Адамның жан сұлулығы




Презентация қосу
Адамның жан
сұлулығы
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:
Төлеубаева М.С.
Мақсаты: Білім алушыларға ішкі және сыртқы
сұлулық туралы айта отырып, ақиқат
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

Білімділік: Адамның «жан
сұлулығы» ұғымының мәнін ашу
Дамытушылық: Білім алушылардың
бойындағы шынайылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білім
алушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу
Дәйексөз:
Адам бойындағының бәрі – бет пішіні, киім
киісі, жан дүниесі, ақыл-ойы да сұлу болуға
тиіс.
(Антон Чехов)
- Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіздер?
Сұлулық

Сұлулық - біз әдемі деп танитын қасиет.
Жан сұлулығы – үлкен байлық. Адамның ішкі сұлулығы — адамның
жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық,
адамшылық осы жүректен туындайды. Сұлулық бізді қуантып, әсерге
бөлейді. Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. Айналаңды әдемі
заттармен толтыруға болады, мұражайларға баруға болады, өнер
туындыларының тылсым сырына үңілуге болады, ұшы-қиыры жоқ
әдемілікті іздеп, табиғат аясына шығуға болады. Бірақ ең алдымен өз
жүрегіңнің, жанынның сұлулығын іздеу, жасау қажет. Егер ішкі жан
дүниеңде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы болмаса, сұлулық
уақыт өте келе көмескілене түседі.
Ағаш тостақ
Бір қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары естілмей, аяғынан жүре алмапты.
Дастарқанда отырғанда қолы қалтырап, қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп,
аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайларына ызалары келіп, қатты ұрысып,
жүрегін жаралапты.
Соңғы кезде дастарқанға да шақырмай, пештің артындағы бір жерге отырғызыпты. Сол жерде
отырып, сол жерде тамағын жепті. Қолына бір тостақ ұстатыпты.
Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты. Жанары сөне бастаған сулы көздерімен
дастарқанға мұңая қарайтын болыпты. Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап, тостағын
жерге түсіріп, сындырып алыпты. Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды. Ертеңінде атайдың
ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады. Мүсәпір адам енді тамағын сол ағаш
тостақтан жейтін болады.
Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді. Әкесі ұлына:
— Ол ағаштардан не істемекшісің?-деп сұрайды.
— Ағаштан тостақ жасаймын, әке… Қартайғанда сіз де осы тостақтан тамақ жейтін
боласыз, — дейді ұлы.
Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешенің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады.
Атасын қайтадан дастарқан басына отырғызады. Содан кейін тамақты үстіне, дастарқанға
төкседе, оған сөйлемейтін болыпты.
Сұрақтар:
1. Әңгімедегі ең аянышты сәті қайсысы?
2. Кішкене баланың әрекетінен не байқадың?
3. Ол ата-анасынын мейірімін қалай ояты?
Сабақты бекіту
Сабақ қорытындысын шығару

1. Бүгінгі сабақ саған қандай ерекшелігімен
ұнады?
2. Сені аса толғандырған не (әсер еткен, таң
қалдырған)?
3. Сен өзіне қандай қорытындылар жасадың?
Соңғы тыныштық сәтi.

Студенттер, бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Бүгін сабақта алған жақсы қасиеттеріңді
жүректеріңізге сақтап, түйіп алыңыздар.
Рахмет!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту
8 наурыз
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
ЕҢБЕКПЕН ЖЕТКЕН МҰРАТҚА ҚАРТТАР КҮНІ
Ақырзаман кітабында
Қайта өрлеу дәуірінің мәдени мұрасы мен ескерткіштері
Этиканың құрылымы
Ежелгі грек этикасы
Тамаша табиғат
Әдемі болу өнері
Пәндер