Хлорорганикалық қосылыстармен улану




Презентация қосу
Хлорорганикалық
қосылыстармен
улану
Орындаған : Айтқазы.Д.А
Қабылдаған : Ахметжанова.А.Е

Семей 2022 жыл
Хлорорганикалық қосылыстармен
улану
Хлорорганикалық қосылыстар ауыл шаруашылығында: дән,
жеміс ағаштар және басқа егін дақылдарының зиянкестеріне,
кене мен қан сорғыш жәндіктеріне қарсы қолданады. ХОҚ ішінде
көбіне гексохлоран, хлортен, хлориндан, гептахлор, дилдрин,
полихлорпинен, дуст немесе эмульсия ерітінді түрінде
пайдаланады. Бұлардың бәрінің кумуляциялық қасиеті бар және
сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: ДДТ
пестицидтерін пайдаланғаннан 10-12 жылдан соң топырақтан
табуға болды. Сондықтан ол қазір көп пайдаланылмайды. ХОҚ
ағзаға тыныс алу жүйесімен асқазан-ішек жолымен түссе,
олдрин, дилдрин сияқты аса қауіпті әсері күшті пестицидтер
зақымданбаған тері арқылы ағзаға ене алады. ХОҚП бүйрек,
асқазан-ішек жолымен, сүт бездерімен бөлініп шығады,
алкогольді қабылдағанда температурасы жоғарылағанда удың
сіңуі тездетіледі.
Патогенезі

ХОҚП ағзаға негізінен орташа токсикалық және политропты
әсер етеді. Олар майда еритін қосылыстарға жататындықтан
липидтерге бай жүйке жасушалары мен тіндерге, сонымен
қатар липидтерге бай паренхиматозды ағзаларға және
ағзаның барлық қорғаныс тосқауылдарынан оңай өтеді. ХОҚ
уланғандағы ОЖЖ мен бауырдың зақымдалуын осымен
түсіндіруге болады және жасушалық тыныс алу
ферменттерін негізінен цитохромоксидазаның тежелуіне
байланысты, ол паренхиматозды ағзалардағы тотығу мен
фосфорлану үдерістерін бұзады. Осыдан көмірсу алмасуы,
белок биосинтезі де бұзылады. Кейбір ХОҚ: хлоридан,
гептахлор, белоктың және тиоферменттердің SН тобын
тежейді. ХОҚ әсеріне жеке өзіндік және адам жасына
байланысты гиперсезгіштік, көбіне аллергиялық реакциялар
туғызады. Ағзалардың сезгіштігі ХОҚ-дың түріне,
концентрациясына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына
байланысты. Осылардан жіті немесе созылмалы улану
клиникалық көріністері дамиды.
Клиникасы

Уланудың клиникалық ерекшеліктері уланудың түріне, дәрежесіне,
патогенездің үдерісіне және де ағзаларға удың қай жолмен түсуіне
байланысты. ХОҚ шырышты қабаттары мен тыныс алу жолдарына
түссе жоғарғы тыныс жолдарында, шырыштарда, бронхта тітіркену
белгілері пайда болады (ринит, коньюнктивит, жіті трахеобронхит).
Мұндай жағдайда уланудың алғашқы белгілеріне көздің, тамақтың
шырышты қабаттарының қызарғаны, мұрыннан су, кейде қан ағу,
жөтел, тұншығу жатады. ХОҚ асқазан-ішек жолымен түссе (көбінесе
тұрмыстық жағдайларда) жүрегі айну, құсу, іштің түсы ауыру, үлкен
дәрет бұзылады; тері ластанса - дерматиттер, экзема, некроздар
дамиды. Жіті улану ХОҚ ағзаға бір мезгілде үлкен дозада түскенде
жергілікті көріністері мен ОЖЖ зақымдалу белгілері тез пайда болады:
едәуір аяқта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, жүрегі айну, құсу,
құлақтың шуылдауы, цианоз, ентігу, тахикардия, температура 39°С
көтеріледі, теріде немесе шырышты қабықтарда аллергиялық
зақымданулар, қан құюлулары болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда
токсикалық энцефалит, таралған эпилептиформалық құрысулар мен
Гексахлоранмен уланудың кеш кезеңінде полинейропатия,
энцефаломиелополиневрит дамиды. Қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ
жоғарылайды. Ауыр жағдайларда гипо-, апластикалық анемия, панцитопения,
несепте - белок, микрогематурия.
ХОҚ-мен созылмалы улануда біртіндеп басталып патологиялық үдеріс ми
бағанасында орналасқандықтан токсикалық истерия, астеновегетативтік,
астено-органикалық синдромдар және микросимптомдар дамиды. Бұл кезде
эпизодты түрде церебралдық ангиодистониялық және ангиоспастикалық
пароксизмалар: кенеттен қарқынды бас ауруы, бас айналу, жүректе ауру сезім,
тахикардия, жүректің айнуы, іштің ауруы, профузды терлеу, бозару, аяқ-қолдың
ауыруы, дірілдеуі, әлсіздік; жиі құрғақ жөтел, түшкіру, тұншығу дамиды. Бұндай
жағдайда нейроциркуляторлық дистония жиі гипотониялық түрі, миокардтың
дистрофиясы, токсикоаллергиялық миокардит және гастрит, гепатит,
нефропатия дамиды. Теріде дерматит экзема, пиодермиялар, кейде
сезімталдықтың бұзылуы мүмкін. Қанда лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды.
Кейбір жағдайда асқынулар: өкпелік жүрек, бронхоэктатикалық ауру, бронх
демікпесі, т.б. қосылады.
Ірі қара мал үшін гексахлоранның өлім дозасы 1 кг
салмаққа 300- 800мг болып табылады. Е.И Маковскийдің
мәліметтері бойынша, гексахлоран тәжірибедегі
жануарлардың 50% өлімге әкелген, өлім дозасы 1 кг
салмақта келесі дозаларда: мысықтарға- 300 мг,
егеуқұйрықтарға - шамамен 400 мг, тышқандарға- 500 мг,
қояндар үшін 800 мг болып табылады. Малдардың
сынаппен улануы терісіне сынап май ын жаққаннанкейін
байқалады. Ағзаға сынап препараттары ауыз қуысының
шырышты қабаты, асқазан және ішек арқылы, сонымен
қатар жарақаттанған тері арқылы түседі. Сынап
буларымен дем алған кезде улануы дамүмкін. Сынаптың
организмнен шығуы бүйрек және ішек жолдары арқылы
өтеді. Сынап органикалық қосылыстар, организмде
жиналатын қасиетке ие және орталық жүйке жүйесінің
зақымдайтынын есте сақтау керек.
Балау

