Қалқанша безі гормондары


Slide 1

Дәріс тақырыбы:

Лекция 6. Эндокриндік жүйелердің дамуы

Дәрежесі: б. ғ. к., қауымдастырылған профессор

Кафедра «Жаратылыстану ғылымдары» ФИО: Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы

Slide 2

Дәріс жоспары:

1. Эндокринді жүйе және гормондардың негізгі қасиеті

2. Эндокринді бездердің функциясын зерттеу тәсілдері

3. Гипофиз, гормондары, олардың маңызы

4. Эпифиз, гормондарының маңызы

5. Қалқанша безі, гормондары, олардың маңызы

6. Қалқанша маңы безі, гормондары, олардың маңызы

7. Айырша безі, гормондары, олардың маңызы

8. Ұйқы безі және оның гормондары

9. Бүйрекүсті безінің қыртысты және милы қабатының гормондары

10. Жыныс гормондары және олардық ағзаға әсері

Slide 3

Бездердің классификациясы

Сыртқы секреция бездері (экзокринді) - бұл белгілі бір ағза қуысына немесе дене бетіне сөл бөлетін бездер.

Ішкі секреция бездері(эндокринді) - бұл бездер шығару өзегі жоқ, сөлдерін тек қанға немесе лимфаға бөлетін бездер.

Аралас секрециялы бездер - эндокриндік және экзокриндік

қасиеті бар бездер.

Slide 4

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ - ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ

окситоцин гормонының молекуласы

1855 ж. - «ішкі секреция» ұғымын француз физиологы К. Бернар алғаш енгізді

1905 ж. - алғаш рет ағылшын физиологтары ғылымға «гормон» ( грек. hormao - қоздырамын, оятамын) терминін енгізуді ұсынды.

Slide 5

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ АНАТОМО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:

Шығару өзегң болмайды

Безді эпителийден құралған Обильно снабжаются кровью

вегетативті нерв талшықтарымен көп мөлшерде қамтамасыз етілген

Эндокринді бездердің біріңғай жүйесін көрсетеді

Басты қызметті гипоталамус және гипофиз бездері атқарады

Slide 6

Гормон - ішкі секреция бездерімен өндірілетін зат

Гормондардың қасиеттері:

Спецификалық әсер

Жоғары биологиялық белсенділік

Дистантты әсер

Молекулалардың кішкентай көлемді болуы

Жылдам ыдырайды

Сыртқы түрлік арнайылығы болмайды

Жасуша ішілік үрдістерге ісер етеді, жасуша сыртына әсері жоқ

Slide 7

Гипофиз (hypophysis) мидың төменгі қосалқысы

Сопақ пішінді, салмағы 0. 5 г.

Сына тәрізді сүйектегі түрік ертоқымының ойығында орналасқан

Басқа эндокринді бездердің әрекетін реттеп отыратын тропты гормондарды өндіреді.

Slide 8

Гипофиздің үш бөлігін ажыратады:

10 - гипофиздің артқы бөлігі; 11 - гипофиздің аралық бөлігі; 12 - гипофиздің алдыңғы бөлігі

Аденогипофиз - алдыңғы және ортаңғы бөлік

Нейрогипофиз - артқы бөлігі, аяқшаларымен

Slide 9

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының қызметі:

Соматотропты(СТГ) - өсу гормоны

Жас ағзада гиперфункциясы дамитын болса алыптық дамуы мүмкін, қарт кісілерде - акромегалия

Гипофункция кезінде -ергежейлік.

Пролактин - лактогенді гормон, маммотропин сүт бездері тіндерінің өсуіне және сүттің пайда болуына жауапты.

Тиреотропин(ТТГ) -қалқанша безі қызметін ынталандырады.

Slide 10

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының қызметі:

Адренокортикотропты (АКТГ) ,

Кортикотропин - бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан глюкокортикоидтардың өндірілуін ынталандырады.

Гонадотропты гормон- жыныс гормондарына әсер етеді, фолликулдардың өсуін ынталандырады, сперматогенез, сары дененің дамуы және андрогендер өндірілуі.

Slide 11

Гипофиздің гормондары:

Ортаңғы бөлік

гормон (интермедин) пигментті алмасуға әсер етеді (терінің депигментациясы)

Липотропин май алмасуын реттейді

Артқы бөлік гипоталамуста өндірілген гормондар сақталатын резервуар қызметін атқарады Вазопрессин(АДГ) - бүйрек каналдарынан судың кері сіңірілуін күшейтеді, АД жоғарылайды (қантты емес диабет)

Окситоцин біріңғай салалы бұлшықеттерге әсер етеді, босану кезінде жатыр жиырылуын ынталандырады.

Slide 12

Эпифиз

салмағы 0, 2 г.

Бас ми қуысында ортаңғы ми пластинкасының үстінде орналасқан

Мелатонин - пигментті алмасуды реттейді обмен обесцвечивает (пигментті жасушалармен қамтамасыз етеді) ;

Slide 13

қалқанша безі glandula thyroidea

Мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан

Салмағы 30-50 г.

Оң жақтық, сол жақтық, пирамидальдық бөліктерін және оларды байланыстаратын мойыншаны ажыратады

Без заты фолликулалар (көпіршіктер) орналасатын бөліктерден тұрады.

Фолликула қуысы йодталған коллоидты затпен толтырылған

Slide 14

Қалқанша безі гормондары:

Тиреокальцитонин - кальцийлік алмасуды реттейді (қандағы кальций деңгейін және сүйек тінінен босап шығуын төмендетеді)

Трийодтиронин

Тироксин

Slide 15

Қалқанша безі гормондарының қызметі: тироксин және трийодтиронин

Ағзадағы барлық алмасу түрін жылдамдатады.

Қышқылдану процесін күшейтеді

Энергетикалық алмасу мен қозғалыс белсенділігін және психикалық үрдістердің ырғағын күшейтеді.

Жүрек соғу жиілігін, тыныс, тершендікті күшейтеді.

Slide 16

Қалқанша безі қызметінің бұзылуы алып келеді::

Гипофункция - гипотиреоз

Ергежейлік балаларда

Микседема (шырышты қабаттын ісінуі) ересектерде

Эндемиялық жемсау - йод жетіспеушілігі әсерінен қалқанша безінің үлкеюі

Гиперфункция - гипертиреоз

Базедов ауруы - диффузды токсикалық жемсау

Slide 17

Қалқанша безі қызметінің бұзылуы

Slide 18

Қалқанша маңы безі

Қалқанша безінің артқы беткейіндегі домалақ денешік

салмағы 0, 13 - 1, 18 г.

Паратгормон гормонын өндіреді (паратирин), кальций мен фосфор алмасуын реттейді

Slide 19

Қалқанша маңы безі қызметінің бұзылуы:

Гипофункция - гипопаратиреоз

Кальцийлік тетания (қандағы кальций мөлшерінің төмендеуі және калийдің көбеюі)

Гиперфункция - гиперпаратиреоз

Қандағы кальций мөлшерінің көбеюі

Slide 20

Айырша (жемсаулық) без thymus

Борпылдақ дәнекер тінімен байланысқан екі асимметриялық бөліктен тұрады.

Балалық және жасоспірімдік жастағы ағза

Салмағы 13 - 37, 5 г ( интенсивті өсу мен даму аралығы 6 -15 жыл), ересектерде май тінімен қапталады

Төс артында орналасады

Slide 21

Айырша безінің қызметі:

Жасушалық иммунитетке жауапты Т-лимфоциттердің синтезделуін жүзеге асырады

Гормондарды өндіреді: тимозин, тимопоэтин, тимусты гуморальды фактор - иммунды жүйенің химиялық ынталандырушысы

Slide 22

Ұйқы безі pancreas

Ұзарған пішінді, бөліктік құрылымға ие

Іш қуысының артқы қабырғысының1 - 2 бел омыртқалары тұсында, асқазанның артқы бөлігінде орналасқан

салмағы 60 - 80 г, ұзындығы шамамен 17 см

Slide 23

Ұйқы безінің құрылысы:

Күрделі альвеолярлы-түтіктік без

Бөліктік құрылымға ие

Барлық ағзаның 1% эндокринді қызметке тиесілі, бұл бөлік негізінен ағзаның құйрықты бөлігінде орналасып бес түрлі, (A, B, D, D 1, PP-жасушалар) жасушадан құралған Лангерганс аралшығы түрінде кездеседі

Slide 24

Ұйқы безінің құрылысы:

Slide 25

Ұйқы безінің қызметі:

Аралас секрециялы без: он екі елі ішекке түсетін ферментке бай ұйқы безі сөлін өндіреді және инсулин, глюкагон, липокаин, секретин, соматостатин және т. б. гормондар.

Slide 26

Гормондардың қызметі:

Инсулин - ұйқы безінің басты гормоны

В-жасушаларында өндіріледі

Гликогена синтезін ынталандырады және оның бауыр мен бұлшықеттерде жиналуын қамтамасыз етеді.

Глюкоза үшін мембрана өткізгіштігін арттырады.

Қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді

Май алмасуын жақсартады және кетонурияны төмендетеді

Ақуыздардың катоболизмін төмендетеді, аминқышқылдардан ақуыз өндірілуін ынталандырады

Slide 27

Гормондардың қызметі:

Глюкагон -инсулиннің антагонисті

Бауыр және бұлшықеттерде гликоген ыдырауына әмер етеді.

Глюкозаның қандағы деңгейін жоғарылатады

Май тіндерінде майдың ыдырауын ынталандырады.

Миокардтық қозғыштығына әсер етпеген күйде оның жиырылғыштығн арттырады Липокаин - бауырда майдың қышқылдануы мен липидтерді пайда қылына байланысты майдың ағзадан шығуына әсер етеді

Slide 28

Инсулин

Глюкоза Гликоген

Глюкогон

бұлшықет

бауыр

Slide 29

Ұйқы безі қызметінің бұзылуы:

Slide 30

Бүйрекүсті безі glandulae suprarenales

Бүйректердің жоғарғы полюсында, 11-12 кеуде омыртқалары тұсында орналасатын жұп мүше

Бір бүйрекүсті безінің салмағы12 -13 г, ұзындығы 40-60 мм, биіктігі 20-30 мм, қалындығы 2 -8 мм

Сыртқы - қыртысты (80 %) бөліктен және ішкі - милы заттан тұрады

Slide 31

Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары: кортикостероидтар

Минералокортикоидтар

Глюкокортикоидтар

Жыныстық

Slide 32

Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары: Минералокортикоидтар-

Бүйрек өзектерінен натрийдің кері сіңірілуін жоғарылатады

Калийді шығарады

Капиллярлар өткізгіштігін арттыруына байланысты қабыну реакцияларының дамуына ықпал етеді

Қандағы және тін сұйықтығындағы осмотикалық қысымды жоғарылатады ( натрий йоны концентрациясына байланысты)

- Қантамырлар тонусын арттырады, АҚ жоғарылайды

Slide 33

Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары:

Глюкокортикоидтар

Ақуыз, май, көмірсу алмасуына әсер етеді

Ағзаның стресстік жағдайларға қарсы тұра алуын жоғарылатады

Ақуыздан глюкоза пайда болуын ынталандырады

Тін ақуыздарында катаболизм(ыдырау) тудырады

Қабыну үрдісін тежейді

Антидене өндірілуін төмендетеді

Гипофиз белсенділігін басады, соның ішінде АКТГ синтезін

Slide 34

Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары:

Жыныс гормондары -

Балалық шақта жыныс мүшелері мен сүйек дамуын ынталандырады

Екіншілік жыныс белгілерінің дамуы

Жыныс қызметтерінің нормализациясы

Ақуыз синтезі мен анаболизмді ынталандырады

Slide 35
Ұқсас жұмыстар
Гормондар туралы
Аралас бездер
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Қалқанша маңы безі
Қалқанша маңы бездері
Гормондар мөлшері
Эндокринді жүйе
Ішкі секрециялық бездер, олардың қызметтік ерекшеліктері
ҚАЛҚАНША БЕЗ
Эйкозанойдтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz