Таным теориясы мәселелері




Презентация қосу
Гносеология

1. Танымның объектісі мен субъектісі.
2. Таным түрлері.
ГНОСЕОЛОГИЯ

Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым» және көне
грекше: λόγος — «сөз») немесе Гносеология (көне грекше: γνῶσις —
«білім» және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы—
философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс
кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін
ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті,
танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің
жолдары туралы ілім.
ТАРИХЫ
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе
жатыр. Бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты
мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі.
Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы
дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген
мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер
жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным
теориясының өзекті мәселесін құрайды.
Таным
• Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі.
Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу
үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған.
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс.

"Білу деген не?" деген сұраққа берілетін
жауаптың маңыздылығы Гетенің "Фаустында"
былай жазылған:
"... Білудің мәні не? Міне, досым, мәселе қайда?
Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.
Заттардың мәніне үңілгендерді, Барлық
жандарға сырын жайып салғандарды
Алауларға өртеді және тепкіледі. Бұл сізге
бесенеден белгілі..."
Таным термині

Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854
жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы
енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ
қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да
болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам
туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты.
Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі
ретінде өзінің мағынасын сақтайды.
Таным теориясы мәселелері

• "Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер
төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір
бөлшегі ретінде сезінген. Философтар таным теориясының мәселелері
төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы
философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis —
білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде
пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің
формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді.
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным
объектісі", "білім", "таным" жатады.
Таным

Сезімдік таным Рационалдық
түрлері: танымның бейнелеу
Сезімдік түрлері:
•Түйсік Рационалдық
•Қабылдау •Ұғым
•Елес •Пікір
•Ой-тұжырымы
Сезімдік таным түрлері:

• Түйсiк (ощущения) - адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн
объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке
қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi.
• Қабылдау (восприятие) - адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету
нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас
бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы.
• Елестету - сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-
сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн
сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi.
Рационалдық танымның бейнелеу
түрлері:

• Ұғым - заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы,
мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың
формасы.
• Пiкiр - ұғымдардың логикалық байланысынаң құрылады. Пiкiр арқылы адам
шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысың анықтайды.
• Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ой қортынды болып
келедi. Ол- белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн- пiкiр болып
табылады. Ойқортынды- екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды
жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып
табылады
Қорытынды

• Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты
принцип – адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып,
оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын,
қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау
қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса,
адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді.
Назарларыңызға Рахмет!


Орындаған:
Давранов Аббос

Ұқсас жұмыстар
Таным субъектісі және объектісі
Таным термині
Ақиқат теориясы қағидалары
Қазақ философиясының ерекшелігі
Декарт философиясы
Неміс классикалық философиясы туралы
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Философиядағы таным мәселесі
Қорқыт айтқан делінетін кейбір сөздер
ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер