Емдеу-профилактикалық мекемелерде дезинфекция, стерильдеу және толық тазалау алгоритмі


Slide 1

«Астана Медицина университеті» АҚ Қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасы

Тақырыбы: ЕПМ-де дезинфекциялық стерильдеу

Нұр-сұлтан 2021ж.

БӨЖ

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. 1. ЕПМ-де дезинфекциялық стерильдеу

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе:

Ауруханадағы толық тазалау - ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың маңызды тұстарының бірі. ЕПМ-де күрделі тазалауды жүргізу мақсаты - үй-жайларда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Тазалау жұмыстары профилактикалық, эпидемияға қарсы және инфекцияға қарсы мақсаттарда жасалады. Тазалау жұмыстарының нәтижесі санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтауға әкеледі.

Slide 4

ЕПМ-де тазалау жұмыстарының түрлері:

• Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау;

• ЕПМ-де толық тазалау;

• Науқастарды шығарғаннан кейін үй-жайларды тазалау.

Slide 5

ЕПМ-де жинау үшін жауаптылар:

• Ережелер клиникалық, параклиникалық бөлімшелердің орта және кіші медициналық персоналына қолданылады.

• Тазалау жүргізетін қызметкер тазалау түрлері бойынша білікті құжатталған тренингтен өтуі тиіс.

• Тазалау жұмыстарының жүргізілуін аға мейірбикелер мен шаруашылық мейірбикелері қадағалайды.

• Жинауды жүргізуді бақылау мен мониторингілеуді инфекциялық бақылау қызметі жүзеге асырады.

Slide 6

ЕПМ-де толық тазалау жұмыстарын жасауға арналған

• Қорғаныс киімдері (бетперде, қолғаптар, арнайы киім) ;

• Бейімделу жинағы (шүберектер, щеткалар, швабралар, ысқыштар, бүріккіштер) ;

• Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген тазалайтын және дезинфекциялайтын ерітінділер.

• Шелектер таңбалануы тиіс, бөгде жұмыстарға қолдануға тыйым салынады.

Slide 7

ЕПМ-де толық тазалау жүргізу алгоритмі

Толық тазалау жұмыстары апта сайын жоспарланады, бекітілген күн тәртібі аясында техниканы, аспаптарды, жиһазды, мынадай үй-жайлардың едені:

• ота жасау кабинеттері;

• таңу бөлмелері;

• босанатын бөлімшелер;

• қол әрекеттері бөлімдері;

• залалсыздандыру блоктары;

• интенсивті терапия бөлімдері;

• қарап-тексеру залдары;

• асептикалық режимдегі кабинеттер тазаланады және дезинфекцияланады.

Slide 8

ЕПМ-де толық тазалау алдында:

а) қорғаныс халатын, бетпердені және басқа арнайы қорғаныс құралдарын киеді;

б) жаймалар мен төсек жабдықтарын (матрацтарды, жастықтарды, көрпелерді) дезинфекциялау камерасына немесе дезинфекциялық химзаттардың әсеріне салып алады.

в) кедергі келтірмес үшін жиһаздарды үй-жайлардан шығарады немесе топтап жинап қояды;

д) тазалау және зарарсыздандыру ерітінділерін қағидаларға сай ерітеді;

е) медициналық қалдықтарды жояды және ыдыстарды дезинфекциялайды

Slide 9

ЕПМ-де жалпы жинау жүргізудің реттілігі

ЕПМ-де жалпы тазалау алгоритмі белгілі бір реттілікті білдіреді:

а) төбелер, қабырғалар, жиһаз, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы 0, 5 %-дық жуу ерітіндісімен (10 литр сұйықтыққа 50 гр. ұнтақ есебімен немесе тазалау әсері бар дезинфекциямен*) өңдейді және таза сумен жуады;

ә) төбелерді, қабырғаларды, жиһазды, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы су бүркіп шаяды немесе талап етілетін концентрациядағы дезинфекциялайтын құрамға ылғалдандырылған шүберекпен сүртеді.

б) тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін үй-жай белгілі бір уақытқа дезинфекциялық әсер үшін жабылады;

Slide 10

в) дезинфекциялағаннан кейін бөлмелер желдетіледі;

г) өңделген жерлер сумен шайылады және таза шүберекпен сүртіп кептіріледі (қабырғалар, төбе, жиһаз, техника) ;

ғ) тазалау жұмыстары аяқталғанда еден дезинфекциялайтын сұйықтықты қолданып жуылады;

д) үй-жайлардың барлығы көлемі мен ауданы есепке алына отырып кварцтеледі, содан кейін желдетіледі;

е) тазалау жұмыстарынан кейін губкалар мен щеткалардың барлығы дезинфекциялық ерітіндіге салып өңделеді, құралдың иісі кеткенше суға салып тазаланады және кептіруге жіберіледі;

ё) арнайы киімдер кір жуатын бөлікте тазаланады.

Толық тазалау жұмысы мен кварцтеудің жасалғаны туралы факті Толық тазалау және кварцтеу журналына енгізіледі.

Slide 11

Қорытынды дезинфекция

Қорытынды дезинфекция - науқас шығарылғаннан, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босаған палатаға қорытынды дезинфекция түрінде жүргізілетін жиыстырып-тазалау.

Slide 12

Қорытынды дезинфекциялау түрінде жиыстырып-тазалауды жүргізу:

1) қорытынды жиыстырып-тазалауға арналып бекітілген мөлшердегі дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғалданған шүберекпен сүрту немесе суландыру әдісімен төбелерді, қабырғаларды, кереуеттерді, тұғырықшаларды, үстелдер мен басқа да жиһазды өңдеу;

2) үй-жайды экспозиция ұстау уақытына жабу;

3) үй-жайды экспозициядан кейін желдету;

4) барлық беттерді (қабырғалар, төбелер, жиһаз, аппаратура, жабдықтар) сумен жуып-шаю және таза шүберекпен құрғату;

5) жиыстырып-тазалауды дезқұралмен еден жуумен аяқтау;

Slide 13

Қорытынды дезинфекциялау түрінде жиыстырып-тазалауды жүргізу:


Ұқсас жұмыстар
Емдеу-профилактикалық ұйымдағы дезинфекция: түрлері, әдістері және бақылау
Емдеу-профилактикалық мекемелердегі көп рет қолданылатын медициналық материалдарды залалсыздандыру әдістері мен сапа бақылауы
Стоматологиялық құралдарды залалсыздандыру, стерильдеу және сақтау әдістері
Жұқпалы аурулар: ветеринариялық дезинфекция, зарарсыздандыру және карантин шаралары
Педикулез: тарихы, түрлері, емдеу және профилактикалық шаралар
Дезинфекция: мақсаттары, әдістері, құралдары және қолдану талаптары
Санитарлық-көрсеткіш микроағзалар және стерилдеу мен залалсыздандыру әдістері
Дезинфекция негіздері: түрлері, әдістері және дезинфекциялық препараттар
Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету және емдеу алгоритмі
Инъекциялық ерітінділерді ампула, флакон және шприц-тюбиктерде стерилдеу әдістері, стерилдеу режимін бақылау және герметикалығын тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz