Бес септік




Презентация қосу
Тақырыбы:Зат есім. І септеудің зат
есімдері.Қиыспаған анықтауыш

Оқытушы Сагатова Г.Ж
Зат есім (Nomen substantivum)
Латынша зат есімдерде келесі
грамматикалық категориялар бар:
Үш тек :
маскулинум (ер) – masculinum –қысқаша
тұлғасы m.
Фемининум (әйел) – femininum f.
Орта – neutrum n.

Екі сан – жекеше түрі -Singularis - қысқаша
тұлғасы Sing. көпше түрі - Pluralis Pl.

Бес септік
Сөз таптары
Nominativus (Non.-Атау септік – кім? Не?)
Genetivus (Gen.-Ілік септік – кімнің?
Ненің?)
Dativus (Dat. -Барыс септік – кімге? Неге?)
Accusativus(Acc.-Табыс септік – кімді?
Нені?)
Ablativus(Abl-көмектес септік – кіммен?
Немен?)
Nota bene!
Терминалогияда және рецептурада ең
өзекті, ең маңызды Nominativus пен
Genetivus, ал Accusativus пен Ablativus
септіктерінің қажеті аздау, Dativus
терминологияда және рецептурада
көбінесе қолданылмайды, сондықтан кей
кезде оқулықтағы септеу үлгілерінде
берілмейді.
Зат есімнің санда және септіктерде
өзгеруін септеу деп атаймыз. Олардың
айырмашылығы жекеше түрдегі ілік
септігінің жалғауында -Gen. sing.:
Бірінші септеу - ae
Екінші септеу - i
Үшінші септеу - is
Төртінші септеу - us
Бесінші септеу –ei
Зат есімнің сөздік тұлғасы
Латынша зат есімдерді сөздік тұлғасында, яғни сөздікте қалай
беріледі солай есте сақтау керек. зат есімнің сөздік тұлғасы 3
құрауыштан (компаненттен) тұрады:
Жекеше түрдің атау септігінде толық беріледі.
Жекеше түрдің ілік септігінің жалғауы
Қысқаша тұлғада грамматикалық тегі көрсетіледі.
Атау септігінің жалғауынан зат есімнің тегін анақтауға болады.
Ілік септігінің жалғауынан зат есімнің септеуін белгілеуге
болады.
Мысалы: tincturа, ae, f – тұндырма, 1-ші септеу
Succus, i, n – шырын, 2-ші септеу.
Dosis, is, f – мөлшер, 3-ші септеу
Spiritus, us, m– спирт, 4-ші септеу
Species, ei, f – жиынтық дәрі, 5-ші септеу
Бір буынды сөздер ілік септігінде толық беріледі:
Pes, pedis, m –табан
Os, ossis, n – сүйек
Зат есімнің негізін табу.
Зат есімнің негізі жекеше түрдегі ілік септігінің
жалғауын алып тастау арқылы табылады.
Мысалы: tincturа, ae, f -тұндырма, -ның, ж.р. негізі -
tinctur – os, ossis, -сүйек, -тің, с.р. негізі - oss –
oculus, i, m - көз,-дің, м.р. негізі –ocul-
көбінесе 3- септеудің зат есімдерінде сөздік тұлғасында
жекеше түрдегі ілік септігінің -is жалғауының алдында
негізінің кішкентай бөлігі көрсетіледі.
Мысалы: homo, inis, m. –адам,-ның, м.р.;
негізіhomin- solution, onis, f. – ерітінді, -нің, ж.р.; негізі
solution
Грамматикалық тек анықтауының жалпы ережесі
Жекеше түрдегі атау септігінің жалғауынан
грамматикалық тек анықталады. Мысалы,
көптеген зат есімдерінің - us жалғауы
маскулинум тегінің көрсеткіші болып
келеді, - а жалғауы – фемининум тегінің
көрсеткіші ал um немесе en жалғаулары –
орта тектің көрсеткіштері.
Сонымен, oculus -көз, digitus -саусақ -
бұл маскулинум тегінің зат есімдері; gutta -
тамшы, costa-қабырға – бұл фемининум
тегінің зат есімдері; oleum - май, semen -
тұқым -бұл орта тектің зат есімдері.

Зат есімнің 1 септеуі
1- септеуге фемининум тегінің зат есімдері
жатады. Олар ілік септігінде –
аежалғауымен, ал атау септігінде –а
жалғауымен аяқталады.
Мысалы: costa, ae, f - қабырға, -ның,
фемининум.
1-септеудің септік жалғаулары
Casus Singularis Pluralis

Nom. - A - ae

Gen. - ae - arum

Dat. - Ae - is

Acc. - Am - as

Abl. - A - is

Nota! Зат есім нешінші септеуге жататынын дұрыс анықтау үшін
оны атау мен ілік септіктерінде жазып алып жаттау керек.
1 – септеудің үлгісі

Casus Singularis Pluralis
Nom Cost –a Қабырға Cost –ae Қабырғалар
Gen. Cost –ae Қабырғаның Cost –arum Қабырғаларды
ң
Dat. Cost –ae Қабырғаға Cost –is Қабырғаларға
Acc. Cost –am Қабырғаны Cost –as Қабырғаларды
Abl. Cost –a Қабырғамен Cost –is Қабырғалармен
Қиыспайтын анықтауыш
Латын тілінде екі түрлі анақтауыш бар: ілік
септігінде тұрған зат есім сын есіммен
ауыстырған болса, ол – қиысатын анықтауыш
болып есептеледі; ал ілік септігінде тұрған зат
есім ілік септігіндегі зат есіммен ауыстырылған
болса, ол –қиыспайтын анықтауыш.
Мысалы: aqua Menthae - жалбызды (мяталы) су
(қиысатын) жалбыздың (мятаның) суы
(қиыспайтын)
TincturaValerianae–валерианалы тұндырма
(қиысатын) валериананың тұндырмасы
(қиыспайтын)
Қиыспайтын анықтауыш арқылы көптеген
медициналық терминдер құрастырылады.
-е жалғауымен аяқталатын грек зат есімдері
1-ші септеуге грек тіліндегі кейбір сөзер
жатады.Олар атау септігінде –е жалғауымен ,ал
ілік септігінде –еs жалғауымен
аяқталады.Олардың барлығы феминиум тегіне
жатады.Оларды сөздік тұлғада есте сақтау
керек.
Келесі сөздерді есте сақтаңдар:
Аloe, es,f,-алоэ,сабур
Hippophae,еs,f-жабысқақ
Kalanchoe,es,f-kaланхое
Назарларыңызға рахмет
!

Ұқсас жұмыстар
Атау септік кім
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты
СӨЗ ТІРКЕСІ
Жатыс септігінде тұрған сөзді тап
Зат есімнің септелуі
Көмектес септік
Атау септік Ілік септік Барыс септік
Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары
Тәуелдік жалғауларын анықтау
Баланың балаға
Пәндер