Мұғалімнің көшбасшылығы: тұлғалық және кәсіби қасиеттері, маңызы мен мектептегі қолдауы


Slide 1

«Көшбасшылық»

Дайындаған: Нуртуғанова Ж.

Тексерген: Турганалиева Г.

Slide 2

Көшбасшы деген кім?

Көшбасшы - басқа адамдарды бір ортаға біріктіріп, бір мақсатқа жетелей алушы, яғни көшті бастай білуші тұлға.

Slide 3

Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Көшбасшы үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан, өз-өзіне толықтай сенімді, бастамашыл, айналасындағыларға ықпал ете алатын, мақсатына жету жолындағы күш қайраты мол және топтың ыдырауына қарсы тұра білетін, жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын жан.

Slide 4

Көшбасшылық мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?

Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп қана қоймай, мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастықты, кәсіби даму мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді.

Slide 5

Көшбасшының тұлғалық қасиеті

жауапкершілікке аса қажеттілік;

ұйымдастырушылық;

міндеттерді аяқтауды бағдарлау;

мақсаттарға қол жеткізудегі күш пен табандылық;

мəселелерді шешудегі батылдық пен өзіндік ерекшелік; - өзіне сенімділік;

өзін-өзі тану;

өз шешімдері мен əрекеттері салдарын қабылдауға дайындық;

сəтсіздікке төтеп беруге дайындық;

басқа адамдардың мінез-құлқына əсер ету қабілеті;

алға қойылған мақсатқа сəйкес əлеуметтік жүйелерді құру қабілеті

Slide 6

Оқытушының кәсіби қасиеттерін ретімен жазыңыз?

Оқытушының кәсіби қасиеттері:

еңбексүйгіштік;

жұмысқа қабілеттілік;

жауапкершілік;

мақсат қою әрі оған жету;

өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;

психологиялық даярлығының болуы;

кең, мәдени ой-өрісінің болуы;

педагогикалық шеберлігі, техникасы, тактісі

жағдайға жедел реакция, тапқырлық;

Slide 7

Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс - әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?

жаңа идеялар, тәсілдер табуда ойдың шектелуі;

оқушылардың мұғалімді көшбасшы ретінде мойындамауы;

дұрыс қарым-қатынас орната алмауы;

адамдардың қажеттіліктерін ескермеуі;

көшбасшылық теориясын жетік білмеуі.

Slide 8

Сіз қайда көшбасшы бола аласыз?

Мен мектепте көшбасшы мұғалім бола аламын деп сенемін. Ол үшін өзімді жан-жақты дамытып, алдағы педагогикалық тәжірибеде өзімді “көшбасшы” ретінде сынамақпын.

Slide 9

Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі - көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?

Себебі, көшбасшылық қабілеті бар педагог - оқушыларды бір мақсатқа ұмтылдыра отырып, өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, өз беделінің көмегімен өзгелерге айтқанын істете біледі. Осылайша, басқаларға үлгі бола алады.

Slide 10

Оқу - тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?

Көшбасшы оқыту мен оқу үдерісін жақсарту үшін мына тәсілдер арқылы белсенді рөл атқаруы қажет: мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі өткізу және өткізуге жағдай жасау, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу. Көшбасшылар сонымен қатар оқу үдерісін басқара отырып, мектептен тыс жақтан келетін белгілер мен үдерістерді тани және түсіне білулері керек. Мысалы: ата-аналар мен оқушылардың үміттері, қажеттіліктері; сондай-ақ олар сырт қатысушылардың олардың мектебі барлық критерийлерге қатысты өз жұмысын жақсы орындап жатқанына сенімді болғанын қадағалап отыруы керек.

Slide 11

Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз? Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?

Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қосыламын. Себебі, қолдау болса оқытушы да іс-әрекеттерін сенімді түрде жүзеге асырады, әрі ұжымға да үлгі бола алады.

Мен көшбасшы оқытушыға көмегімді оған оқушы ретінде оны көшбасшы ретінде мойындап, оқушылардың өзара ауызбіршілігін орнатуға тырысатын және кез-келген тапсырмасын қалтқысыз орындайтын едім. Ал мұғалім ретінде көшбасшы оқытушыға қолдау көрсетер едім.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған мектептегі мұғалімнің кәсіби бейнесі
Мұғалім көшбасшылығы мен мектептегі ұжымдық көшбасшылық: анықтама, қасиеттер және қолдану
Мұғалімнің көшбасшылығы: фасилитациялық әдістер мен дағдылар
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, субъектілік қасиеттері және педагогикалық деонтологиясы
Lesson Study әдістемесі: мұғалім көшбасшылығы мен кәсіби қоғамдастық арқылы оқытуды жетілдіру
Педагогикалық іс-әрекет: пайда болуы, құрылымы және мұғалімнің кәсіби қасиеттері
Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портреті мен кәсіби имиджі
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту
Кәсіби бағдарланған тұлғаның психологиясы және мұғалімнің кәсіби дамуы
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: құрылымы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz