Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті




Презентация қосу
Қазақ халқының
дәстүрлі мәдениеті

Тексерген: Абдримова Ф.
Орындаған: Нұрлан А.Н.
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған
соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық.
Қазақтар - Қазақстан Республикасының
негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны
16 миллионнан асады, исламдық
суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын
мекендейді, діні жағынан ханифиттік
мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай
тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады.
Бұл мәдениетті түсіну мақсатында
алдымен оны кеңістік өрісі мен
уақыт ағынында қарастырып, кейін
қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ
мәдениеті еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып
табылады. Сондықтан осы ұлттық
мәдениетті талдауды номадалық
(көшпелілік) өркениет
ерекшеліктерінен бастайық.
Ауыз әдебиеті мен
поэзиясы
Ауыз әдебиеті - халық
шығармашылығының айрықша саласы,
ауызша шығарылып, ауызша тараған
көркем-әдеби туындылардың жиынтық
атауы.
Қазақ халқының саяси-
әлеуметтік, қоғамдық-тарихи
даму сатыларына тән көркемдік-
эстетикалық талғам-түйсігін,
этикалық және философиялық
талап-тұжырымын танытады.
Көне дәуірлерден бастау алатын
қазақ халық поэзиясы синкретті
(ажыратылмас) құбылыс.
Сондықтан оның халық ауыз
әдебиетімен, музыка мәдениетім
Музыка тарихына
шолу
*Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III
ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры
аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі
тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға
арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы
батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат,
киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе
жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос
мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі",
"Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген",
"Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты
күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде
аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.
Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері
(VI—XII ғасырларда). Бұған
Қорқыттың күйлері — "Қорқыт",
"Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы",
"Желмая", қазір аты белгісіз
сазгерлердің "Абыз толғауы",
"Саймақтың сары өзені",
"Айрауықтың ащы зары", т. б.
күйлер жатады.
Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің
күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде
ауызша және әуенмен айтылатын батырлық,
ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар
батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық
батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл
осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған,
Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге
келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын
шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені
"Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық
атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ
ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының
музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы
ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ",
"Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған",
Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.
Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы
кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-
ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі",
"Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б.
күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ
батырлары жөніндегі жыр-дастандарды
жатқызуға болады.
Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда
және XX ғасырдың басында туған
музыкалық мұраларымыз. Оған:
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа,
Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан
сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан
Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен
Әзірбаев, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға
болады.
Қазақтың музыкалық
аспаптары
Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең
сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай,
музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым
халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп,
қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш
бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу
мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең
атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне
түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық
аңыздар өте көп.

«Домбыра» атауының шығуы жайлы таластар көп.
Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан
шыққан болуы керек деп те топшалайды, себебі шығыс
елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір
көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар.
Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі асап үнді
халықтарында «тампура» деп аталады. Ішекті шертпелі
аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы
қайдан шыққаны әзірге белгісіз.
Асатаяқ
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі
музыкалық аспабы. Асатаяқты
абыздар мен бақсылар ұстанған.
Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен
даңғыраның үніне қосып қолданатын
болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай
"күмбезде, "жалпақ басты", "ай
басты", "жылан басты", "сопақша",
"қалақша", т.б. болып келеді. Оларды
ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды.
Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана
секілді қатты ағаштардан жасалады.
Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы
дыбыс беретін темір салпыншақтар,
сақиналар, шығыршықтар тағылады.
Қазақ халқының
материалдық
мәдениеті
Қазақтың ұлттық киімі
Қазақтың ұлттық киімдері:

Киізден Теріден Жүннен
жасалатын жасалатын жасалатын
киімдер:Бай киімдер:Тон киімдер:Жада
пақ, кебенек, , бөрік, ғай шапан;
киіз етік құлақшын,кебі Шекпен;
с, мәсі Түйе жүн
кеудеше
Киімнің негізгі түрлері:

Сыртқы киімдер: Іштік киімдер:
шапан, бешпент, биялай,
тон, қамзол,
ішік жейде (көйлек)
шалбар

Ерлердің бас
киімдері:
Бөрік, жекей тымак,
құлақшын,тақия
Әйелдердің бас Аяқ киімдер:
киімдері: кебіс,
бөрік, кимешек, мәсі,
орамал, байпақ, етік
тақия
Қазақтың зергерлік
бұйымдары:

Тұмарша

Жүзік Сырға Алқа Қапсырма Білезік
Қазақ халқының зергерлік
өнері ерте замандағы
шеберлердің дәстүрлерін
жалғастыруда. Ол этнос
мәдениетін құрайтын
маңызды бөліктердің бірі
болып табылады.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
Музыка мәдениеті
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Дәстүрлі мәдениет
Қазақ киносы
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Қазақ көшпелілер мәдени мұрасы
Әлем халықтарының этнологиясы пәні
Пәндер