Сапалық талдау әдістері


Slide 1

Аналитикалық химия пәні. Сапалық талдау әдістері.

Slide 2

Аналитикалық химия - затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым.

Халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылатын химиялық әдістің көптеген түрлері аналитикалық химияға негізделген. Сонымен қатар, өндірістің түрлі саласында да шикізаттың және өнімнің сапасын анықтайтын арнайы аналитикалық бақылау қызмет орындары бар.

Slide 3

Талдау түрлері

Талданатын объектілер

Техникалық талдау

Рудалар, металдар, техникалық шикізаттар

Ауылшаруашылық талдау

Жер қыртыстары, тыңайтқыштар, жем-шөп, су, ауа, т. б.

Тағамдық талдау

Азық - түлік

Биохимиялық талдау

Қан, зәр

Санитарлы - химиялық талдау

Ауа, су, жер қыртыстары, ортаның ластанған объектілері

Токсикологиялық (залалды заттар-

улы заттарды) талдау

Өсімдік және жануарлар объектілері (олардың құрамындағы улы заттар)

Сот - химиялық талдау

Бөліну, адамдар мүшесі (улар)

Фармацевтикалық талдау

Дәрі-дәрмектік шикізаттар, препараттар

Slide 4

Химиялық талдауды орындау үшін қосылыстың немесе оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері (қиын еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, газдың бөлінуі, зерттеліп отырған ерітінді түсінің өзгеруі, жалын түсінің өзгеруі және т. б. ) - оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді көрсететін реакциялар - аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен белгілі бір аналитикалық сигнал пайда болады.

Аналитикалық сингал дегеніміз тұнбаның, түсті қосылыстардың түзілуі, газдың бөлінуі, жалынды өзіне тән түске бояуы және т. б. Аналитикалық сигнал - қосылыстардың сапалық және сандық құрамы туралы мәлімет береді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Ортаның нақты жағдайында (рН және т. б. ) орындалатын ортақ реакциялар - топ реакциялары, ал пайдаланылатын реагенттер - топ реагенті болып табылады. Топ реагенті деп-жүйелі (систематикалық) талдау барысында күрделі қоспадан катиондарды бір-бірлеп ашпай, сол катиондардың барлығына бірдей әсер ететін және сол арқылы бірнеше катиондарды бірден ашуға мүмкіндік беретін реагентті айтады, ал осы реагенттің қатысына әсері бірдей катиондарды - топ катиондары деп атайды.

Slide 9 Slide 10

Тек бір ионға немесе қосылысқа тән аналитикалық сигнал беріп жүретін реакцияны өзіне тән арнайы (спецификалық) реакция деп атайды. Тек шектеулі иондармен ғана аналитикалық сигнал беріп жүретін реакцияны селективті (таңдамалы немесе талғағыш) реакция деп атайды.

Егер түзілетін зат өте нашар еритін болса, онда ол анықталатын ионның концентрациясы өте аз болса да тұнбаға түседі. Мұндай реакциялар сезімтал (сезгіш) реакциялар деп аталады.

Аналитикалық реакцияның сезгіштігі анықталатын заттың ең аз мөлшерімен сипатталады. Егер белгілі реакциямен анықталатын заттың мөлшері неғұрлым аз болса, онда оның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады.

Реакцияның сезгіштігі - реакцияның жүру жағдайына (t, pH, еріткіштің табиғаты және т. б. ) байланысты, демек реакцияның сезгіштігі тек белгілі жағдайда ғана тұрақты шама болып табылады.

Slide 11 Slide 12

Бөлшекті талдау - анықталатын ионды арнайы (спецификалық) реакциялармен кез келген жүйелілікте анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

Бөлшекті талдау деп - анықталайын деп отырған катионды зерттеп отырған ерітіндінің бір бөлігінен, ерітіндідегі басқа катиондардың бар-жоғына қарамастан, арнайы (спецификалық) реакцияның көмегімен анықтайтын әдісті айтады.

Бөлшекті талдау тез орындалатын болғандықтан жүйелі талдаудан тиімді. Мұнда иондары бір-бірінен кезектеп, бөліп жататын ұзақ операция қажет болмағандықтан, керекті ионды біршама тез анықтауға болады. Бөлшекті талдауды жүргізу үшін арнайы (спецификалы) немесе таңдамалы әсер ететін реагенттер керек.

Slide 13

Жүйелі (систематикалық) талдау. Жүйелі (систематикалық) талдау - біршама қиындау, бірақ та жан-жақты, ол иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген.

Зерттелетін ерітіндіде көбінесе бірнеше иондар болады, олар бір-біріне ұқсас реакцияға қатысып, бір-бірінің анықтауына кедергі жасайды. Анықталатын ионды ерітіндіден сол ионға кедергі келтіретін иондарды ашып алып, оларды ерітіндіден аластатқаннан кейін ғана кірісетін талдау жолын - жүйелі (систематикалық) талдау деп атайды.

Аналитикалық химияның тәжірибелік мақсаты - заттардың немесе олардың қоспаларының құрамын анықтау. Сол себептен, химиялық талдау қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып екі тарауға бөлінеді.

Сапалық талдаудың негізгі мақсаты - зерттелетін заттың сапалық құрамын анықтау, яғни заттың қандай бөлшектерден (атом, ион, молекуладан) тұратындығын табу.

Сандық талдаудың негізгі мақсаты - зерттелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесін немесе грамм мөлшерін анықтау.

Slide 14 Slide 15

Химиялық (классикалық) талдау әдісі химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі. Химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды (тұнба түзілу, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөліну және т. б. )

Инструментальдық (аспаптық) әдістер:

Физикалық әдістерде - талдау химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделген. Мысалы, спектрлі, рентгенструктуралық, масс-спектроскопия, ИК-спектроскопия және т. б.

Физика-химиялық әдістерде талдау химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, бұл реакциялардың нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді әр түрлі аспаптардың көмегімен анықтайды. Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, кондуктометрия, фотометрия, амперметрия, полярография, хроматография, кулонометрия және т. б. әдістер жатады.

Биологиялық әдістер әлі көп қолданылмайды, бірақ бұл әдістер дәрі-дәрмектерді, дәрі-дәрмек шикізаттарын талдау үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектің әр түрлі препараттарының биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады.

Slide 16 Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Сапалық зерттеудің негізгі әдістері
Химиялық талдау
Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы
Талдаудың аспаптық әдісі
Сандық талдау
Экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
Химиялық талдау әдістері
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Медициналық статистиканың теоретикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz