Табиғат - біздің өміріміздің сәні


Slide 1

Оқушыларға эстетикалық тәрбие

берудегі ұлттық өнердің рөлі

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі.

Slide 2

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсімдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабіле-тін, қажетсінуін қалыптастырады

Slide 3

Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:

• Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер.

• Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т. б.

• Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.

• Ауыз әдебиеті.

Slide 4

Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады

Slide 5

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.

Slide 6

Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Slide 7

Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.

Slide 8

Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк -жасыл орман - тоғай, сылдыраған су, шексіз - түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.

Slide 9

Табиғат - біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.

Slide 10

Халық шеберлері ою - өрнек салу тәсілін бел-гілі - бір ізбен қалып-тастыруда өз өнерін үз-діксіз жетілдіру жолы-мен кейбір ою -өрнек-тердің композициясы-на, әшекейлейтін зат-тардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырады

Slide 11

Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай, оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы

Slide 12

Бейнелеу өнері -ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген. Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер. Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез -келген ыдыс -аяқтан немесе басқа да затттардан құралады.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Slide 16 Slide 17

Қорыта келгенде оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒЫ РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Жүректен - жүрекке шеңбері
Тіл болмыстың үйі
Бурабай көлі
Жануарлар дүниесін қорғау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Көктем сәні. 3 сынып
Бөлме гүлдеріне арналған тыңайтқыштар
Психология негіздері
Болашақ физика мұғалімдерін цифрландыру жағдайында механика курсын оқытуға даярлау әдістемесі
Құстардың қысқы тіршілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz