ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Індет қарсы сауықтыру шаралары
2.2 Карантин және шектеу
2.3 Жұқпалы аурулардың емі
2.4 Жануарларды иммундеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың
таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау
үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға
қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді.
Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағыттталған отрақ сипатта
болады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы
бағытталады да, оған сол ауруды балау және жанауарларды иммундеу
жатады.
Індетке қарсы шараларды
іске асыру негіздері

Індетке қарсы шаралардың Екінше бір негіз – індетке қарсы Індетке қарсы шаралардың
басты негізі – олардың кешенді шаралардың белгілі бір жүйемен үшінші негізі – олардың
түрде жүргізілуі. жоспарлы түрде жүргізілуі. мемлекеттік сипаты.
Індетке қарсы сауықтыру шаралары

Сауықтыру

Бастауына қарсы Бейім жануарларға
қатысты
Арнайы

Оқшаулап емдеу Енжар иммундеу
Індеттанулық балау
Белсенді иммундеу

Нозологиялық балау Фармокопрофилактика
Симультанды
иммундеу
Балау

Індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол Індеттанулық балау – шаруашылыққа
бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара жүргізіледі, індет ошағына індет Нозологиялық балау – аурудың
ретінде карантин және шектеу процессінің іш буынына сипаттама беру атауын анықтау.
қолданылады. үшін жүргізіледі.
Карантин және шектеу

Карантин (итальянша quarentana – қырық күн, сөзбе сөз quaranta giorni)
– жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының
жиынтығы.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым –
қатынасты тежеуге бағытталған тыйым жолдары. Оларды тез арада тарай
қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.
Ауру қоздырушысының бастауына
қарсы шаралар. Әр түрлі зерттеулердің
нәтижесі бойынша жануарлар үш
топқа бөлінеді:

Ауруы дүдәмал диагнозы
Ауруы айқын жануарларға Аурудың жұғуы күдіктілерге
түпкілікті қойылмағандар
диагнозы күдіксіздер жатады. барлық қалған малдар жатады.
жатады.
Жұқпалы аурулардың емі

Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешенді түрде жүргізіледі.
Бұл кешен этиотропты және симпотоматикалық емдеу шараларынан тұрады.
Этиотропты ем – аурудың себебіне яғни оның қоздырушысына қарсы
бағытталады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай күйіне
байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.
Жұқпалы ауруларға шалдыққан жануарларды санитарлық қасапханада сояды.
Аса қауіпті инфекциялар кезінде малдың ұшасы техникалық пайдалануға
жатқызылады немесе өртеу арқылы, не басқа жолмен жойылады.
Жануарларды иммундеу

Иммундеу – ауруды алдын алу үшін, сауықтыру шаралары жануарларды жұқпалы
ауруға қарсы жасанды жолмен яғни, қолдан иммундеу белсенді және енжар әдістер
арқылы іске асырылады. Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу
үшін иммуноглобулинді препараттар(гипериммундік қан сарысуы) жатады.
Жұқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаспаған болса,
вакцинациялау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Егер жануар инфекция
қоздырушысының бастауымен жанасқан болса, немесе тез арада ауру шығып кету
қаупі туса, онда вакцинамен қатар иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар
иммундеу әдісін қолдану, яғни симультанды иммундеу, жақсы нәтиже береді.
Кей жағдайда ауруға қарсы микробтарға қарсы әсер ететін әр түрлі дәрі-дәрмектер
қолданалыды. Аурудың мұндай алдын-алу әдісі фармокопрофилактика деп аталады.
Қорытынды

Індетке қарсы сауықтыру шараларды жүргізу індеттанудың ең
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Дер кезінде сауықтыру
шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру көптеген жұқпалы
аурулардың алдын-алуға мүмкіндік береді. Немесе мал ауырған жағдайда
сауықтыру шаралардың ережелерін сақтау аурудан тез айығуға және мал
басын сақтап қалуға, зарардану аймағын шектеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары // Оқулық. -
Алматы, 2009
2. 7. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары.
//Оқулық. – Алматы, 2009
3. 8. Ветеринарное законодательство. В трех томах. – Астана, 2005
4. 9. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану //Оқулық. (1-ші және 2-ші кітап). -
Алматы, 1999
5. 10. Иванов Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных. - Алматы,
2009.
6. 11. Иванов Н.П. Инфекционные болезни животных. Эпизоотология и
противоэпизоотические мероприятия. - Алматы, 2009.
7. 12. Қасымов Е. Індеттану. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және
күресу шаралары //Оқу құралы. - Алматы, 1992
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Індет ошағы
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Індет ошағының, қатер төнген аймақтың шекарасын анықтау
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары
Жәндіктермен күрес шаралары
ИТ ОБАСЫ
Пәндер