Балау. Анамнездік деректер, клиникалык
белгiлер, сою және ХИМИЯЛЫҚ -
токсикологиялык талдау нәтижелеріне
сүйене от ырып баланады. Балаудын
зертханалык әдiсiнде, ХОК-дың өте көп
жиналатын деполык мүшелерi - Tepi асты
және iш майларын, бауыр, бүйректі ми мен
жұлынды патологиялык-анатомиялык
тексеру үлкен нәтиже береді.
Емдеу
Жіті улануда науқасты тез арада таза ауаға шығарып, ластанған киімін
шешіп, жылытып, оттегі беріледі, көктамырға 40% - 20 мл глюкоза
ерітіндісін, 500 мг С дәруменін салу керек, кейін В топ дәрумендері,
дәрумен Е 5% - 1 мл беріледі. Көрсеткіштер бойынша жүрек-қантамыр
және седативті дәрілер жасалынады. Ауыр улануда 500 мл физиологиялық
ерітіндіні көктамырға 40% глюкозамен енгіземіз. Көзге түссе соданың 2%
ерітіндісімен (Nа гидрокарбонаты) немесе физиологиялық ерітіндісімен
жуамыз. Теріні жылы сумен, сабынмен жуамыз, 2% сода ерітіндісімен
таңамыз. Асқазан-ішек жолымен у түссе, тездетіп жылы сумен жуып, 1%
мыс купоросын, іш айдатқыш дәрілер беріледі. Майлар, алкоголь,
адреналин беруге болмайды. Энцефалополиневритті емдеуде жалпы
антитоксикалық заттармен - дәрумен Е, кокарбоскилаза немесе В1
дәрумені және В2, В6, В12, В15; фитин, липотропты дәрілер, церебролизин,
аминалон, пирацетам, актовегин, АТФ, т.б. тағайындалады. Созылмалы
уланудың емі синдромалды. ХОҚ уланудың МӘС-ы. Созылмалы уланудың
жеңіл түрінде кәсіптік еңбек ауру қағазы ашылып, емдеу жүргізіледі.
Айқын немесе ауыр улануда және созылмалы рецидивті түрінде, басқа
жұмысқа ауыстыру нәтижелі.
Сульфаниламид препараттарын қолдануға болмайды!Олар керісінше ХОҚ
уытты әсерін арттырады .
Алдын алу
Пестицидтерді сақтайтын жерге санитарлық бақылау, жұмысшыларды
жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, пестицидтер ШРЕК-сын
сақтау, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау (6 сағат) шаралары жүргізіледі.
Жұмыстан қалған уақытта ХОҚ және басқа пестицид әсері жоқ жұмыспен
айналасқан жөн. Жүйелі түрде алдын ала медициналық тексеруден өтуді
сақтауды берілген бұйрықпен жүргізіледі. Пестицидтермен жұмыс істеуге
жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, 18 жасқа толмағандар, арақ-шарап
ішкендер жіберілмейді. Емдік-алдын алатын тамақтану (тегін сүт, жұмыс
басталар алдында ыстық тамақ беру, т.б.)
Алдын алу шаралары. Малдарды өңдегенде ХОК-ды колданылатын
мелшерiнен асырмаган абзал. Азыктардағы шектеулі калдыктын
мөлшерін бақылап тұру кажет. Тасымалдағанда жǝ не колданғанда
кауiпсiздiк ережелерiн катан сактап, ХОК-мен өнделген жайылымдарға
малдарды көрсетiлген уакытында (21 күннен кейін) жiберген жөн. ХОК-
тын азыктардағы колдануга болатын шектеулі мөлшерi: ДДҮ
изомерлерiмен метоболиттері- 0,05 мг/кг; гептохлоркамфен- 0,05- дейiн;
дилор-0,1 дейін; полихлоркамфен және полихлорпинен-0,25 мг/кг дейін.
<әне алады алер ДДҮ және гексахлораннан созылмалы түрде уланган
мал етiнде бул пестицидтер 9-10 айга дейiн сакталынады, еттiн сапа сы
Қорытынды

Хлорорганикалық қосылыстар-гексахлоран,
алдрин, гептохлор, хлоридан, гексахлорбензол
және басқалары ауылшаруашылығында дуст,
жақпа май, эмульсия, сондай-ақ органикалық
ерітінділер түрінде қолданылады. Аталған улы
химикаттардың улы қасиеттері жоғары
болғандықтан, малдарда жіті және созылмалы
улану туғызуы мүмкін. Ауылшаруашылығында
гексахлоран жиі қолданылады. Мал ағзасына
түскен соң, қанға тез сіңіп, бұлшық ет пен
майда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%BB%D0%BE
%D1%80%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD
%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B
%D0%BE%D1%81%D1%8B%D0%BB%D1%8B
%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD_
%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%83_(%D0%A5%D0%9E
%D2%9A)#cite_ref-1

Ұқсас жұмыстар
Фосфорорганикалық қосылыстар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану Хлорорганикалық қосылыстар
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Уланудың патологиялық морфологиясы
Рефлексті әсерлі қақырық түсіретін дәрілері
Нитраттармен уланғанда - полиурия, гематурия
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы
Пәндер