағы тік өседі, қуатты, тікенекті түктермен көмкерілген, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0, 6-2, 5м. Жапырақтары ірі, сағақта, сабақта кезектесіп және қарама-қарсы орналасқан, сопақ, жүрек пішінді, түкті. Гүл шоғыры-диаметрі 15-20см және одан да жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында, қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созылыңқы және тұқымнан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80гр және қауыздылығы (қабаттылығы) 28-35%.

Slide 6

Морфологиялық ерекшеліктері

Күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі -мәдени күнбағыс . Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің көп мөлшері, майлылығы мен қаттылығы бойынша 3-топқа бөлінеді:майлы, шағылатын, аралық . Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие.

Slide 7

Майлы өсімдіктер:

Күнбағыс

Зығыр

Күнжіт

Көкнәр

Рапс

Жержаңғақ

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Күнбағыс (Helianthus annuus) майлы дақылын өсірудің агротехникалық ерекшеліктері
Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктер: химиялық құрамы, биологиялық маңызы және таралуы
Майлы зығыр: тұқым сапасы, биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Майлы және витаминді дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар: эфир майлары, липидтер және витаминдердің химиясы мен қолданылуы
Өсімдіктер биотехнологиясы және өсімдік жасушаларын мәдени өсіру: әдістері мен қолданылуы
Гидрофиттер: түрлері, тұқымдастары және морфологиялық ерекшеліктері
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер: жүйесі, құрылыс ерекшеліктері және көбеюі
Гистиогенезге негізделген ісіктер классификациясы және клинико-морфологиялық ерекшеліктері
Кактус (Cactaceae): биологиялық-морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, түрлері және шаруашылық маңызы
Құстар класы: жүйеленуі мен морфологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz