Қазақстан тарихының кезеңдері


Slide 1

Дала тарихнамасы

Slide 2

Жоспар:

Деректер мен тарихнама.

Қазақстан тарихының кезеңдері.

2. Қазақстан территориясы тас дәуірінде.

3. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті.

Slide 3

Тарих-үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Өткенді ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе болып қана табылмайды, сондай-ақ әркімнің есінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды.

Қазақстан тарихын зерделеген кезде оны-әлем тарихының түркі халықтары тарихының, Орталық Азия елдер тарихының бір бөлігі ретінде қарастырылуы қажет.

Slide 4

Тарихи дерек өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Негізінен деректердің бірнеше тобын атауға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокиноқұжаттар. Мұндай жіктеу дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен бұл шартты жіктеу.

Slide 5

Қазақстанның өткенін жазу, оны қайыра жаңғыртып қалпына келтіру үшін ғылымда тарихи деректемелер деп аталатын материалдардың мол ауқымы пайдаланылады.

Заттай немесе археологиялық деректемелер.

Этнографиялық деректемелер.

Лингвистикалық деректер. Осы заманғы қазақ тілі қоғамының дамуына орай қалыптасты.

Ауызша және жазбаша деректеме көздері.

Slide 6

Ежелгі және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және түркі тілдеріндегі жазбаша-кітаби деректер бар.

Көне жазбаша деректер Ахеменидтер заманында пайда болды (б. з. д. І м. ж. ортасы) . Онда сақ этномәдени қауымдастығына кіретін, Қазақстанның көшпелі тайпалары туралы айтылады. Парсы тілінде б. з. д. ІІ м. ж. - арийлік көне кезеңдердегі оқиғалар туралы мәліметттер бар зороастризм кітабы «Авеста» жазылған.

Slide 7

Ежелгі түркі жазба деректері ежелгі түрік көшпелілерінің әлеміндегі этникалық, әлеуметтік және мәдени құбылыстар туралы неғұрлым анық түсініктер береді. Олар б. з. І м. ж. басында Орталық Азияда пайда болды. Олардың қатарына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк т. б. қағандардың рухына арналған ескерткіштер жатады.

Қазақстан тарихын ғылыми-зерттеу ісі ресейлік тарихшылардың қызметімен байланысты. Революцияға дейінгі кезеңде П. И. Рычков, А. И. Левшин, В. В. Бартольд, И. А. Аристов және т. б. зерттеушілер қомақты еңбектер жазды.

Slide 8

Батыс Европалық саяхатшылар П. Карпини, В. Рубрук, М. Полоның шығармалары ХІІ - ХІІІ ғғ түркі - монғол ұлыстары мен тайпалары тарихы бойынша үлкен еңбек болып табылады. ХVІ ғ. шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі текті тарихшылар М. Х. Дулати, («Тарихи Рашиди»), Бабыр («Бабыр - наме»), т. б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым) олардың саяси - әскери қызметтері жөнінде мәлімет береді. 15 - 17 ғғ. қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де кездеседі.

Slide 9

Еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш - тарихшы ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш. Ш. Уалиханов қазақ, қырғыз. ұйғыр басқа да түркі тектес халықтарының тарихын зерттеді.

ХІХ ғ. ІІ жарт. Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л. Мейер, М. Красовский, М. И. Венюков, т. б. этнографиясымен Радлов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Н. А. Аристов және т. б. шұғылданды.

Slide 10

ХХ ғ. бас кезі қазақ халқының ұлттық сана - сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Баспасөз беттерінде қазақ зиялылары (М. Тынышпаев, С. Асфендияров, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, Мәшһүр - Жүсіп Көпеев, С. Сәдуақасов т. б. ) Отан тарихына байланысты жиі - жиі мақалалар жазды.

Slide 11

1925 жылы М. Тынышпаевтың «Қазақ (Қырғыз - қайсақ) халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі орыс тілінде жарық көрді.

1935 жылы С. Асфендияровтың «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегі орыс тілінде жарық көрді.

ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында бір топ мәскеулік тарихшылар (А. М. Панкратова, С. В. Бахрушин, И. М. Дружинин, М. П. Вяткин және т. б. ) Қазақстанға көшіп келіп, қазақ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасады. Нәтижесінде 1943 жылы «Қазақ КСР тарихы» жарық көрді.

Slide 12

Қазақстан тарихы үлкен үш кезңнен тұрады:

Ежелгі кезең а) Тас дәуірі

б) Қола дәуірі

в) Скиф-сақ кезеңі

Ортағасырлық кезең (Ұлы қоныс аудару кезеңі)

а) Ғұндар дәуірі

б) Көне түріктер дәуірі

в) Алтын Орда

Жаңа заман (Қазақ хандығы құрылған уақыт)

а) 15-18 ғғ Қазақ хандығы

б) 19 ғ Қазақстан

в) 20 ғ Қазақстан

Slide 13

Ерте палеолит дәуірі 800-140 мыңжылдықтар

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталады. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылады. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды.

Қоғамдық ұйым-адамдар тобыры.

Негізгі тіршіліктері-аң аулау, терімшілік.

Slide 14

Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

Оңтүстік Қазақстан

Бөріқазған, Тәңрқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасудан 15 мың тас бұйымдарын тапты.

Орталық Қазақстан

Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы.

Шығыс Қазақстан

Қозыбай

Батыс Қазақстан

Шабақтысай, Сарытас.

Slide 15

Ерте палеолиттің кескіш құралдары

Қол шапқы, жұмыр тас, чоппер, чоппинг, шапқыш, тастан, сүйектен жасалған сыналарды қолдана бастады. Екіжүзді кескіш құралдары табылған жері

Оңтүстік Қазақстан.

Slide 16

Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіре түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі- нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус) шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшақтарын алу. Қырғыш - негізгі құрал. Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Мустьер кезеңнің археологиялық ескеркіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі- Обалысай тұрағы.

Орта палеолит дәуірі 140-40 мыңжылдықтар

Slide 17

Оңтүстік Қазақстан

Ш. Уалиханов атындағы тұрақ, Тоқалы, Қызылрысбек, Үшбұлақ

Орталық Қазақстан

Обалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая

Батыс Қазақстан

Өніжек, Аққыр, Құмақаж

Шығыс Қазақстан

Бөдене, Қызылсу

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 18

Кейінгі палеолит дәуірі 40-12 мыңжылдықтар

Қазіргі заман адамының пайда болуы. Нәсілдіктің және рулық қауымдастықтың құрылуы. Қолдан салынған баспаналарда тұрды, тас бетіне жануарлардың суретін салу пайда болды. Кейінгі палеолит еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді.

Бір нуклеустан бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа өткір тіліктер алынды (пышақ тіліктер) . Тас өңдеу әдістері де жетілдіріп, тастарды түзету арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік.

Осы кезеңде еңбек құралдарының 20-ға тарта түрі бар. Болас- оқ есебінде қолданылатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Кескіштер, тескіштер, сабы ағаш, ұшы тастан немесе сүйектен жасалған найза, қысқа найза, сүңгілерді пайдаланды.

Slide 19

Оңтүстік Қазақстан

Ащысай, Үсіктас

Орталық Қазақстан

Батпақ, Қарабас, Агренсор

Батыс Қазақстан

Аққыр, Шақпақата, Өніжек

Шығыс Қазақстан

Свинчатка, Шульбинка, Пещерь, Қанай

Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 20

1. Бұқтырма өзені бойындағы соңғы палеолиттік үңгір тұрағы Шығыс Қазақстан.

2. Соңғы палеолит құралдары

Slide 21

Мезолит дәуірі 12-5 мыңжылдықтар

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.

Аңшылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап тапты. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Тас өңдеу әдісі жетілдіріп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты.

Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте- бірте Америка материгі. Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікке Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің бойына қоныс аударды.

Slide 22

Солтүстік Қазақстан

Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.

Орталық Қазақстан

Әкімбек, Қарағанды

Мезолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 23

Неолит дәуірі 5-3 мыңжылдықтар

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі өнімді еңбектің пайда болуы. Бұл кезең тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық тас сыналар жасау. Тастың тұтқыр түрлеріне балта, кетпен, келі-келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады. Қазақстан жерінде 600-ден астам неолиттік және энолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Бұлақ бойындағы тұрақтар.

2. Өзен жағасындағы тұрақтар,

3. Көл жиегіндегі тұрақтар.

4. Үңгірдегі тұрақтар.

Slide 24

Арал маңы

Сексеуіл, Ақеспе

Оңтүстік Қазақстан

Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ

Шығыс Қазақстан

Нарым, Қызылсу, Сатшықыз

Солтүстік Қазақстан

Қараторым, Иман- Бұрлық, Дамсы, Ботай

Батыс Қазақстан

Тоқсанбай, Сам, Көктөбе, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс

Орталық Қазақсан

Қосқұдық, Ырғыз, Қаратоғай, Батпақ

Солтүстік - батыс Қазақстан

Явленка, Карлуга, Боголюбово, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Амангелді

Неолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 25

1. Неолиттік тас құралдар: астық үккіш, дән үккіштер, соқа.

2. Неолит дәуірінде тастан, сүйектен, керамикадан жасалған заттар.

Slide 26

Қола дәуірі 2-1 мыңжылдықтар

Б. з. б II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасады. Адамзаттың алғаш игерген металы - қола. Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдарын ығыстырған кезең- қола дәуірі (б. з. б 2-1 мыңжылдықтар)

Қола дәуірінің кезеңдері:

1) Ерте қола дәуірі (феодоров кезеңі) - б. з. б XVII - XV ғасырлар

2) Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі) - б. з. б XV - XIII ғасырлар

3) Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі) - б. з. б XIII - VIII ғасыолар.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Қазақ мәдениеті өркениеттік болмысы
Соңғы палеолит құралдары
Тас дәуірінің кезеңдері
Психология ғылымының тың серпілістері
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Психологияның даму тарихы туралы ақпарат
Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz