Тұнбалар мен қайнатпалар


Slide 1

Тұнбалар мен қайнатпаларды алу принциптері.

Slide 2

Екі араласпайтьн сұйықтықта (су мен бензол) үшінші затты (J2) ерітсек, ол еріткіштер арасында белгілі түрде таралады. 3-ші заттың концентрациясы аз және оның бөлшектерінің өлшемдері екі фазада бірдей болса, оның жүйедегі концентрациясын арттыру екі фазадағы осы заттың коңцентрацияларын пропорционалды түрде өсіреді.

Таралу заңы: Берілген температурада 3-ші компоненттің тепе-теңдіктегі екі сұйық фазалардағы концентрацияларыньң қатынасы - тұрақты шама.

Slide 3

www. themegallery. com

Тұнбалар мен қайнатпалар

Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болып табылады.

Қазіргі кезде өсімдіктерден жеке түрде табиғи

биологиялық белсенді заттар

(ББЗ) - алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар

галендік және жаңа галенді препараттар алынады.

Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олардың кұрамыпда биологиялык белсенді заттардын комплексі болады: ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек жәие экономикалық тиімді.

Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген баллансты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік шикізатынан тек кана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.

Slide 4

Кейбір еріткіштерде таралатын зат диссоциация не ассоциацияға ұшырауы мүмкін, бұл кезде таралатын заттың эр фазадағы бөлшектерінің өлшемдері әртүрлі болады. Бұл жағдайда Нернст-Шилов теңдеуі қолданылады.

К-таралу коэффициенті деп аталады, ол температураға, заттар табиғатына, ерітіндінің иондық кушіне тәуелді, бірақ таралатын зат концентрациясына тәуелсіз

Slide 5

Экстракция

Экстракция деп бір еріткіште еріген затты сол еріткішпен араласпайтын және бөлінетін затты жаксырақ ертетін екінші еріткішпен (экстрагент) бөліп алу әдісін айтады

.

Экстракцияда көбіне 2 еріткіш қолданылады

біріншісі - сулы, екіншісі - сумен араласпайтын органикалық еріткіш. Органикалық еріткіш ретінде С Н ОН - изоамил спирті, С Н - бензол, т. б. қолданылуы мүмкін. Бұл қосылыстардың меншікті салмағы судан кем, сондықтан олар судың бетінде болады. Жеңіл еріткіштерді экстракциялау үшін көп қолданбайды, себебі булану нәтижесінде органикалық қабаттың жалпы мөлшері кемиді, ал бұл фактор экстракцияланатын компоненттің сумен органикалық қабат арасындағы үлестірілуіне - таралуына әсер етеді. Ауыр еріткіштерге ССI - төрт хлолы көміртегі, СНСl - хлороформ жатады.

Slide 6

Экстракциялау

механизімінің

түрлері:

СОЛЬВАТТЫҚ

ГИДРАТ-

СОЛЬВАТТЫҚ

Slide 7

Экстракциялау механизімінің түрлері.

Физикалық үлестірілудің (таралудың) механизмі. Бұл механизм бойынша коваленттік байланыс арқылы түзілген бейорганикалық қосылыстар еріткіштердің біреуінде әрекеттесіп экстракцияланады.

Екі фаза арасында мұндай қосылыстың үлестірілуі - физикалық құбылысқа жатады, яғни Ван-дер-Ваальс күші арқылы экстракцияланады

Гидрат - сольваттық механизм. Бұл механизм

бойынша комплексті металлқы

шқылдары және минералды қышқылдар

экстракцияланады. Экстрагент ретінде

прротонданатын еріткіштер қолданылады.

Бұларға спирттер, кетондар, күрделі және

жай эфирлер жатады. Экстракцияланатын

қосылыс катион бөлшегінен тұрады

(гидраттанған және сольваттанған протоннан)

немесе аниондық бөлшектен (қышқыл анионынан) .

Бұл механизммен жоғары концентрациялы тұз

қышықылы ерітінділерінен экстракцияланады.

Slide 8

Қайнатпа мен тұнбалар

Қайнатпа мен тұнбалар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сығындылар. Сулы сыгындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дәрілік түр екендігіне қарамастан, сулы сығындылар казіргі кезге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Slide 9

Алу жолына жэне шикізат кұрамына байланысты сулы сығындылар келесі түрлерге бөлінеді:

тұнбалар (Infusa),

қайнатпалар (Decocta),

шырыштар- (Mucilaginis) .

Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ беліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады.

Slide 10

Сулы сығындылардын кемшіліктері: сулы сығындылардыц тұрақсыздығы (химиялык және микробтық), өсімдік шикізатының стандартты еместігі.

Жалғасы

Сулы сығындылардың артыкшылыктары: технологиясының қарапайымдығы, бастапқы шикізат пен экстрагенттің арзандылығы, әсер етуші заттардың, комплексті кұрамы, жұмсақ, кейде ұзақ емдік әсері

Химиялык тұрақсыздығы. Сулы сығындылардағы экстрактивті заттар ерітіндіде гидролиз, тотығу-тотыксыздану реакциялары аркылы химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ыдырау процессі температура жоғарлаган кезде 2-3 есе тез журеді.

Slide 11

Молекулалардың ретсіз қозғалысына және бөлшектердің кинетикалық энергия қорына байланысты жүретін процесс.

Диффузия

Молекулалық

Температураның өзгеруі, араластыру, шайқау әсерінен сұйықтықтың алмасу нәтижесінде орын алатын заттардың тасымалдануы.

Конвективтік

Slide 12

Әсер етуші заттардың табиғатына байланысты сығындылау прцесінің ерекшіліктері.

Экстракциялау процессінде маңызды факторлардың бірі- әсер етуші заттардың химиялық табиғаты, құрамы, олардың ерігіштігі, қыздыруға тұрақтылығы. Әсер етуші заттардың табиғаты сулы сығындылардың технологиясына әсер етеді.

Slide 13

1. Құрамында алколоидтары бар шикізаттар

Ақмия (термопсис) -Herbe Thermopsidis

Қара күйе қауыз-Secale cornutum

Эфедра шөбі-Herbe Ephedrae

Итжидек шөбі, тамыры, сабағы- Folia, Herbe et Radix Belladonnae

Сасық меңдуана жапырағы- Folia Stramonii

Үлкен сүйелшөп шқбі-Herba Chelidonii

Slide 14

2. Құрамында иілік заттары бар шикізаттар

Емен қабығы(Дуб) - Cortex quercus

Қазтабан тамырсабақтары (Лапчатка) -Rhizomato Tormentillae

Жылантаран тамырсабақтары(Змеевик) -Rhizomato Bistortae

Аюқұлақ жапырақтары(толокнянка) - Folia Uvae Ursi

Итбүлдірген жапырақтары(брусника) -Folia Vitis idaea

Slide 15

3. Құрамында сапониндері бар шикізаттар.

Истод тамырлары (истод) -Radices Poligalae

Синега тамырлары (синега) - Radices Senegae

Көк көкшегүл тамырлары мен тамыр сабақтары (синюха) - Rhizomato cum radicibus Polemonii

Slide 16

4. Қүрамында антрагликазидтері бар гликозидтер

Рауғаш тамырлары (равень) -Radices Rhei

Сынғақ итшомырттың қабығы(крушина) -Cortex Frangulae

Сенна жапырақтары (сенна) -Folia Sennae cassiae

Slide 17

5. Құрамында гликозидтері бар шикізаттар.

Жалынгүл шөбі (горицвет) -Herba Adonidis Vernalis

Дигиталис жапырақтары(наперстянка) -Folia Digitalis

Ақбас құрай шөбі (желтушник) -Herba Erysimi

Меруертгүл шөбі жапыиақтары және гүлдері (ландыш) -Herba, folia et Flores Convallarae

Slide 18

6. Құрамында эфир майлары бар шикізаттар

Шүгіншөптің тамыры мен тамырсабақтары (валериана) -Rhizomato et radices Valerianae

Жалбыз жапырақтары (мята) - Folia Menthae piperitae

Шалфей жапырақтары (шалфей) - Folia salviae

Эвкалипт жапырақтары (эфкалипт) - Folia Eucalipthi

Түйме шетен гүлдері(пижма) -Flores Tanaceti

Өзекті жөке гүлдері (липа) -Flores Tiliae

Түймедақ гүлдері(ромашка) -Flores Chamomilae

Slide 19

7. Құрамында шырышты заттары бар шикізатар.

Жалбызтікен тамырлары (алтей) - Radices Althaeae

Салеп түйнегі ( клубни салеп) - Tuber salep

Зығыр дәндері (лен) -Seminum Lini

Slide 20

www. themegallery. com

Микробиологиялық тұрақсыздығы. Сулы сығындылар зең және ашытқы саңырауқұлақтарының, әсерінен тез бұзылады, себебі микроорганизмдер ферментативтік процестерді жылдамдатады, осы процестердің белсенділігі температураға тәуелді.

Slide 21

Судың экстрагент, сығындылаушы агент ретінде артықшылықтары: көптеген әсер етуші заттарды жақсы сығындылайды (алкалоидтардан басқа), фармакологиялық индифферентті, биологиялық кауіпсіз, жоғары диффузиялық және жоғары десорбциялык кабілетке ие, арзан, тиімді.

Кемшіліктері: биологиялық заттар гидролизге ұшырауы мүмкін (ферменттердің қатысында), микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта .

Slide 22

Сығындылау процессі келесі сатылардан тұрады:

ЕКІНШІ сатыда біріншілік сөл түзіледі. Клеткадағы су алдымен диффузияға қабілеті жоғары темен молекулалық заттарды (кышкылдар, алкалоидтар, гликозидтер) еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы қосылыстар, коллоидтар ери

www. themegallery. com

Бірінші сатыда - өсімдік шикізаты сумен шыланып, су клеткаға енеді. Өсімдік материалында гидрофильді заттардың көп болғандығынан, ол сумен жақсы әрекеттеснді.

Slide 23

Үшінші сатыда - масса алмасу процессі жүреді. Ол сырттағы еріткіш пен клетка ішіндегі зат ерітіндісі арасындагы концентрациялардын айырмашылығына негізделген. Клетка ішінде осмостык кысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің куысты таса аркылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша жылжуына мүмкіндік жасайды. Бұл сығындылау процесінің соңы

Үшінші сатыда

Slide 24

Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететін факторлар:

- шикізаттың стандарттылығы, шикізаттын майдалану дәрежесі, шикізат және экстрагент мөлшерлерінің қатынасы, экстракция кинетикасы, өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттардың және ілеспелі заттардың физика- химиялық табиғаты, сулы сығындыларды дайындауға кажетті құрал жабдықтар әсері.

Slide 25

Сығындылар кинетикасы (t, т) .

Сығынды алу кезінде тұндыру тәртібі маңызды роль атқарады. Барлық сулы сығындыларды кайнаған су моншасында немесе инфундирлік аппаратта тұндырады. Тұндыру ұзақтығы: тұнба үшін - 15 минут, қайнатпа үшін - 30 минут. Температураның жоғарлауымен: иілік заттардың, алкалоидтардың және т. б. жоғары ерігіштігі байқалады, диффузия жылдамдығы артады, микроорганизмдер жойылады.

Slide 26

Майдалаудың оптималды өлшемдері


Ұқсас жұмыстар
Тұнба және қайнатпалар түсінігі
ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
ШКАФТА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ САҚТАЛУ ЕРЕЖЕСІ
Дәрігерлік өсімдіктер
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ ЛАТЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ. ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ. ДЕФИНИЦИЯЛАР
Дәрілік заттардың дозасы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Рецептің бөлімдері
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz