Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Презентация қосу
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Практикалық сабақ №5
Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Орындаған: Шедеуханова Г., Бердикожаева Г., Болатбекқызы Т.,
Мейірбек К.
101 – топ
Тексерген:ф.ғ.д.,профессор Қосымова.Г
Мәтін лингвистикасы - тіл ғылымының жеке саласы
болғанымен, соңғы отыз жылда, өзіндік дамуында түрлі
қиындықтарға толы болды. Мәтінді танудың өзінде сан түрлі
сұрақтар туындады. Мәтін дегеніміз не? Оның категориялары
қандай? Мәтіннің ұйымдасуында қандай заңдылықтар бар? т.б.
Мәтінді анықтау мәселесімен байланысты яғни, оның
шекараларын нақтылап, мәтінді басқа бөлшектерден ажырату
қажет.
Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен
тыңдаушыға байланысты болып келеді. Мәтін авторының ойланып
белгілі бір бағытты таңдауының нәтижесі болады. Осыдан жалпы
мәтін құралады.
Мәтінге қатысты көптеген мәселелер өз шешімдерін тапты, алайда сыры ашылмай келе
жатқан жайттар да кездеседі. Осы уақытқа дейін мәтіннің орныққан анықтамасы белгіленбей
келеді. Көптеген ғылым салаларындағы кейбір ұғымдардың тиянақты анықтамасын дәлме-дәл
берудің қиындығы сияқты «мәтін» ұғымына да тұрақты бір анықтама берілмей келеді. Мұның
дәлелі ретінде осыдан 10-15 жылдар бұрын бұл ұғымның ешбір анықтамасыз-ақ қабылданып
келгенін айтсақ та жеткілікті тәрізді. Мәтінге түрлі ғылым салаларында берілген
анықтамаларды жинақтай келе екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, қысқа,
жинақы берілген анықтамалар. Екіншісі, керісінше жан-жақты қамтылған анықтамалар. Мұнда
зерттеушілер мәтіннің сырын ашуға, маңызды белгілерін толық беруге тырысқан. Бірінші
жағдайдағы анықтамаларда мәтіннің негізгі, маңызды қасиеті беріледі. Мәтінге берілген
анықтамалардың екінші типінің көпшілігінде ерекше белгілерімен қатар кешенді касиеттері де
көрінеді. Қазірде тіл білімінде мәтінге берілген үш жүздей анықтамалар кездеседі. Мәтіннің
анықтамаларының көптігін айта келе, М.И. Откупщикова «Сөйлемге берілген анықтама
қанша болса, мәтіннің сонша анықтамасы бар» деп көрсетеді. Дегенмен жұртшылық
біршама мойындаған мәтін анықтамаларының саны соншалықты көп те емес. Солардың ең
негізгі бірнешеуін көрсете кетейік:
Мәтін дегеніміз - жазба құжат түрінде обьектіленген аякталғандықты
білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық,
грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі
типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден (күрделі фразалық
тұтасымнан) тұратын белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар
сөздің (речь) шығармашылық процесінің туындысы . Мәтін - жүйелі, тұтас,
тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара байланысқан
сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік
бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы. Мәтін
- обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым-
қатынасқа түсінуінің бір жолы. Мәтін - (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан
біреулерге бағышталған, әрі сол бағышталғанымен ғана күнды
бағалы. Мәтін - өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді ойлай білетін
субстанция ретінде табу жолы. Іс-әрекет, қылықта өзіндік мәтін түрінде
түсіндіріле алады. Адам іс-әрекеті потенциалды мәтін және ол өзі
уақытынын сүхбаттылық контексі арқылы ғана түсіндіріледі
Лингвистикадағы мәтін кең көлемде зерттеліп келе
жатқан, әлі де әр қырынан зерттеуді қажет ететін
ауқымды әрі күрделі мәселе болып табылады.
1960 жылдары батыс ғалымдары П.Хартманн,
Э.Харвег,3.Шмидттердің бастамасымен мәтін
лингвистикасының теориясы қалана бастады. Алдымен
мәтін құрылымдық жағынан қарастырылды, ал 1970
жылдардан кейін мәтінді зерттеу коммуникативтік
процесс ретінде көрініс берді.
XX ғасырдың 70-
80 жылдарына дейін әлемдік филологияда лингвистикалық зерттеулер
әрі кеткенде сөйлем шеңберінде ғана қарастылып келді. Осы сөйлемд
ер легінен тұратын мәтін ұзақ уақыт бойы тіл ғылымының аясынан та
былмады. Алайда мәтін лингвистикасының пайда болуы ғалымдарды
ң барлық лексикалық және грамматикалык феномендерді сөйлем шең
берінде толық түсіндіру, дәлірек ашу мүмкін емес деген пікірлерінің п
айда болуынан бастау алады. Мәтіннің пайда болуына байланысты тіл
білімінде түрліше тұжырымдар беріліп келеді. Мәселен ғалым Е.С.
Кубрякова «Текст признаком зарождения в лингвистике новой
научной парадигмы, а реакцией на старую», - деп атап көрсетеді.
Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер,
жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Бұл салада
көптеген монографиялар мен мақалалар жарық көрді,
оқу құралдары жазылды, конференциялар мен симпозиумдар
өткізілді. Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген
неміс тілші ғалымы П.Хартманн өз еңбектерінің бірінде: «Қазіргі
кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар.
Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің ең нәтижеге
бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапозонын
кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол
ашады. Лингвистиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі
лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды»,- дейді
ХХ ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған
мәтін лингвистикасы бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда
болған ғылым саласы. Ол – тіл көркемдігін сипаттайтын
дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына
жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі
аралықты қамтиды.
Екіншіден, оның пайда болуы түрлі мектептің өкілдері
мен ғылыми көзқарастардың мәтінді түсіндірудегі
мыңжылдық тәжірибесі негізінде жүзеге асты.
Ал XX ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінде мәтін
лингвистикасы қарқынды дами бастады. XXI ғасырда,
әлемдік лингвистикада мәтін лингвистикасының ілгері
қадамдар жасайтынына сеніміміз мол.
Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары
көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:
- мәтінді жоғары дәрежедегі
- лингвистикалық белгілерге
жүйе деп қарап, оның басты сүйене отырып коммуникативтік
белгілері параметрлер бойынша мәтін
тұтастық пен типологиясын құру (айтып жеткізу
мен мазмұн бірлігі);
байланыстылық екендігін
назарда ұстау;
- мәтінді құрайтын
бірліктерді анықтау;
- негізгі
мәтіндік
категорияларды
анықтау.
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Р. Гальперин, С.И.
Гиндин, З.Я. Тураева, Л.Г. Бабенко, А.А. Залевская, Г.Я. Солганик, Ю.А.
Левицкий, Л.В. Поповская т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.
Олардың зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация, мәтін
құрылымы, көмекші сөздердің ерекше жұмсалуы, мәтіндегі ұсақ тілдік
бірліктер (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы
т.б. мәселелер жайында сөз қозғалады.
Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді
деуіміздің бір реті - лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып,
бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін
- күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985
жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша
өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н.Кожин мәтін
лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты» ретінде бағалап,
мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы
деп таниды.
Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан
алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен:
- онтологиялық тұрғыда - мәтіннің болмысы, алатын
орны;
- лингвистикалық тұрғыда - мәтіннің тілдік ұйымдасуы;
- психологиялық тұрғыда - мәтінді қабылдау;
- прагматикалық тұрғыда - мәтін авторының объективті
болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
А.Г. Бабенко, Ю.В. Казарин «Лингвистический анализ художественного текста» атты еңбегінде мәтінді танудың төмендегідей
тәсілдерін ұсынады:
Мәтінді талдаудағы дәстүрлі тәсіл - лингвоцентристік. Нысаны — тіл және мәтін. Ол көркем мәтіннің тілдік бірліктеріне және
категорияларына негізделеді. Мұндай тәсілде лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер мен категориялар
қамтылады. Текстцентристік тәсіл - мәтін туралы негіздер шығармашылық әрекеттің нәтижесі мен азығы ретінде көрінеді. Мәтін тұтас
аяқталған нысан ретінде зерттеледі. Нысаны - әдеби қарым-катынас. Антропоцентристік тәсіл - мәтіннің интерпретациясына
байланысты нысанында автор позициясы мен қабылдау (оқырман позициясы) қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану төмендегідей
бағыттарға бөлінеді:
- психолингвистикалык (Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев);
- прагматикалық (А.Н. Баранин);
- деривациялық (Е.С. Кубрякова, Л.Н. Мурзин);
- коммуникативтік (Г.А. Золотова, Н.С. Болотнова);
- жанрлы-стильдік (М.М. Бахтин, М.Н. Кожин);
- танымдық тәсіл (Ван Дейк, Т. Виноградов).
Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ
тіл білімінде де бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің
негізін салушы А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов
еңбектерінен де алғашқы ойларды кездестіреміз. Бұл жайлы
қазірде қазақ тіл білімінде Б. Шалабай сынды ғалымдарымыз
өз пікірлерін былайша білдіруде: «Біздің ойымызша, ғалым А.
Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің
бірлігіне жатқызады. А. Байтұрсынұлы шығарманың
тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден,
яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді.
Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз
болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын
алғашқылардың бірі болып айтты». Бұдан басқа да көптеген
ғылыми ойларды зерделей отырып, мәтінтану казақ тіл
білімінде А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге
әбден болады.
Соңғы кездері қазақ тіл білімінде де мәтін мәселелеріне
ерекше назар аударыла бастады. Мәтіннің түрлі
аспектілерінің табиғатын тануға бағытталған еңбектердің
қатарына Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай,
Г.Смағұлова, Г.Әзімжанова,
А.Таусоғарова, С.Жусанбаевалардың з
ерттеу еңбектерін, газет мәтінін
қарастырған Б.Момынова, Қ.Есеновалардың,
көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған
С. Құнанбаева, Ж.Т. Қайшығұловалардың еңбектерін
жатқызуға болады.
Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы ғылым саласы ретінде филолог-
ғалым Р.Сыздықова еңбектерінен бастау алады. «Абай шығармаларының
тілі» атты іргелі зерттеуден өріс алған мәтінтану ғылымы әрі қарай
жалғасын табуда. Ғалым қазақ тіліне қатысы бар ортағасырлық жазба
ескерткіштер тілін зерттеген еңбектерінде «ХҮ-ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің
тарихы», «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы»,
«Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі», «Абайдың сөз өрнегі»,
«Жазушы және сөз мәдениеті», «Сөз құдіреті» сияқты монографиялық
еңбектері мен ғылыми зерттеулерінде мәтін тілінің көркемдік-эстетикалық
белгі-сипаттарын танып-танытуды мақсат етті. Сонымен қатар М.Әуезов,
Ғ. Мүсіреповтерден бастап бүгінгі Ә.Кекілбаев, Д.Исабековтерге дейінгі
аралықтағы жазушылардың тілі мен көркемдік әлемін әр қырынан танытқан
еңбектер – мәтін лингвистикасына қосылған үлкен үлес, теориялық-
практикалық құнды зерттеулер қатарынан табылады.
Әдебиеттер тізімі
1 Кубрякова Е.С. О связах между лингвистикой текста и словообразование // Лингвистические проблемы
текста // Под ред. Е.С. Кубрякова. - Москва: Наука, 1983.-355с.
2 Hartmann P. Text als Linguistisches Objekt. - In: Beitrage zur Textlinguistik. Mimchen, 1971-S. 456
3 Кожин М.Н. Стилистика текста в аспекте коммуникативной теорий языка // Стилистика текста в
коммуникативном аспекте: Межвуз. сб. - Пермь: Пермский университет, 1987. - 254 с.
4 Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. - Москва: Финита, 2003.
- 496 с.
5 Шалабай Б, Ахметова М. Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері // Тілтаным, 2002. - № 1. - 44-45
бб.
6 Откупщикова М.И. Синтаксис связного текста. - Ленинград: Изд. ЛГУ, 1992.-430 с.
7 Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. -Москва: Наука, 1981. - 139 с.
8 Тіл білімі сөздігі /Ред. басқ. Э.Д. Сүлейменова. -Алматы: Ғылым, 1998. -453 6.
9 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. - Москва: Искусство, 1986.-502 с.
10 Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. Алматы: Қазақ университеті, 2002. -112 б.
11 Руднев В.П. Словарь культура XX века: Ключевые понятия и текст. -Москва: Наука, 1997. - 486 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz