Зерттеу жоспарын жобалау: әдіснамалық дизайн, рөлдер және негізгі сұрақтар


Slide 1

Зерттеу жоспарын дизайндау

Орындаған: Сатыбалды Жайна

Алдабергенова Мөлдір

Көмекова Айкөркем

Кошкарбаева Гулдана

Slide 2

Сұрақтан жауапқа көшу

Әдіснамалық дизайн мәселесі бастапқыда түсінікті сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ сіздің мақсатыңыз-зерттеу сұрағына жауап беру немесе гипотезаңызды сынақтан өткізетін жоспар жасау. Бұл әдіснамалық дизайн анық құрастырылған зерттеу сұрағы немесе шебер құрастырылған гипотезаны талап етеді. Бұл-анық тұжырым. Ал енді жол табу туралы азды-кем сөйлесейік.

Жол табу

Жобаңыздың зерттеу сұрағын анықтау керек. Келесі қадам-жауап алудың ең жақсы жолын табу; нақтырақ айтқанда, әдіснамалық дизайнның элементтерін анықтау керек.

Slide 3

Сұраққа жауап беру

Өкінішке қарай, жас ғалымдар да, тәжірибелі зерттеушілер де белгілі бір әдіснамаға ғана сүйеніп, соның ізімен жүруге бейім тұрады. Олар сұрағының қисынды түрде нені талап ететінін сыни сараптамадан өкізбестен, этнографиялық немесе популяциялық зерттеуді, сауалнама немесе сұхбат алу серияларын жасауға ұмтылады. Зерттеу жасаудың бір әдісі:басқа әдістен жақсы екен деп, үйреншікті жолдан шықпай, бір орында отырмағаныңыз жөн. Әдістертеріңіз сұрақтардан өрбуі керек.

Әдіснама-түрлі зерттеу мектептерін легитимді қылатын, нақты парадигмалық жорамалдарға қатысты пайымдау принциптерін ұсынатын, ауқымды, бәрін қамтитын макродеңгейлі құрылым. Әдіснама зерттеу жүргізуге қажет стратегияны ұсынып, жұмысты негіздеуге көмектеседі, Оған ғылыми әдіс, этнография және іс-әрекетті зерттеу жұмыстары мысал бола алады.

Slide 4

Қабілет пен қызығушылық

Жаңа қабілетке ие болу-өте дұрыс мақсат, бірақ өзіңіздің иелігіңіздегі уақыт туралы ұмытпау керек. Жаңа қабілетті игеріп кету оңай емес және ол практикалық болмауы мүкін. Қабілетіңіз бен мүдделеріңіз туралы жақсы ойлану керек. Өзіңізге ыңғайлы нәрсені ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар қабілетіңіздің дерек жинауға қалай әсер етуі мүмкін екенін алдын ала ескеру керек.

Зерттеу рөлдері

Зерттеуші рөлінің маңызын түсіндіретін метафора аз емес. Сізге және әдіснамалық дизайныңызға кей рөлдер қолайсыз немесе орынсыз болуы мүмкін, оны да ескере отыру керек. Сондай-ақ бұл рөлдердің бірін-бірі жоққа шығаруы міндетті емес және шығармашылық, стратегиялық тұрғыда зерттеуші рөліңізді қалыптастыруыңызға ештеңе кедергі келтірмейтінін де есте сақтау керек.

Slide 5

Негізгі сұрақтар

Тақырыпта айтылғандай, детальдар маңызды.

Кім?

Зерттеуде кім туралы сөз қозғағыңыз келеді?

Кіммен сөйлесуді, бақылауды жоспарладыңыз?

Қайда?

Іріктемеңіздің физикалық аймағы қайда?

Баратын орындарыңыз әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме?

Қашан?

Әдістеріңіз мерзімге лайық па?

Берілген мерзім әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме?

Қалай?

Деректі қалай жинаймын?

Әдістерді қалай қолданамын?

Не?

Нені іздейсіз сұрайсыз?


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық дизайн: теориялар, модельдер және оқытуды жобалау
Дизайн: анықтамасы, қалыптасуы және негізгі салалары
Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері және зерттеу принциптері
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының әдіснамалық және әдістемелік негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық плюрализм: деңгейлері мен зерттеу әдістері
Графикалық веб-дизайн: эстетика, UX және негізгі элементтер
Педагогика: әдіснамалық білім деңгейлері, өзіндік ерекшеліктері және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеу әдістері: деңгейлері, түрлері және әдіснамалық негіздері
Философияның пайда болуы, мәні, негізгі функциялары мен әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz