Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын


Slide 1

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Сабақтың тақырыбы: “ Қарты бар үйдің қазынасы бар”

Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап, құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қамқорлық, қайырымдылық, адамгершілік сынды қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер:

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді. Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, фломастерлер, стикерлер, қанатты сөздер, слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту, сыни тұрғысынан ойлау.

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5

І тур. Жағдаят(ситуация)

1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай) Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады. Неге олай ойлайсыңдар?

2. Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі. Кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес. Неге?

3. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай. ) Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр, не үшін?

Slide 6

ІІ тур. Тәрбие тал бесіктен

Әр топ қайырымдылық, сыйластық туралы мақал, нақыл сөздер, әңгіме айтады.

ІІІ тур. Постер құрау

1 топ. «Қайырымды істер»

2 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім»

Slide 7

ІV тур. Мәтінмен жұмыс.

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

- «балам анау не?» деп сұрапты.

- «ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

- «Ол - түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.

Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Талдау жұмысы

-Бұл әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

Slide 8

Тоқта, ботам!

Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда, Жастық дейтін көктеменің шағында, Өскен едік сенің анаң екеуміз Осы қарттың мәпелеген бағында. Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін, Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін. Жинап алып жүрер еді жарықтық Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.

Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы, Кейімесін ата-қыран ұялы. Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін, Атаң саған ұзақ өмірін қияды. Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?! Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі. . . Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда. Дария шалқар даналығын ал, тыңда! Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып Айырбастап таба алмай жүр алтынға. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!

Slide 9

Ойлаң! Жалғастыр!

1- Шаңырақ иесі кім?

2- Кімнің алақаны ыстық?

3- . . . . бардың жағасы бар

4-. . . . . . бардың тынысы бар

5-. . . . . өссе елдің көркі

6 -Әке, ана, аға, апа. . . . .

7-…. не қылсаң, алдыңа сол келер.

8-…. . Үй батасыз

9-Атасыз үй - …….

10-. . . . . бар үйдің қазынасы бар

Slide 10

Қорытынды:

Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер!

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев - Мен туған жер Қарасаз баурайдағы
Денсаулығым -бар байлығым
Достық-қымбат өмірде
Қазақ халқының дәстүрі
Адам өміріндегі отбасы және туыстық қатынастардың рөлі
Екі қыз жақсы дос
Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Қалжа мен шілдехана тойы
Отбасы күні
Әні мен сөзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz