Витаминтәрізді заттар


Slide 1

Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер

Орындаған:Ерназарова Л. Н.

Тексерген: Ерменбек П. Т.

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе:

ІІ Негізгі бөлім

1. Витаминдер туралы жалпы түсінік

2. Витаминдердің классификациясы

3. Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар

4. Гипервитаминоздар

5ІІІ Қортынды

IV Пайдаланған әдебиеттер) :

Slide 3

Витаминдердің классификациясы

Slide 4

Витамин тәрізді заттар:Пангам қышқылы

(В15), Орот қышқылы(В13), Витамин U,

Холин(В4), Биофлавоноидтар, Карнитин, Липой қышқылы, Инозит(В8), Парааминбензой қышқылы.

Slide 5

Инозит

Тышқандарға жасалған тәжірибе арқылы тағамда, суда еритін бір зат болмағанда бойдың өспеуі, жүннің түсуі, бауырда холестерин жиналып, майланатындығы анықталды. Ал тағамға бауырдан бөлініп алынған сөлді қосқанда жоғарыдағы келтірілген құбылыстар байқалмаған. Ол зат инозиттің фосфорлы эфирі екендігі анықталды. Инозитфосфор қышқылының тұзы - фитинде де витаминдік қасиет бар.

Химиялық тұрғыдан инозит - циклогексанның алты атомдық спирті:

Инозит табиғатта кең тараған, ол барлық өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында кездеседі.

Биомедициналық қызметі

Инозиттің биологиялық ролін фосфолипидтердің алмасуы­мен байланыстырады, себебі ол малдардың бауырын майлану­дан сақтап, липотроптық қызмет атқарады. Бұны белоксыз диетада болған малдардан және бауырында ісігі бар ауру адамдардан байқауға болады. Инозитті мидың кефалиндерінен де тапқан, бірақ оның физиологиялық маңызы әлі белгісіз.

Slide 6

Парааминобензой қышқылы

Парааминобензой қышқылы фоль қышқылының құрамына енеді және витаминге ұқсас заттардың қатарына жатады:

Парааминбензой қышқылы (ПАБҚ) микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне әсер ететін фактор екендігі белгілі. Қазіргі кезде оның көптеген организмдерге жан-жақты әсер ететіндігі анықта­лды. Парааминобензой қышқылының коферменттік ролі белгісіз, сондықтан оның функциясы тек фоль қышқылының синтезіне қатысуымен шектеледі деп есептеледі. Оның пурин мен пири­мидин негіздерінің, соған байланысты нуклеин қышқылдарының синтезіне ықпалын жоғарыда айтқандармен байланыстырады. Парааминобензой қышқылы шаш пен жүннің пигментациясына әсері, сондай-ақ, кейбір гормондардың функциясына (адреналин­нің тотығу процесі, қалқанша бездің қызметі) ықпалы бар, екендігі организмнің оттегі жетіспеуіне шыдамдылығын арттыратыны, тәжірибеде атеросклерозды тежейтіні белгілі болды.

Slide 7

В4 витамині (холин)

Бұл затты1892 жылы Стрекер өттен бөліп алып холин деп атайды. Ол ерте кезден белгілі болса да, витаминдерге ұқсас заттардың қатарына кейін ғана енгізілді.

Химиялық құрылысы тұрғы­сынан холин - азотында үш метил тобы бар этиламин спирті. Ол суда, спиртте жақсы еритін, түссіз, жабысқақ сұйық зат. Адам организміне қажетті мөлшері әлі белгісіз. Холиннің тағам көздері: жұмыртқаның сарысы, бауыр, бүй­рек, ет, балық, қырыққабат, қытай бұршақ, ас бұршақ, ашыт­қылар.

Биомедициналық қызметі

1867 ж. К. Дьяков жұмыртқа сарысынан және ми ұлпаларынан бөлінген күрделі органикалық қосылыс фосфатидилхолиннің құрамына енетіндігін анықтағаннан кейін ғана оның биологиялық қызметі белгілі болды.

