Философия: пәні, қызметтері, әдістері және негізгі бағыттары


Slide 1

Философия, оның пәні және қызметі.

Тексерген: Мусаева Э. А. Орындаған: Игембаева Е. Е. Тобы: УА-20-1к

Slide 2

Философия пәні, әдістері және қызметтері.

Философия (грекше филео -махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді.

Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы

Slide 3

Философия - қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.

Тұңғыш рет “философия” терминін б. з. б. VI ғ. Пифагор қолданған.

Slide 4

Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес) ; - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы) ; -логикалық (бірізділікті, жүйелі) ; - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді) .

Slide 5

Философиялық дүниегекөзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм.

Slide 6

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия) .

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден

тысқары тұрған тылсым күш - Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән) .

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер) .

Slide 7

Философиялық білімнің ерекшеліктері:

Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т. т. ) ;

Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,

Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;

Көбінесе субъективтік қасиет тән - жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;

өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;

Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;

Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.

Slide 8

Философия ілімінің негізгі әдістері:

Диалектика - болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішік қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.

Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарамақайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.

Slide 9

Философияның қызметтері:

Дүниетанымдық;

Методологиялық;

Теориялық;

Гносеологиялық;

Сыншылдық,

Аксиологиялық,

Әлеуметтік,

Тәрбиелік-гуманитарлық,

Эвристикалық,

Өзге де көптеген қфзметтер.

Slide 10

Пән деп философияның зерттейтін мәселелерінің жиынтығын, ауқымын айтады. Философиялық білімнің, философия пәнінің жалпы құрылымдық тұрғыдағы негізгі бес бөлімін атайық: - онтология (болмыс туралы ілім) ; - гносеология (таным туралы ілім) ; - адам; - қоғам; - философия тарихы.

Slide 11

Философияның негізгі бағыттары:

Гносеологиялық:

гностицизм,

агностицизм,

эмпиризм,

рационализм.

Онтологиялық:

материализм,

идеализм (объективтік, субъективтік),

дуализм

деизм.

Slide 12

Назарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: пайда болуы, зерттеу әдістері, негізгі бағыттары және қызметтері
Философия: пәні, әдістері және қызметтері
Философия пәні: анықтамасы, құрылымы, әдістері және бағыттары
Философия: дүниетанымның тарихи түрлері, пәні, әдістері және қызметтері
Философия: пайда болуы, пәні, функциялары және негізгі бағыттары
Философия: пәні, дүниетаным формалары, қызметтері және міндеттері
Философия пәні: мәні, әдістері, дүниетанымы және міндеттері
Философия: дүниеге көзқарас, пәні мен негізгі мәселелері
Ойлау мәдениеті мен философия: пәні, дүниетанымы және негізгі сұрақтары
Философия: тарихы, негізгі тұжырымдамалары, әдістері мен функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz