ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ




Презентация қосу
КІНӘ
ОРЫНДАУШЫ:К.ДАНИЯР
КТ-21-КНТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ

19-бап. Кiнә
1. Адам өзінің кiнәсi анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері (әрекеттері немесе
әрекетсіздігі) және оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауы үшiн ғана
қылмыстық жауаптылыққа жатады.
2. Объективтi айып тағуға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық
жауаптылыққа жол берiлмейдi.
3. Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық
бұзушылық үшін кiнәлi деп танылады.
4. Абайсызда жасалған іс-әрекет осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында
арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
КІНӘНІҢ ҰҒЫМЫ
Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар
оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.
Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің
нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа
деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті
(қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық
және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе
абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық
түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың
субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады.
Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі
көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат
жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық
120 бап – Зорлау, 312 бап – Пара беру.
Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті,
ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің
165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен
егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет ғана
мемлекеттік опасыздық деп танылады. ҚК-тің 216 бабы бойынша әдейі банкроттық оның
қандай мақсатпен жасалатындығына тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші
жағдайда қылмыстың мақсаты мемлекеттік сатқындық құрамының міндетті белгісі болып
табылатындығын ал екінші жағдайда – әдейі банкроттық барысында ол жауаптылық пен
саралауға ықпалын тигізбейді (алайда ол барлық уақытта да анықталуы тиісті
болғанымен және жазаның түрі мен мөлшерін таңдауға ықпал етуі мүмкін).
Немесе ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі – Адам өлтіру (ауырлататын мән жайда) басқа адамға
құқыққа қарсы қаза келтіру күшейтілген қылмыстық жауапкершілікті қарастырады егер
ол пайда табу ниетімен (пункт «з»), бұзақылық ниетпен (пункт «к»). Мұнда алғашқы
екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында
қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.
Біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған Қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда келтірілген
кінәнің анықтамасы қортындылай айтқанда төмендегідей мазмұнда берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен
тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті
іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл
пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған.
Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы құқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген
ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өтуге тиістіміз. Кінә
(кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет
етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің
талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және
абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті
біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған.
Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз
негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән
туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада
қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз
жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз.
КІНӘНІҢ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ

Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары
болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы
зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер
адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған
санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп
танылады. Қасақаналық ұғымы негізінен екі түрлі элементтен – интеллектуалдық және
еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін
сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың
интеллектуалдық кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде
жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну
қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады.
Тікелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың арасындағы басты айырмашылық
еріктілік сәтінен айқын көрінеді. Тікелей қасақаналық барысында тұлға қоғамдық
қауіпті салдардың болуын тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық ниеттің болғандығын
төмендегі жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің
түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу үшін кісі өлтіру). 2)
пайда болған салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы
болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама
қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және
бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып
табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті
салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе
оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде
жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін
ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз.
Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама
ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың
міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың
объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады.
Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз.
Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда
формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады.
Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес
сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың
құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен
жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық,
бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей
қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны
үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі
қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана
мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар
қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық
немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық
анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған
қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық
барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін
анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан
мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше
анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ
жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі
мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)
КІНӘНІҢ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ

Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді,
және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар
оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол
жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Мысалы адамның
басына, денесіне соққылар жасай отырып кінәлі, жәбірленушіге өлім келуі
немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ
қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына
да қол жеткізуге мүдделі.
КІНӘ

И. Г. Филановскийдің айтуынша: «Қылмыстың субъективті жағының
белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының
диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады.
Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір
мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып
табылатын кінә түсінігінен бастаймыз.
Аталған мәселені анықтауды қылмысты дұрыс сарлау табанды түрде талап
етеді: А.А. Пионтковский «Кінә туралы ілім кеңестік қылмыстық құқық
теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады»- деп жазған

Ұқсас жұмыстар
Прокуратура
Қылмыстық құқық. ҚР Қылмыстық кодексі
Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Сулардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Мемлекет және заң
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
Фармацевтикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілік
СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ
Пәндер