Slide 8

Холин жүйке жүйесінде жүйке қозуын одан әрі жалғастырушы медиатор ацетилхолиннің құрамына енеді, ол трансметилдену реакцияларына, метиониннің, пуриндік және мен пиримидиндік нуклеотид­тердің, фосфолипидтердің биосинтезіне қатысады. Организмде холиннің синтезіэтиламиннің қатысуымен өтеді, ал этиламин болса, метиониннің метил тобы, серин мен глицин және В12, Вс, С витаминдерінің қатысуымен түзіледі. Сондықтан холиннің жетіспеуі рациондағы белоктың, В12 және Вс, С витаминдерінің мөлшеріне байланысты. Холин бауырды майланудан сақтайды, ішектердің жиырылуына, май­лардың ішекте сорылуына әсер етеді, ол, сондай-ақ, адреналин, креатин, метионин секілді биологиялық әрекетшілзаттардың түзілуіндегі метил топтарының берушісі. Организмде холин тотығып бетаинге айналады.

Slide 9

Бетаин өсімдіктерде кездеседі, ол алғаш рет қызылша шырынынан бөлініп алынды.

Холин авитаминозының белгілері

Организмде холин жетіспегенде бауыр майланып, бүйрекке қан кетеді, протромбиннің синтезі төмендейді, сезім түйсігі өзгереді, малдардың өсіп-өнуі нашарлайды. Қалыпты жағдайда организмде холин керекті мөлшерде түзіледі. Құстар, әсіресе, тауықтар жұмыртқалайтын кезде холиндіқажетсінеді.

Slide 10

Липой қышқылы

1950 жылдары бауыр ұлпалары мен ашытқыда сүт бакте­рияларын өсіретін фактордың бар екендігі оның сол кездегі белгілі және кейбір стрептокок­ктардың бұл затты өсу факторы ретінде қажетсінетіндігі анықта­лады. Кристалды түрде бұл фактор: L -липой (1, 2 - дитиолан - 3 - валериан) қышқылы:

Липой қышқылы тотыққан және тотықсызданған түрінде бола алады. Организмдегі негізгі атқаратын қызметі - α - кетоқыш­ реакцияларына қатысуы (пиро­жүзім және α - кетоглутар қышқылдары) . Липой қышқылы тиаминпирофосфат және КоА мен қатарпируват- және кетоглу­таратдегидрогеназалық күрделі мультиферменттік жүйеге простетикалық топ ретінде енеді. Бұл қышқылдың жануарларда, өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделу механизмі әлі белгісіз.

Slide 11

Орот қышқылы

Орот қышқылын микроорганизмдер мен малдардың тез өсу­іне ықпалды екендігі анықталғаннан кейін витамин тәріздес зат­тардың қатарына жатқызабастады.

Химиялық тұрғыдан орот қышқылы - урацил-4-карбон қыш­қылы:

Нуклеин қышқылдарының құрамына енетін пиримидин не­гіздері - цитозин, урацил, тимин - орот қышқылының туындылары екендігі белгілі болды, яғни, орот қышқылы нуклеин қышқылдарының түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, ол белоктардың, көмірсулар менмайлардың алмасуына, кейбір ферменттердің (ксантиноксидаза т. б. ) активтілігіне әсер етеді. Тәжірибе жүзінде орот қышқылының қантүйіршіктерінің (эритропоэз және лейкопоэз) көбеюіне, бауыр мен жүректегі реге­неративті процестердің жылдамдауына қатысы барлығыанық­талды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Өртке қарсы алдын ала шаралары
Қаптаушы заттар, адсорбциялаушы заттар
ҚР-ның Дәрілік заттар туралы Заңы
Электр қорғаныс заттар
Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар
Қылмыс заты
Дәрілік заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
Тітіркендіргіш дәрілік заттар
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz