Ежелгі Вавилон мәдениеті


Slide 1

Ежелгі Вавилон мәдениеті

Slide 2

Вавилон ("Тәңірі қақпасы" деген мағынада) - Қос өзен бойындағы ежелгі мемлекет. Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді. Хаммурапи б. з. б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық еткен. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына бағындырды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.

Slide 3

Б. з. д. III мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нәтижесінде қала - мемлекет нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың әрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сурген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың iшiндегi ең әйгiлерi -Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши және Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып кершiлес кауымдастықтардың бірлескен күштерiн қажет ететiн ирригациялық және мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды . Ежелгi шумерлiк коғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерiнен, рулык - тайпалық және шіркеулік ақсуйектерден, сонымен қатар, патшалық және шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тәуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тәуелдi тұлғалардың арасында халықтың негiзгi бөлігі - аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.

Slide 4

Даму тарихы

Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді:

1) ерте Вавилон патшалығы (1894 - 1518) ;

2) касситтер дәуірі (1518 - 1204) ;

3) саяси құлдырау дәуірі (1204 - 626) ;

4) жаңа Вавилон патшалығы (626 - 538) .

Slide 5

Месопотамияның оңтүстік бөлігінде б. з. б 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (б. з. б 24 - 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (б. з. б 22 - 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (1792 - 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (1146 - 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді.

Slide 6

Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (604 - 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Хаммурапи б. з. б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты.

Slide 7

Вавилонның өрлеуі

Урдың III əулетінің билігі кұлағаннан кейін Қосөзенде ұзақ уақыт қырқысу соғыстары болып тұрды. Елдің оңтүстігінде Элам өктемдігі басымдау болса, солтүстіктен ассириялықтар шапқыншылықтар жасап отырды. Осындай жағдайда басқа қалалардың ішінде ерекшелене бастаған Вавилон қаласы болды. Аккад тіліндегі бабилу - құдайға барар қақпа деген ұғымды білдіреді. Өйткені қала керуен жолдарының қиылысқан жерінде орналасты. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері де Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жататын. Бұның бəрі Қосөзеннің басқа қалаларының арасында Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Оның артықшылығы, əсіресе Хаммурапи атты билеушінің тұсында айқын көрінді.

Slide 8

"Хаммурапи" б. з. б. 1792 - 1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол өзінің іс-əрекеттері нəтижесінде ежелгі дүниедегі талантты елбасылардың қатарына қосылды. Хаммурапи қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды. Сөйтіп, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылады. Хаммурапи ол елдерлің құдіретті билеушісіне айналды

Slide 9

Хаммурапи заңдары

"Хаммурапи" елде біріңғай тəртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып зерттеген. Адам бойынан да биік ол тастың жоғары жағына сурет салынған. Суретте ақ сақалды, басында сəлдеге ұқсас бас киімі бар Күн құдайы бейнеленген. Ол салтанатты тақта отыр. Екі иығынан сəуле шашып тұр. Оң қолында биліктің асатаяғы мен заңдар жинағы. Күн құдайы бұларды Хаммурапиге ұсынып тұр. Хаммурапи оның алдында сол қолымен тағзым ете кеудесін басып, тікесінен тік тұр.

Slide 10

Шумер және Вавилонның әдебиетін әлемнің ең көне әдебиеті деп айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуіне орай, ең алғашқы қолжазбалар іскери құжаттар болған. Дегенмен, одан өзге ежелгі поэзия мен көне аңыз-әңгімелер легі бізге дейін сақталған. Солардың ішіндегі толық нұсқасымен жеткені «Гильгамеш туралы аңыз» эпосы болып табылады.

Шумер және Вавилон әдебиеті

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Ерте темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа
ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН
Ирак
Қытай өркениеті
Тарихтың үздіксіздігі Мәдениет пен ретінде қоғамдық өркениеттің прогресті жоққа қарсы тұруы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің картасы
АНТИКАЛЫК ӨНЕР
ШПЕНГЛЕР ОСФАЛЬД ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ландшафттық дизайнның қалыптасуы, түрлері және оның ерекшеліктері
Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz