Іштің бұлшық еттері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Биология кафедрасы
Жаратылыстану-математика факультеті

Адам анатомиясы
Іштің бұлшық еттері

Орындаған: Рүстемұлы Мират
Тексерген: Жуманиязова А. Ж
Жоспары:

1. Бұлшық еттердің анатомиялық бөліктері мен
атқаратын қызметтері
2. Іш бұлшық еттерінің түрлері
Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет (musculus) мүше ретінде үш
бөліктен тұрады. Олар: бұлшық еттің басы (caput musculi), бұлшық еттің құрсағы
(venter musculi) және бұлшық еттің құйрығы (cauda musculi). Бұлшық еттің басы
— қозғалмайтын сүйектен басталатын сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет
талшықтарынан тұратын бұлшық еттің ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу
қызметін атқарады. Бұлшық еттің құйрығы деп - екінші қозғалатын сүйекте
аяқталатын оның сіңір бөлігін айтады.
Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе-теңдігін сақтаумен
қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және
тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар қанмен келген
органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) құрамындағы химиялық
қуаттың (энергияның) 70,0 % -ын жылу энергиясына, тек 30,0 %-ын ғана
механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге қатысады.
Біліктік қаңқаның бұлшық еттері өз
кезегінде: бастың, тұлғаның және
құйрықтың бұлшық еттер
топтарына бөлінеді. Тұлғаның
бұлшық еттері төрт бұлшық еттер
топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық
белдеуінің бұлшық еттері немесе
алдыңғы аяқты тұлға мен бас
аумақтарына бекітетін бұлшық
еттер; 2. Омыртқа бағанының
бұлшық еттері; 3. Көкірек керегесінің
бұлшық еттері; 4. Құрсақ
қабырғасының бұлшық еттері.
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті бесінші және
алтыншы қабырғалардан бастап, соңғы
қабырғаға дейінгі, олардың төменгі төссүйектік
ұштарының сыртқы жиектерінен басталып,
етті бөлігі сербекке қосымша бекиді. Одан соң ол
каудо-вентральды жаққа қарай қиғаштала
бағытталып, жалпақ сіңірге (апоневроз —
лат.ароneurosis) айналады да, бекіп аяқталатын
аумақтарына сәйкес құрсақ, сан, жамбас
бөліктеріне бөлінеді. Жалпақ сіңірдің құрсақ
бөлігі қарсы жақтың аттас сіңірімен қосыльш,
құрсақтың төменгі бетіндегі ақсызықты
құрайды. Апоневроздың жамбас бөлігі мықын
және шат сүйектерге бекиді. Сан бөлігі шат
төмпегінен басталып, ортан жіліктің
медиальды бетіндегі шандырмен қосылып кетеді
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті құрсақтың бүйір
қабырғасының ортаңғы ет қабатын құрайды. Ол
сербектен басталып, бұлшық еттік бөлігі қабырға
доғасының ішкі бетіне бекіп, бұлшық еттің
жалпақ шандыры құрсақтың вентральды бетінде
қарсы жақтың аттас бұлшық еті шандырымен
байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Еркек
жануарларда аталмыш бұлшық еттің каудальды
жиегінде шап өзегінің ішкі сақинаша тесігі
орналасады.
Іштің тік бұлшық еті көкіректің тік бұлшық еті сіңірінен, төртінші және алтыншы қабырғалар
шеміршектерінен және төссүйектен басталып, құрсақтың вентральды бетіндегі ақсызықтың екі
қапталымен бойлай созылып, шат сүйектің шат қыры мен шат төмпегінде аяқталады.
Құрсақтың тік бұлшық еті құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттері аралығында
орналасады. Құрсақтың тік бұлшық етінде көлденең өтетін сіңірлі аралықтар болады. Жылқыда
бұл еттің соңғы бөлігінен жұмыр сіңір бөлініп, жамбас-ортан жілік буынына бағытталып, оның
қосымша байламына айналады да, ортан жілік басының шүңқырында аяқталады.
Іштің көлденең бұлшық еті бел омыртқалардың
көлденең өсінділерінен және қабырға доғасының ішкі
бетінен басталып, бұлшық еттің жалпақ сіңірі
қарсы жақтың аттас бұлшық еті сіңірімен
байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады.
Аталмыш бұлшық ет құрсақ қабырғасындағы
бұлшық еттердің ең ішкі қабаты.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кузенбаева Әмина Оспанқызы, Адам
анатомиясы, Алматы 2015 ж
2. А. Рақышев «Адам анатомия», 151-159,
200-212 беттер
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Кеуде бұлшық еті
Бұлшық еті
Бұлшық ет жүйесі
Гимнастика және атлетикалық дайындық
Құрсақтың алдыңғы қабырғасының қабаттары
Алдыңғы құрсақ қабырғасының қабаттары
Ауызда жағымсыз дәм сезіну
Патанатомиялық өзгерістері
ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ
Тері және шырышты қабатты қарау
Пәндер