Этнос, халық, ұлт және этникалық топ ұғымдарының салыстырмалы талдауы


Slide 1

“Этнос”, “халық”, ”ұлт”, “этникалық топ”

ұғымдарын салыстыру.

Slide 2

“Этнос”

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т. б. ) . Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т. б. ) .

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Slide 3

“Халық”

Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәу- елділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл) . 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6, 3 млрд. адамнан асты, олардың 1, 2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде түрды, ал 5, 1 млрд. - дамушы елдерде (81 %) . 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3, 78 млрд. адамға өсті (немесе 150, 1%) . Осы кезеңцегі өсудің 90% да¬мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41, 5% өсіп, 2050 ж. 8, 9 млрд. адамға жетеді, олардың 86, 3% дамушы елдерде тұрады.

Slide 4

“Ұлт”

Ұлт - қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.

КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт - белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым. [1] [2] [3] Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек.

Slide 5

“Этникалық топ”


Ұқсас жұмыстар
Этнос және ұлт әлеуметтануы: ұлттық бірегейлік пен мәдениеттің теориялық негіздері
Этноәлеуметтану: этнос, этногенез және Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Халықтар географиясы: демографиялық өсім, халық санағы, этникалық және тілдік құрылым
Қ. Жұмалиевтің Әдебиет теориясы мен З. Қабдоловтың Сөз өнері еңбектеріндегі тек пен түр ұғымдарының салыстырмалы талдауы
Этномәдениеттің қалыптасу факторлары және әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың теориясы
Этносоциология, этногенез және Қазақстандағы этникалық құрылым мен ұлтаралық қатынастар
Философиядағы болмыс пен материя ұғымдарының онтологиясы және тарихи-танымдық талдауы
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер: кезеңдер мен қалыптасу факторлары
Тұлға теорияларының салыстырмалы талдауы
Этнос әлеуметтік жүйе ретінде: этностың пайда болу заңдылықтары, этносаралық қатынастар және Қазақстанның ұлттық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz