Оқыту процесінің мәні




Презентация қосу
Оқыту үдерісінің мәні.
Заголовок слайда

1 Дидактика пәні және категориялары

2 Оқыту процесінің мәні

3 Оқыту процесінің ерекшеліктері

4 Оқыту процесінің қызметі

Дидактика пәні және категориялары

• Дидактика – педагогикалық маңызды саласы. Дидактика
(didaktikоc – оқытушы, didasko –оқушы) ұғымы грек тілінен
алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
• Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы
Вольфганг Ратке (1571–1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех
педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы
дидактика” еңбегін жарыққа шығарады. Оның ойы бойынша,
дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген
сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін
сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту. Қазіргі түсінік
бойынша, дидактика –білім беру мен оқыту мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады.
Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың
себептері, барысы, нәтижелері.

• Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым
болғандықтан ғылыми – теориялық және қолданбалы
қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –
теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің
мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін,
ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын
оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін
белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру
формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап
енгізу.
• Дидактика (тәрбие, педагогтік іс –әрекет, білім беру)
пайдаланылады. Сонымен қатар педагогиканың жалпы
категорияларыннан, (міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері,
құралдары, оқытудың нәтижесі) басќа дидактиканың өз
категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту
принциптері, оқыту процесі, мақсаты.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту
мақсатына бағытталған алдын–ала жоспарланған іс әрекет .

• Оқыту мазмұны– өкімет арнайы таңдап
анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін
қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол –
оқытудың нәтижесі болатын білім, білік,
дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесінің мәні
• Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін,
оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін
тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында
оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық
талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
• Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар
аударайық.
• Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс
тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап,
ұдайы өсіп, жаңарады.
• Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі — оқушыда білімге
деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті
• Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен
(табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі
заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние
тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп,
дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен
тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
• Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі,
ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы
ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат
алады.
Оқыту – даму негізі
• Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні:
организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек
және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.
• Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту — оқушы мен
мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен
тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің
білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың
өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп,
оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы
арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс.
• Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі
үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге
асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан
өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу
құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
• Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін
ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай
өзгертіп отырады.
• Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және
ақыл–ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын
дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға
біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту
процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида
және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден
солардың негізінде, айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми
көзқарасын қалыптастыру.

• Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер
жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.
Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны
мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты
қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте
қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей
отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда
оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық
қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
• Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды
тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті
т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып,
қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан –жақты қалыптасып
дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де
қарастырылады).
• Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке
өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен
тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі.
Сондықтан, дамудың қарқынды, жан –жақты әрі,
терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай
дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан
шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен
тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз
алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына
қолайлы ықпал етеді.
• Дидактикада “Жетілдіре оқыту” процесі 1960
жылдардан бастады. Осы негізде Л.В. Занков,
Н.А.Менчинская, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов,
М.А.Данилов, М.Н. Скаткин еңбектерінде, оның
жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұсынады.
Солардың ішінде Л.В.Занков оқу процесі арқылы
білім беруді қарқынды ұйымдастыру, оқушылардың
оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін
ұсынды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана
емес, ол тұлғаның дамуына оңтайлы әсер етеді.

Ұқсас жұмыстар
Музыка. Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі
Балалар және жастар шығармашылығының орталықтарындағы ерекшеліктер
Оқыту процесінің Оқыту процесінің Оқушылардың Оқытудық түрлері мәні
Дидактиканың оқыту мақсаты
Оқыту процесінің қозғаушы күштері
Сыныптағы оқу үдерісінің жалпы жағдайының диагностикасы
Педагогикалық диагностиканың мәні
Оқытудың заңдылықтары
Оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу және бағалау
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
Пәндер