Гиперактивті балалар


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

6B01901 - Арнайы педагогика

Орындаған: Қазбек Н.

Тексерген: Оспанова А. С

Тапсырма:

Гиперактивті балалар. Қорқыныштар. «Жеке бастылық» феномені. Өзін-өзі қорғау сезімінің бұзылуы

Slide 2

Гипербелсенді бала - өте көп қимылдайтын,

шаршауды білмейтін,

айтқанға көне бермейтін басқа балалардан

Мінез-құлқымен қимылы өзгеше балалар.

Slide 3

Гипербелсенді балалармен жұмыс жасау, дене күш және жан күшін көп қажет етеді, бірақ қандай жұмыс болмасын баланың белсенділігі болу керек емес, керсінше тәртіп, білім ережелерін меңгеруге көмек көрсету керек. Біз барлық гипербелсенді балалармен жұмыс жүргізуде, екі нәрсеге сүйенеміз.

Олардың «дегенімен» жүруге болмайды, еркін жүретін болсақ - аласапыранның күшеюіне апарады.

Бірақ сол мезгілде баланың қолынан келмейтін нәрселерді талап етуге болмайды, қарсылыққа апарады.

Ал балаға ең ұнамсыз - ол өз-өзіне жаман тәртіпсіз деген қарым қатынас.

Гипербелсенді балалармен жұмыс жасаудың 4 бағыты. Артық қобалжуды түсіру және артық белсенділікті арттыру.

Slide 4

Гипербелсенді балалармен жұмыс жасаудың 4 бағыты

Олар үшін көзбе-көз тактикалық қарым-қатынас маңызды. Баламен көзбе-көз қарым-қатынасты қамтамас ету керек

Артық қобалжуды түсіру және артық белсенділікті арттыру.

Назарын жаттықтыру.

Гипербелсенді балалардың мінездері сонымен қатар өзін-өзі бақылау назарының бұзылуы, олармен қарапайым ойындарын өткізу керек.

Гипербелсенді балаларды емдеуге денешынықтыру жақсы көмектеседі. Дене шынықтыру баланың жүйке жүйесін тыныштандырады.

Slide 5

Гипербелсенді балаларға ережелері бар ойындар көмектеседі. Оларға ойын және ережелерді өзің ойлап табасың, кейде педагог, бірақ көбінесе бала өзі. Мысалы: допты жерге соғып оны қағып алып, шапалақ соғып қайта лақтыру керек т. б ойындар. Ритмнен жаңылмаған жеңімпаз атанады. Тағы бір ойынның үлгісі:алаңның бас жағына жүгіріп жетіп 3-5 рет отырып тұрып қайта жүгіріп келу. Осы ойындардың ережелері қарапайым бірақ, олар да жиі қиындыққа соғады. Қандай ойын болмасын соңы жақсы болып аяқталу қажет. Белгілі бір әрекет жасау арқылы барлық қиыншылықты жеңе алатындығын балаға сезіндіру керек.

Назарын жаттықтыру үшін тағы осындай ойындар бар. Мысалы: «Тек ағаштан жасалған затты тап», «Тек жасыл заттарды тап». «Күн мен түн», «Не өзгерді», «Ұқсастығы, айырмашылығы қандай?»

Slide 6

Біз әрқашан гипербелсенді балаларды тәртіпке шақырамыз. Ол өз назарын істеп жатқан жұмысын тез басқа нәрсеге ауыстыра салады. Осы кезде балаға ақыл үйретіп, қатты ұрыс айтудың қажеті жоқ. Ондай тәсілдің мұндайда пайдасы жоқ. Біз осындайда әрқашан жанында болуына тырысуымыз керек.

Балалар далаға шығу үшін киініп жатыр сол кезде педагог: «Балалар айналаға қараңдаршы барлығы дұрыс па? Ал енді бір-бірлеріңе қараңдар, бір-бірлеріңе көмектесіңдер» ол бір жағынан ұқыптылық, бір жағынан назарын жаттықтырады. Қыдырып келгеннен кейін гипербелсенді балаларды біз өзімізге көмекші ретінде аламыз

Slide 7

Баланы қадағалау. Гипербелсенді балалар ағынмен жүзіп жүре бергендер. Олардың ойлары ауыспалы. Олар бір заттан, бір затқа ұшып қонғандар. Бір нәрсеге ұзақ көңіл қоя бермейді. Егер де, балаңыз бір нәрсеге, затқа көп ұзақ көңіл бөліп қараса, қызықтырған заты туралы сұрастырып неге қызықтырғанын ол туралы айтып берші деп әңгіме жүргізу керек. Бала қызықтырған заттарын айтып неге көп көңіл бөлгенін нақтылап айтады. Барлық айтылған кеңестер баланы гипербелсенділіктен айырмайды, бірақ оның жүріс -тұрысын қадағалайды.


Ұқсас жұмыстар
Эмоциялық-ерік сферасының бұзылыстары
Эмоциялық сфера
Гипербелсенді бала әдістемесі
Надропарин кальция - Профилактикалық доза, тері астына
Митогенді факторлар мен өсуді тежеуші сигналдардың клетканың бөлінуіне әсері
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
МШБ көмек көрсететін мекемелер
БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Балалардың денсаулық топтары және оларды анықтаудың критерийлері
Балаларға арналған ақуызды сүт өнімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz