Дәнді дақылдар: түрлері, дәннің химиялық құрамы және Қазақстандағы шаруашылық маңызы


Slide 1

Дәнді дақылдар туралы жалпы мәлімет

Орындаған:Қалибаева А. Е

ТБ 20-11

Қабылдаған:Атыханова. М. Б

Slide 2

Дәнді азықтар

Дәнді азықтар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем.

Дәнді дақылдарда белок пен көмірсулар көп, сондай-ақ ферменттер, В тобындағы витаминдер, А провитамині бар. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады.

Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.

Slide 3

Дәнді азықтар

Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арам-шөптермен шамалы ластанады.

Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.

Екінші топтағы дәнді дақыл-дарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақша-ның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақыл-дары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Slide 4

Бидай

Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі

Slide 5

Сұлы

Сұлы(Avena) ] - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa) . Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі (grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ

Slide 6

АРПА

Арпа - дәнді - дақылдар тобына жататын біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдік. Арпа, бидай секілді ертеден өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл. Бидайға қарағанда, арпа ыстыққа да, суыққа да, құрғақшылыққа да төзімді. Ол тропикалық аймақтарда да, ыстық араб елдерінде де, суық солтүстік Норвегияда да, Тибетте 4700 м. биіктікте де өсе береді. Еуразия, Америка, Африкада арпаның 30-ға жуық түрі тараған. Арпаны жем және азықтық тағам үшін өсіреді.

Slide 7

Тары

Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 - 80%-ына тек Тары ғана егілген

Slide 8

Жүгері

Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады.

Slide 9

Дәннің құрамы

Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрам жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады. Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.

Slide 10

Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы

Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тама өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.

Slide 11

Назарларынызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдар: классификациясы, морфологиясы, химиялық құрамы және шаруашылық маңызы
Дәнді дақылдар мен өнімдері: құрылымы, өңдеу технологиясы және тағамдық-қоректік қасиеттері
Дәнді дақылдар мен ұн өнімдері: құрылымы, өңдеу процесі және тағамдық-гигиеналық көрсеткіштері
Бидай және қара бидай қамырын дайындау технологиясы мен дәннің химиялық құрамы
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру жағдайлары және дәнді дақылдардың сапасы
Дәнді дақылдар (бидай) саңырауқұлақ аурулары: инфекция көздері және күресу шаралары
Қарақұмық жармасының өндірістік технологиясы және дәннің құрылымдық-химиялық сипаттамасы
Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктер: химиялық құрамы, биологиялық маңызы және таралуы
Қазақстандағы тұқытәрізділер: жүйелік құрылымы, негізгі түрлері және шаруашылық-экологиялық маңызы
Талдар тұқымдасы (Salix L.): Қазақстандағы түрлері мен шаруашылық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz